Редакция таңдауы
1992 жылы ашылған Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қорында 55 мың жәдігер сақталған. Оның 15 мыңнан астамы негізгі қордағы құндылық саналады. Соның бірі һәм бірегейі қазақ драма театрының алғашқы қарлығаштарының бірі – Жанбике Шанинаның Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» пьесасында Қарагөз рөлін сомдаған киімінде салынған суреті.
14 Қазан, 2021
Балалардың көз іші қатерлі ісігіне операция жасалады
Елімізде бұл күндері әсіресе, балалар арасында жиі кездесетін көз іші қатерлі ісігіне ота жасала бастады. Отандық дәрігерлер қолға алған СИАХТ отасын Орталық Азия медицина тарихындағы үлкен жаңалық деуге болады.
14 Қазан, 2021
Мұнай рекордтық жағдайда қымбаттады
Мұнай бағасы соңғы үш жылда болмаған межеге жетті. ICE Futures лондондық биржасындағы Brent маркалы мұнайдың құны 2,03 пайызға қымбаттап, барреліне 84,06 долларға жеткен. Нью-Йорк тауар биржасындағы WTI мұнайының бағасы да барреліне 80,95 долларға өскен. Бұл алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,59 пайызға жоғары.
14 Қазан, 2021
Саудиямен сауда-саттық жанданады
Қазақстан мен Сауд Арабиясының үкіметаралық комиссиясының отырысында еліміз араб мемлекетіне сомасы 400 млн долларға жуықтайтын түрлі саланы қамтитын өңделген тауардың 100 түрін жеткізуге келісті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
14 Қазан, 2021
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мен «Самұрық-Қазына» Қоры бірлесіп Электронды еңбек биржасы мен Samruk Qyzmet порталдарын ықпалдастырды.
14 Қазан, 2021
АрселорМиттал құны 2 млн долларлық жабдықты іске қосты
АНГА желісіндегі ыстықтай мырыштау және алюминилендіру цехында жаңа заманауи түйіспе дәнекерлеу машинасы іске қосылды.
14 Қазан, 2021
Дизель отыны: Жеткізілім тұрақталса, баға қалпына келеді
2021 жылы 4,9 млн тонна дизель отынын өндіру көзделіп отыр. Бұл – 2015 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Алайда өндіріске Атырау мұнай өңдеу зауытының жыл басында жоспарсыз тоқтап қалуы теріс әсер еткен. Соның салдарынан зауыт соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша бекітілген жоспардан 239 мың тонна дизельді аз өндірген.
14 Қазан, 2021
Nur Otan-ның Қоғамдық кеңестері тиімділігін көрсетуде
Nur Otan партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жауапты азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар және жақында өткен ауыл әкімдері сайлауының аралық қорытындысы талқыланды.
14 Қазан, 2021
Өлім жазасын жою – гуманизмге бағытталған қадам
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен төменгі Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады. Соның ішінде, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
14 Қазан, 2021
Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі?
Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі аралықта халықты емханаларға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Пациенттер қажетті медициналық қызметтердің көбін емханалардан алады. Сондықтан да азаматтарда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде көптеген сұрақтар туындайтыны түсінікті жағдай. Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі бұл мәселелерді пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқылы емхананың өзінде қалай шешуге болатындығын таратып түсіндірді.
13 Қазан, 2021
Интернеттегі алаяқтарды қалай танимыз?
Қазір көбіміз қаржылық операцияларды онлайн форматта жүзеге асыра бастадық. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ қаупі де қатар ілесе жүреді. Кибералаяқтар адамдардың аңқаулығын пайдаланады, кейде тіпті аса сақ клиенттердің өзін алдап түсіреді. Сондықтан онлайн-банкингті қолданған кезде әрбір қадамға мұқият болу шарт.
13 Қазан, 2021
Елордада IV Субконтракт биржасы өтті. Оны QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырды. Оған машина жасау, тау-кен металлургия, химия, мұнай, жеңіл және басқа да салалардағы 100-ден астам отандық тауар өндіруші қатысты.
13 Қазан, 2021
Қазақ футболына серпіліс қажет
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының үш буыны (19 жасқа дейінгі, 21 жасқа дейінгі және ересектер) сейсенбі күні әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойындарын өткізіп, барлығы да қазақ жанкүйерлерін жерге қаратты.
13 Қазан, 2021
Артындағы адуынды толқынға өзінің бай мұрасын таразылауды тарту еткен ақын әлемі мұрагерсіз емес. Қасым рухы аспандаған салтанатты сәтте Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, ақын Ерлан Жүніс пен «Құрмет» орденінің иегері, «Абай әндері», «Қасымның әндері-ай» концерттік жобаларының авторы әрі жетекшісі, әнші Гүлбаршын Тергеубекова қазылық жасап, жас таланттарға бағыт-бағдар берді.
13 Қазан, 2021
Тәуелсіздік таңы атқаннан бері, тарих қойнауындағы шежірелі деректердің шымылдығы түрілді. Мұны мақтанышпен айтуға болады. Отанымыздың отызжылдық белесінде архив саласы айтарлықтай алға жылжып, кеңес идеологиясының қазанында күйген қаймақтарымызды қайта ақтады. Оны – бір деңіз. Екіншіден ескі құжаттарға жан бітіріп, жаңартып, реставрация жұмыстары жүргізілді. Ол ол ма, ақпараттарды цифрлы форматқа көшіріп, заманға сай қам-қарекет қылды. Заманауи техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен бояуы өшкен мәліметтердің маңызын кілкіп алды. Ендігі әңгіме, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтап алу.
13 Қазан, 2021
ЖОО-ларға 300-ден астам жаңа білім бағдарламасы енгізілді
Биылғы оқу жылының басынан бері қазақстандық жоғары оқу орындарда 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым миинистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қазан, 2021
Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды
Оңтүстік шаһардағы оңды оқиғаның бірі Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2021
Мәжіліс өлім жазасы туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
13 Қазан, 2021
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2021
Ақындар сертпен туатын сияқты. Ақынның миссиясы, азаматтық кредосы деп жатады кейде. Маралтай Райымбекұлы «Ар» өлеңінде «тұлпардың ары – озу тек» дейді. Ақындық (адамдық) серт пен ардың бітісі бір. Серт жолынан тайған күні арың азап шегеді. Ал сол арға дақ түсіру – өліммен пара-пар. Біреулері тірідей өледі, біреулері серт жолында шаһит кетеді.
12 Қазан, 2021