Редакция таңдауы
Украинадағы қазақстандықтар үшін арнайы рейс ұйымдастырылады
Air Astana авиакомпаниясы Украинадағы қазақстандықтарды Польшадағы Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейспен шығарады. Рейстің ұшуы 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-ге жоспраланған, деп хабарлайды Egemen.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Ақпан, 2022
Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы басталды
Бүгін елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Ақпан, 2022
KASE Қазақстан қор биржасы 11.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 472,24 теңгені құрап, тағы 6,23 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Ақпан, 2022
ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Анапияұлы Тілепов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
25 Ақпан, 2022
Цифрлы құжаттарды пайдалануға болады
EGov mobile қосымшасының «Цифрлы құжаттар» сервисінің нәтижесінде «Қазпошта» АҚ клиенттері енді жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлы аналогы бойынша сәлемдемелерді қабылдап, жібере алады.
24 Ақпан, 2022
Бал тілді, бала мінезді талант
Қырықтың қырқасына шығар-шықпастан жарық дүниемен қоштасқан қыршын талант Жақан Смақовтың қазақ әдебиетінде, оның ішінде балалар әдебиетінде өзіндік орны бар. Бар ғұмырын бөбектер бақытын жырлауға арнаған аяулы ақын жөнінде кезінде М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев сияқты қазақ жырының қарқаралары жылы лебіз білдірген.
24 Ақпан, 2022
Елден сұрапыл хабар жеткен. Өткен жылы көшіп келген Жеткергеннің үй орманын өрт шалыпты. Оқиғаның қалай өрбігенін, өрттің неден шыққанын әлі ешкім тіс жарып айтқан жоқ. Тек қыстың көзі қырауда қиын болған екен десті жұрт.
24 Ақпан, 2022
Бақыт Сәрсекбаев: Жалаң ұранмен бокстың деңгейін көтеру мүмкін емес
Осыдан тура жарты ғасыр бұрын, яғни 1972 жылы Мюнхенде алауы тұтанған жазғы ойындарда баскетболшы Әлжан Жармұхамедов Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, оның есімі төртжылдықтың басты додасында бас жүлдені олжалаған тұңғыш қазақ спортшысы ретінде тарихта қалды. Ол Ташкент облысына қарасты Бостандық ауданындағы Табақсай ауылында дүниеге келді. Негізі бұл шұрайлы жерді ғасырлар бойы ата-бабаларымыз мекендеген еді. Бірақ 1956 жылы КСРО-ның басшысы Никита Хрущевтің солақай саясатының салдарынан бұл аймақ Өзбекстанның меншігіне өтті. Араға дәл 36 жыл салып Әлжан Мүсірбекұлының кіндік қаны тамған Табақсайдан тағы бір Олимпия ойындарының жеңімпазы шықты. Ол – 2008 жылы Бейжіңде өткен байрақты бәсекеде қарсыластарын қоғадай жапырып, алтын тұғырға көтерілген боксшы Бақыт Сәрсекбаев.
24 Ақпан, 2022
Жалпы, барлық адамның тағдыры естелікке толы. Естелікте сыр да, мұң да, шер де бар. Ең бастысы, мұнда замандар лебі, дәуірлер шындығы болады. Қазақ әдебиеті тарихының бір бөлігін негізінен естеліктер құрайды. Әдебиетшілердің әңгімелеріне зер салсақ, қазақ ұлтының басынан өткен кешегі қилы кезеңдер көрінісі, әртүрлі мінездердің жиынтығы, жалпы, сол уақыттың тынысы естеліктерінен анық сезіледі. Алаш арыстарын шетінен жазықсыз атып, жер аударған, тағдырын нақақ қиған қилы кезеңнің де шежіресін әдебиетшілер жазды. Қазақ даласында бірнеше жылға созылған саяси сүргін кезінде жер аударылған академик-сыншы Мұхамеджан Қаратаев туралы екі естелік те ардагер тұлғаның тауқыметке толы тағдырының бір бөлігінен сыр шертеді.
24 Ақпан, 2022
Украина аумағындағы соғыс өрті
Украина аумағында соғыс өрті тұтанды. Ресей «арнайы әскери операцияға» кірісті. АҚШ бастаған Батыс елдері Ресейге қарсы әзірге санкция салу мәселесін айтып, сөзбен ғана «қарсы шабуыл жасап» отыр. Қазіргі таңда қарулы қақтығыс бірқатар аймақта жүріп жатыр. Украина президенті Володимир Зеленский Ресеймен дипломатиялық қатынасты тоқтататынын мәлімдеді.
24 Ақпан, 2022
Утиль алымы: Қазақстанда құрастырылған техникаға төленбейді
Елімізде утиль алымына қатысты дау-дамай әлі де басылған жоқ. Үкімет мұндай алым түрін 50%-ға дейін төмендеткенімен, оны толық түсінбей жатқан отандастарымыз бар. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында осы мәселе көтеріліп, өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлеріне утиль алымының мөлшерлемесін төмендетуге қатысты орамды ой-пікір айтылды.
24 Ақпан, 2022
Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
24 Ақпан, 2022
Бас прокурордың орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
24 Ақпан, 2022
Киевте Ресейдің 6 ұшағы жойылды
Бейсенбі күні түстен кейін Украина Қарулы Күштері Ресей Аэроғарыш күштерінің алтыншы әскери ұшағы жойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
24 Ақпан, 2022
Мәскеу биржасында сауда-саттық Донбастағы әскери операцияның басталуына байланысты құлдырау салдарынан тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2022
Ерлан Қарин шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді
Мемлекеттік хатшы шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
24 Ақпан, 2022
Елімізде жылу бағасы арзандады
ҚР Энергетика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті еліміздің бірқатар өңірлерінде жылу тарифтерінің төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
24 Ақпан, 2022
Қымбат көліктерді жеңілдетілген пайызбен алуға бола ма?
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие тақырыбы төңірегіндегі бірнеше жалған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2022
СІМ: Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады
Украинада орын алған оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі біздің азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Ақпан, 2022
Елорданың айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2022