Редакция таңдауы
Қаламгер Айгүл Ермектің «Жүрегім – Тайсойған» атты жинағына автордың сезім пернесін тап басқан өлеңдері мен бірқатар әңгімелері еніпті.
16 Қаңтар, 2023
Карин Фельнер: Поэзия – ешқандай шекараға қарамайтын ортақ тіл
Карин Фельнер – қазіргі неміс поэзиясының жарқын өкілі. Қазақстандағы Гете институтының «Grand Tour Zentralasien» атты жобасы аясында Карин ханыммен әңгімелесудің сәті түскен болатын.
16 Қаңтар, 2023
Ибраһим Құнанбайұлының Абайдан бөлек, бала күнгі тағы бір есімі Телғара болған деседі. Екі ананы (Ұлжан мен Айғыз) тел еміп өскен соң солай атаса керек. Абай – әжесі Зеренің қойған есімі. Абай – ес, жады деген мағынаға ие ұғым екенін Өзбекәлі Жәнібеков жазады: «біздің елде «бұл сөз халықтың абайында жоқ» – деген сөз бар», деп. Шынында да, Абай ұлттың ақыл-есіне айналды. «Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, тыңдағанда көңілдің өсері бар» деп басқа емес, хакімнің өзі айтады.
16 Қаңтар, 2023
Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші Айша Ғалымбаевадан кейін ойымызға бірден Гүлфайруз Исмайылова түседі. Қазіргі Санкт-Петербург қаласындағы И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген көрнекті қылқалам шебері отандық бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосты.
16 Қаңтар, 2023
Өнерде тарихты тақырып еткен суретшілер легі, әрине, Әбілхан Қастеевтен басталады. Қазақ даласындағы күйзелістерді шебер суреттеп, күллі одақты шулатқан Қанапия Телжановтың туындыларының өзі де бір дәуірдің даусына айналды. Кейінгі толқын Ерболат Төлепбаев, Бексейіт Түлкиев, Мұхит Қалымов, Жұмақын Қайранбаев, басқа да авторлар тарихи тақырыпта жазып жүргенін білеміз. Тіпті өнерге келген әр суретшінің осы кезеңнен өтуі заңды секілді. Бүгінгі кейіпкеріміз – Суретшілер одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Толқын Табысбек те қылқаламына ұлт тарихын тақырып етіп жүр.
16 Қаңтар, 2023
Осы күні онлайн-саудаға жүгінбейтін адам аз. Сұраныс болғандықтан шығар, онлайн-платформалардың да жұмыссыз отырған күні жоқ. Мәселен, елдегі ең ірі хабарландыру сервистерінің біріне жататын ОLX.kz-ке ай сайын шамамен 11 млн адам кіреді екен. Орташа есеппен әрбір 2 секунд сайын сервисте жаңа хабарландыру пайда болады. Әрбір екінші тұрғын ОLX.kz-ке айына кемінде бір рет кіреді екен.
16 Қаңтар, 2023
Аяқкиім нарығындағы цифрлық таңбалау
2021 жылдың қарашасынан бастап Қазақстанда аяқкиімді цифрлық таңбалау енгізілді. Кейбір кәсіпкерлер жаңашылдықты сынап, таңбалау аяқкиім құнының қымбаттауына әкеліп соқтыратынын айтады.
16 Қаңтар, 2023
Әлемде және елімізде хайуанаттар бағы азайып келеді. Мәселен, 2018 жылы Қазақстанда олардың саны 20 болса, 2019 жылы – 18, 2020 жылы 16 болған-ды. Сондай-ақ хайуанаттар бағындағы жануарлар, құстар мен балықтардың саны бір жылда 29%-ға қысқарды. 2022 жылы 13 зообақ жұмыс істеді, оның алтауы – жануарларды ұстап көруге мүмкіндік беретін мекеме. Energyprom.kz мәліметінше, қазіргі уақытта хайуанаттар бағы Қазақстанның сегіз өңірінде ғана бар, оның ішінде сегіз хайуанаттар бағы – шағын бизнеске, үш зообақ – орта бизнеске, екі мекеме ірі бизнеске тиесілі.
16 Қаңтар, 2023
Қара алтынның құт қамбасы саналатын Атырау топырағының даңқты перзенті, ардагер мұнайшы Ембі кеніштерінің ашылуына атсалысқан белгілі геолог, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Орынғазы Есқазиев бақиға озды деген қаралы хабарды естіп, дәуір көшкендей күйде отырмын.
16 Қаңтар, 2023
Алтын Орда ұлысының атақты хандарының бірі – Тоқтамыс. Қазақтың үлкен жазушысы Ілияс Есенберлин: «Үз-Темірдің екінші баласы Саржадан Қоншақ, Қоншақтан Тұғылық қожа, Тұғылық қожадан Тай қожа туады. Осы Тай қожаның бәйбішесі қоңырат Қотан Күншек сұлудан болашақ Алтын орда ханы Тоқтамыс туған» деп жазады («Алтын Орда» роман-трилогиясы. Алматы, 2021. – 397 б).
16 Қаңтар, 2023
Президент Непал Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
16 Қаңтар, 2023
Қазақстан сутегін экспорттаушылардың алғашқы ондығына кіре алады
Бұл туралы халықаралық сарапшылар айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.
16 Қаңтар, 2023
Президент колумбиялық мектепке БАӘ-нің жаһандық сыйлығын табыстады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммиті аясында Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қаңтар, 2023
Сенат сайлауының қорытындысы жарияланды
Орталық сайлау комиссиясы 14 қаңтарда өткен Сенат сайлауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2023
ҰҚК заңсыз қару сатқан полицейлердің жолын кесті
Қару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен айналысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың көмекшілеріне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
16 Қаңтар, 2023
«Алтын Орданың» экс-басшыларына халықаралық іздеу жарияланды
Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығының мүшелеріне халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі мысалында мемлекет пен АӨК арасындағы табысты өзара іс-қимыл жобалары 2022 жылғы 12 қаңтарда Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің еліміздің ең ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері компанияларының, салалық қауымдастықтарының өкілдерімен өткізген кезекті іскерлік таңғы асында таныстырылды.
16 Қаңтар, 2023
Қоғамды елдік істерге ұйыстыру айқындалды
Өткен жұмада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиын барысында салаға жауапты ведомствоның 2022 жылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспары баяндалды.
15 Қаңтар, 2023
Бұрын белгіленген газ бағасын өзгеріссіз қалдыру туралы талап осы жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының көліктерге арналған сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы бағасын реттеуді ұзарту туралы бұйрығы 2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап күшіне енді.
15 Қаңтар, 2023
Аудандағы қазақ газеттерінің бағы неге жанбай тұр?
Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданылуы, беделі туралы ұлт жанашырлары айтып та, жазып та жүр. Бірақ одан ешқандай оң өзгеріс байқалмайды. Өйткені тілге қажеттілік тумай оның қолдану аясы кеңеймейді.
15 Қаңтар, 2023