Редакция таңдауы
Шыңғырлаудағы 1916 жыл оқиғасы
Жақында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында болғанымызда, Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінен төмендегі материалды көріп қалдық. Бір қызығы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 10 жылдығы тұсында, яғни 1926 жылы оқиға куәгерлерінің естелігі жинақталған екен. Қазақ даласын түгел қамтыған толқу Батыс Қазақстан облысында да ерекше болған. Әсіресе, Шыңғырлау өңірінде болыс пен писардың өліміне ұласқан көтеріліс басшылары Орал түрмесінде өлім жазасына тартылған болатын. Биыл 105 жыл толған осы оқиға туралы сол кездегі Орал губерниясы Елек уезі Қарашығанақ мектебінің мұғалімі Әділгерей Иманұлы жазып қалдырған естелікті (15 қазан, 1926 жыл) ұсынамыз. Жазбаны төте жазудан аударып оқыған – Ұлттық кітапхана Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкерлері.
25 Қараша, 2021
Германия үкіметін үш партия жасақтайды
Германияның келесі үкіметі желтоқсанның басында жасақталмақ. Бұл туралы парламентте коалиция құруға талпынып жатқан партиялар мәлімдеді. Осылайша, Социал-демократиялық партия (SDP), «Жасылдар» (Grune) және Еркін демократтар (FDP) бундестагтағы көпшілік саналмақ. Ал сайлауда жеңіске жеткен SDP партиясының өкілі Олаф Шольц канцлер лауазымына кіріседі.
25 Қараша, 2021
50 мамандық бойынша колледждерге қабылдау тоқтатылды - БҒМ
Білім және ғылым министрлігі сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты, деп жазады Egemen.kz БҒМ сілтеме жасап.
25 Қараша, 2021
«Егемен Қазақстан» мен «Қазпочта» АҚ басшылары меморандумға қол қойды
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деген Міржақып Дулатовтың сөзі бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Баспасөзге жазылу науқанында жүз жылдық тарихы бар еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстанды» оқырман қай кезде де жоғары бағалайтыны сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.
25 Қараша, 2021
Сәуле Омарова АҚШ-та жоғары лауазымға тағайындалмай қалуы мүмкін
Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың АҚШ-та жоғары лауазымға тағайындалуына конгресстегі бірқатар демократ қарсылық білдірді. Осыдан кейін Омарованың бұл лаузымға тағайындалмай қалуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2021
Полицейлер астаналық көлік жүргізушілерге үндеу жасады
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болу керектігін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2021
Елорда әуежайында қар қалыңдығына байланысты бірқатар рейс кешікті
Елорда әуежайында қардың мол жаууына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2021
«Пандемиямен күреске» деп көптеген мемлекет экономиканы құтқару мақсатында жеңілдетілген ақша-кредит саясатын жүргізгені мәлім. Алайда бұл жұмсақ саясаттың нәтижесі қатты болып шықты. Айталық, қазан айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 8,9%-ды көрсетті. Мұның салдары негізгі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өсуіне әкелді.
25 Қараша, 2021
Кәсіпкерлік негізі – табыс көзі
Алматы облысында шағын және орта бизнес саласының дамуы қарқынды. Мұның бір дәлелін осы салада 270 мыңдай адамның еңбек етіп отырғанынан көруге болады. Ал жалпы облыста 128 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.
25 Қараша, 2021
Оның жүрегінде мұхит ұйықтап жатқандай. Оның кеудесінде теңіз тербеліп тұрғандай. Оның маңдайына құс ұя салғандай. Оның қарашығына гүл өніп шыққандай. Оның алақанына ай сәжде еткендей. Оның иығына тау сүйенгендей. Оның жаулығына күн жасырынғандай. Әлемнің қай бұрышынан қарасаңызда одан биік шың, одан сұлу жан жоқ. Ол – мейірім музыкасы. Ол – ана.
24 Қараша, 2021
Бозымбаевтан үшінші өңір де үлкен табандылық күтеді
Бүгін жер жәннаты Жетісу жеріне, Алматы облысына жаңа әкім таныстырылды. Жалпы Қазақстанда ең көп облыс басқарған әкім Бердібек Сапарбаев екен. Ол бес облыстың басшысы қызметін атқарса, Алматы облысын басқаруға барған Қанат Бозымбаев осымен үшінші өңірдің тізгінін қолға алып отыр. Қанат Бозымбаев қызметтік мансабында сан түрлі жолдан өткен. Ол 2009 жылдың қарашасы мен 2013 жылдың желтоқсан айлары арасында Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарса, 2013 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың наурызына дейін Павлодар әкімінің қызметін атқарды. Одан кейін 2016-2019 жылдар аралығында ҚР Энергетика министрі болды. 2019 жылдың желтоқсанынан бері ҚР Президентінің көмекшісі ретінде қызметте ысылған Бозымбаевқа облыс әкімі болу – таңсық жұмыс емес...
24 Қараша, 2021
Жетісудағы 7 жыл: Баталов қандай әкім болды?
Бүгін Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Біз экс-әкімнің соңғы 2020-2021 жылдардағы ауыз толтырып айтуға болатын жұмыстарына қатысты шағын шолу жасап көрдік.
24 Қараша, 2021
Елімізде Қазақстан есімді 24 адам бар
Елімізде 24 адам Қазақстан есімімен аталса, 28 адам Семей қаласының атына ие, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2021
Семейде көктайғақтан 30-дан астам адам зардап шекті
Семей қаласында көктайғақтан 30-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2021
Тэйлорды Макгрегормен қосып құлатамын – Фируза Шарипова
Кәсіпқой бокс әлемінде қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Фируза Шарипова әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлорға қарсы шайқас алдында күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2021
Үйді оңай алудың онлайн тәсілі
Блокчейн технологиясы жылжымайтын мүлік саласына да келіп жетті. Соның арқасында қазақстандықтар ешқайда шықпай-ақ, онлайн режімде үй сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ.
24 Қараша, 2021
Алматылықтарды қандай мәселе алаңдатады?
Алматы қарқынды түрде урбандалып жатқан қалалардың қатарында. Бүгінде мегаполис тұрғындары 2 млн адамнан асып жығылады. Халықтың толассыз көбеюі түрлі проблемаға жол ашып отыр. «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен шаһардағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді.
24 Қараша, 2021
Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген «Алматы − Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты егемен ел шежіресін баяндаған көрме ашылды.
24 Қараша, 2021
Пандемия кезінде әлемде 9 мың бала шетінеді
«Жасыл аймаққа» ауысқан Алматыда 22 қарашада 127 адамнан індет табылды. Бір тәулікте 14 адам айығып үйіне оралса, есесіне олардың орнын 38 науқас басты. Қазір елімізде індетке қарсы екпе қайтара салынып жатқаны белгілі. Халықтың бір бөлігі коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы дозаларын алуға әлі күнге дейін жүрегі дауаламай отырғанда, енді бірі оны қайталап салдырып жатыр.
24 Қараша, 2021
Қазақстан – әлеуметтік бағдар ұстанған мемлекет
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз алдына «әлеуметтік бағдар ұстанған, нарықтық экономикасы бар қуатты егеменді мемлекет құру» міндетін қойды және ол жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуына негіз болды.
24 Қараша, 2021