Редакция таңдауы
Геральдика - мемлекеттік деңгейде мән беретін маңызды сала
Ежелден қолданылып келе жатқан алуан түрлі нышандар мен рәміздер, геральдикалық белгілер мен таңбалар ХІ-ХІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде гербтерге айналды. Корольдер сарайларында гербтерді жасап, оның кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және геральдикалық белгілер мен түрлі бояу түстерін дайындайтын мамандарды «герольдтар» деп атаған. Кейін олар геральдика мәселелерімен айналысатын «Геральдия» мекемелеріне біріктірілген.
25 Шілде, 2021
Жаңа турнирдегі жорықтар басталды
Өткен бейсенбі түні қазақстандық футбол командалары УЕФА 2018 жылы негізін қалап, бірақ биылдан бастап ұйымдастырылған су жаңа Конференциялар лигасы турнирін екінші іріктеу кезеңінен бастады. Қазақстан чемпионатының былтырғы күміс жүлдегері Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Хорватияның «Хайдук» клубымен, қола жүлдегер елорданың «Астанасы» Нұр-Сұлтанда Грекияның «Арисімен» және ҚПЛ-дің төртінші орын иегері Қарағандының «Шахтері» Румынияның ФКСБ (Стяуа) командасымен кездесті.
25 Шілде, 2021
Қостанайлық әуесқой велоспортшылар Науырзым қорығына велосипедпен барып қайтуды жөн көріп отыр. Шараны ұйымдастырып жатқан «Қостанай велоқауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Қанат Сағымбаевтың сөзінше, саяхатшылар сапар барысында ұзынырғасы 440 шақырымды жүріп өтпек.
25 Шілде, 2021
Еліміздің қоржынына алғашқы медальды дзюдошы Елдос Сметов салды. Осы орайда Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Нұр-Сұлтан мен Токио арасында тікелей бейнеконференция байланысы арқылы жалғаған брифинг өтті. Оған Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков, дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов қатысты.
25 Шілде, 2021
Токиода тұғырымыз биік болғай!
Токио Олимпиадасының алауы тұтанды-ау ақыры. Төрткүл дүниені коронавирус жайлап, олимпиаданы өткізу бір жылға шегерілді. Әйтсе де алқымнан алған індет дүбірлі сайыстарды жанкүйерлердің тікелей тамашалауына мүмкіндік берген жоқ.
25 Шілде, 2021
Елдос Сметов: Финалға бергісіз белдесу болды
Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметов жарыс аяқталған соң «Egemen Qazaqstan» тілшісіне сұхбат берген еді.
25 Шілде, 2021
«Шеті жоқ» Алматы: Оңтүстік астанада жол «жыры» таусыла ма?
Аумағы ұлғайып, үздіксіз жөнделіп, жыл сайын жаңаланып жататын мегаполисте жол мәселесі болған және бола бермек. Басқасын айтпағанда, биыл Алматыда 100 шақырымнан аса жаңа жол салу жоспарланған еді. Іс жүзінде бұл қалай жүзеге асып жатыр? Оның үстіне көктемде жұмысына салдырсалақ қарайтын мердігерлердің кесірінен Алматының ортасындағы кейбір көшелер опырылып түсіп, қала абыройына нұқсан келтірді.
25 Шілде, 2021
Жаңа асфальт жаңбыр суына шыдамады
Қостанай ауданына қарасты Алтын Дала ауылында осыдан бір ай бұрын ғана жөндеуден өткен көше апатты жағдайда тұр. Былтыр бұл елді мекенге орталықтандырылған су құбыры тартылып, биыл көшелері асфальтталған.
25 Шілде, 2021
Аристотель «поэтикасы»: Тұңғыш драма теориясы
«Болжамды жағдай құшағында – арпалысқан алай-түлей көңілдің ақиқаттылығы, адам сенерліктей сезім көрінісі – драмалық қаламгерден сұрайтын біздің ақыл-ойымыздың талабы осы», деп жазды А.С.Пушкин.
25 Шілде, 2021
Қазақстан мен Тәжікстан Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан мен Тәжікстан Қорғаныс министрлері тәжік-ауған шекарасындағы жағдайларды талқыладые деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Шілде, 2021
Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола түсті
Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Шілде, 2021
«Бүгінгі сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңін ашатын сәт» - Ерлан Қарин
Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ерлан Қарин елімізде алғаш рет өтіп жатқан әкімдер сайлауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Шілде, 2021
ҚР Президентінің Арнайы өкілі Лондонға іс-сапармен барды
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті дәйекті түрде нығайтуға деген өзара ұмтылыс ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның Лондонға сапары барысында расталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
24 Шілде, 2021
Дзюдодан Қазақстан құрамасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Шілде, 2021
Асқар Мамин Тәжікстан Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
24 Шілде, 2021
Токио олимпиадасының алауы жағылды
Жапон императоры Нарухито Токио олимпиадасын ашық деп жариялады, деп жазады Egemen.kz.
23 Шілде, 2021
«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ – Қазақстан Республикасында аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау алды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін баспа беттерін ұсыну тәртібі мен қағидалары, төлемақы көлемі туралы хабарлайды.
23 Шілде, 2021
Токио-2020: Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Жапонияның Токио қаласында XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
23 Шілде, 2021
Токио олимпиадасы: садақ атудан іріктеу аяқталды
Бүгін Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі басталды, деп жазады Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
23 Шілде, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев ардагер журналисті ғасыр тойымен құттықтады
Бүгін Алматы қаласындағы «Достық үйінде» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолованың 100 жасқа толуына байланысты мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Алғыс хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
23 Шілде, 2021