Редакция таңдауы
2022 жылдың соңы мен 2023 жылдың басында Қазақстан Орталық Азия елдеріне астық тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырды. Былтырғы қазан айынан биылғы қаңтарға дейін қазақ теміржолшылары Сарыағаш шекаралық теміржол қақпасынан 4,3 млн тоннадан астам астық өткізіп үлгеріпті.
27 Ақпан, 2023
Шағын шаруашылықты кім сақтандырады?
Агросекторды сақтандырғысы келетін компаниялардың ықыласы тек ірі шаруашылықтарға ауып тұрғаны, Үкіметтің ауыл мен фермерге қатысты көзқарасы солардың жағдайына қарап қалыптасатыны осыған дейін айтылған. Ауыл шаруашылығындағы олардың үлесі – 4-5 пайыз. Ал қалған 95 пайыз қарамағында 10-15 гектар жері бар ұсақ фермерлердің үлесінде. «Ұсақ фермерлердің жағдайын кім ойлайды?» деген сұрақтың жауабы табылмағанына ондаған жылдар өтті.
27 Ақпан, 2023
Шағын бизнестің несиеге сұранысы төмендеді
Ұлттық банк IV тоқсанда банктер арасында жүргізілген сауалдама қорытындысын жариялады. Сауалдамаға екінші деңгейлі 19 банк қатысты. Шағын және орта бизнеске несие беру шарттарының қатаңдауына байланысты бизнес тарапынан кредитке сұраныс төмендеген. Несие шартының қатаңдауы сыйақы мөлшерлемесінің өсуіне байланысты болып отыр.
27 Ақпан, 2023
Applied Economics Research Centre (AERC) болжамынша, елімізде инфляцияның шарықтау шегі ақпан айында тіркелуі мүмкін. Бірақ әрі қарай қымбатшылық деңгейі біртіндеп баяулайды дейді отандық сарапшылар. Биыл қаңтарда инфляция деңгейі 20,7 пайыз болды. Елдегі баға өсіміне негізінен азық-түлік тауарлары (+25,7 пайыз) үлес қосты. AERC сарапшыларының айтуынша, жыл басталғалы жүріп жатқан сыртқы факторлар инфляция үшін керағар сипатқа ие болып отыр.
27 Ақпан, 2023
Жылумен қамтудың жаһандық тәжірибесі
Мамандар Екібастұз қаласының жылу электр орталығында ақаудың шығуына желілердің ескіргені себеп болғанын айтады. Ал халық жылу электр орталығына иелік еткен кәсіпкерге кінә артады. Осы оқиғадан соң, қазір Үкімет пен Бас прокуратура елдегі бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл істің дұрысы мен бұрысы – уақыт еншісінде. Ал біз тұрғын үйлерді жылытудағы әлем елдерінің тәжірибесін саралап көрелік.
27 Ақпан, 2023
Қолжазбалардағы зұлмат жылдар тарихы
Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қолжазба деректеріндегі – зұлмат заман тарихы» атты халықаралық ғылыми танымдық дөңгелек үстел өтті.
27 Ақпан, 2023
Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді
Жуырда белгілі ақын һәм білікті ғалым Бауыржан Жақыптың Алматыдағы «Әдебиет» баспасынан шыққан «Жүректен қозғайын» деп аталатын қомақты кітабы оқырманға жол тартты. Мұнда оның әдеби сын мақалалары мен әдеби портреттері, эсселер мен естеліктері топтастырылған.
27 Ақпан, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев қызылордалық студентке хат жолдады
Мемлекет басшысы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақжайық Тәжіге хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Ақпан, 2023
Сайлау-2023: ОСК құрамына тағы 52 байқаушы ұсынылды
Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушыларды тіркеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Ақпан, 2023
Қазақстаннан қай елге көп қаржы аударылды?
2022 жылы Қазақстаннан шетелге ақша аударымдары жүйесі (ААЖ) арқылы жіберілген қаражат көлемі 1 трлн теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
27 Ақпан, 2023
Серік Сәпиевпен жанжалдасқан спортшы кешірім сұрады
Алматыда өткен Batyrball сайысы кезінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен шекісіп қалған спортшы Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман боксшыдан кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
27 Ақпан, 2023
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
2023 жылдың наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Ақпан, 2023
Жетісуға жұмыс сапарымен Премьер-министр Әлихан Смайылов келді. Үкімет басшысы өңірдің көлік-логистикалық және агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту барысымен танысып, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
27 Ақпан, 2023
Ерекше балаларға қолжетімді спорт
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев боччадан Астана қалалық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты. Сайыс аталған паралимпиадалық спорт түрінен алғашқы жаттықтырушы және елордалық Бочча федерациясының бірінші президенті Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды.
27 Ақпан, 2023
«Ұлттық мүдде» – рухани құндылықтар алаңы
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Іс-шара «Әділетті Қазақстанның ортақ құндылықтары» тақырыбына арналды.
27 Ақпан, 2023
Ислам банкінің қаржылық мүмкіндіктері
Ислам діні табыс көзін іс-әрекетпен байланыстырады. Сол себепті жай банктің депозитінде жинақталған ақшалар секілді уақыттың өтуімен салымның пайыздық өсуіне жол бермейді. Өйткені ақша массасы көбейіп, соған сай өндіріс артпаса, түбінде ол инфляцияға әкеледі.Бұдан бөлек, несие қарызы – адамдардың иығына түскен ауыр жүк.
27 Ақпан, 2023
Елде коронавирус инфекцисы саябырлағанымен, қыс айларында тұмаудың өршитіні белгілі. Сондықтан дәрігерлер сырқаттың белгілері байқалса, бейқам жүрмей, дәрігерге жүгініп, аурудың алдын алу аса маңызды екенін ескертеді.
27 Ақпан, 2023
«Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі» дейміз. Олай болса, табиғатпен үндес аң-құс, жануарлар дүниесі, тіпті қыбырлағанның барлығы дерлік – қоршаған ортаның төл перзенті. Бізге дейінгі ғалымдардың еңбегіне, дәлелдеуді қажет етпейтін теорияларға талас жоқ. Мәселе жылдан-жылға қатары азайып жатқан жануарлар дүниесін сақтап қалуда болып тұр.
27 Ақпан, 2023
Қарызсыз халық – табысты халық
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидаттар Тазабек Самбетбай, Ирина Әлімжанова, Айдар Алибаев, бір мандатты округ бойынша кандидат Берік Ағыбаев «Ең биік шыңдарды еңсереміз» атты іс-шара өткізді.
26 Ақпан, 2023
«Байтақ» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қайрат Айтбай Түркістан облысына барды. Ол Түлкібас ауданына қарасты Рысқұл, Қожамберді, Көктерек, Түлкібас, Майтөбе, Көксағыз, Кемербастау, Елтай, Ақсу-Жабағылы елді мекендері тұрғындарымен және Ақсу-Жабағылы қорығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
26 Ақпан, 2023