Редакция таңдауы
Атырауда Исатай ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданының жұртшылығына жаңа әкімді таныстырды. Бұл лауазымға Президент Әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісіміне сәйкес, облыс әкімінің өкімімен Полымбет Хасанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Наурыз, 2021
Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының жалақысы туралы айтты
2021 жылдың қыркүйегінен жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары үшін минималды жалақы белгіленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Наурыз, 2021
Silkway халықаралық университетіндегі түркологиялық зерттеулер: мақсат-міндеттері мен нәтижелері
Біздің университеттегі түркология бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының қолға алынып, зерттеу тақырыптарына айналуы оқу орнының алғашқы ректоры болған филология ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Оразұлының есімімен тікелей байланысты. Академик Ә.Қайдармен бірлесіп, алғаш рет қазақ тілінде «Түркологияға кіріспе» оқулығын жазған, қазақ тілінің семантикасы, грамматикасы жайындағы зерттеу еңбектерін түркі жазба ескерткіштерінің және қазіргі түркі тілдерінің материалдарымен салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеу нысанына айналдырып, құнды монографиялар жариялаған М.Оразовтың түркітануға қосқан үлесі мол еді. Ғалым өзінің аз ғұмырында қазақ тілінің тарихы, жазба ескерткіштердің тілі, кітаби тіл бойынша бірнеше шәкірт тәрбиелеген болатын. Олар қазір еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде еңбек етуде.
18 Наурыз, 2021
Таяуда футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары өтті. Биыл жоғары лигаға жолдама алған «Тұран» командасы елордалық «Астанамен» Түркістан қаласындағы «Түркістан-Арена» стадионында шеберлік байқасты. Онда тұрған не бар дерсіз?! Нөсерлетіп жауған жаңбыр салдарынан жасыл алаң шалшыққа айналған. Бір қызығы, футболшылар осындай қолайсыз жағдайда доп тебуге мәжбүр болды.
18 Наурыз, 2021
Шымкенттің көктемі жыл сайын көшет егумен басталады. Табиғат-ана оянған мезгілде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу шаһарда үрдіске айналған. Биыл да жақсы ғадет жалпықалалық сенбілікке ұласып, 8 мыңнан астам тұрғын шаһар тазалығына атсалысты.
18 Наурыз, 2021
Қай кезде де мәдениет пен өнердің ордасы болған көрікті Алматыда Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының еріктілері кезекті рет әлеуметтік сынақ жүргізіп, Арбатта өтіп бара жатқан адамдардың алдына лақтырылған қоқыстарды қалай қабылдайтынын байқап көрген еді.
18 Наурыз, 2021
Індет жұқтырған адамды емдеуге қанша қаражат кетеді?
Алматы коронавирус індетінен құтылған жоқ. Бұл кесел мегаполисте қайта өрши бастағандықтан, шаһар 10 наурызда қайтадан «қызыл аймаққа» өткен болатын. Алайда қала билігі өз өлшемі бойынша Алматыны «қызылсары» аймақта тұр деп есептейді.
17 Наурыз, 2021
Жігерсіз жігіттер Жапонияға жете алмайды
Ташкентте өткен Grand Slam турнирінен кейін әлемдік рейтинг қайта жаңартылды. Сол жарыста 60 кило салмақ дәрежесінде күресіп, күміс медальді иеленген Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем және құрлық чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов мықтылар тізімінде үш сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде ол екінші орынды иеленуде. Әзірге Қазақстанның дзюдо күресі шеберлері арасындағы ең үздік нәтиже осы.
17 Наурыз, 2021
Қазақ самбошыларының ішінде КСРО-ның ересектер чемпионатында олжаға ең көп кенелген жамбылдық балуан Алмас Мұсабеков екен. Кеңес Одағының екі дүркін чемпионы, алты мәрте жүлдегері. Оның бұл рекордын қазақ самбошыларынан ешкім өзгерте алған жоқ. Қадірлі оқырман, Алмастың ұстазы – Кеңес Одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жақыттың тамыры тереңге бойлаған бапкерлік білігінің бір ұшын осы жерден іздеу керек.
17 Наурыз, 2021
Алматыға «жасыл қала» мәртебесін қайтаруға міндеттіміз - Қ. Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде экологияға, оның ішінде, екінші ЖЭО-ның қайта жөндеу жұмыстарының бағасын қымбаттатпауға және оны созбалаңға салмауға, үшінші ЖЭО-ны жаңғыртуға, жеке секторға газ тартуды аяқтауға, көліктерге жанар-жағармайдың таза түрлерін пайдалануға, қалдықтарды пайдаға жаратуға, Сайран суқоймасы айналасындағы аумақты абаттандыруға және қалпына келтіруге ерекше тоқталды.
17 Наурыз, 2021
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында 31 наурызда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК, Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
17 Наурыз, 2021
Өскемен әкіміне маска тақпағаны үшін айыппұл салынды
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен шарада маска тақпағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
17 Наурыз, 2021
Аида Балаева: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижесі санмен емес, сапамен өлшенеді
«Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналып, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Бағдарламаның 4 жылдық қорытындысын, құндылықтарын айтып өтті.
17 Наурыз, 2021
Үкімет мүшелерін ұшақпен тасымалдау қызметінің құны туралы ақпарат шықты
Үкімет мүшелерінің ұшақпен ұшу шарттары туралы әлеуметтік желілердегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
17 Наурыз, 2021
Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар қанша күн демалады
Биыл қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай 5 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2021
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2021
Бірлескен кәсіпорындар ашудың берері көп
Бішкекте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қазақстандық үкіметтік делегация екі елдің тауарларды өткізу жүйелерін синхрондау туралы келіссөздер жүргізді.
17 Наурыз, 2021
Павлодар облысындағы Ақсу қаласына таяу №6 ауылда шағын мұсылман зираты бар. Оның аумағында құлпытастар орнатылған ескі молалар жатыр. Солардың ішінде ерекше маңызы бар бір қабір – Павлодар-Ертіс өңірінен шыққан алғашқы қажылардың бірі Мерғалымдікі.
17 Наурыз, 2021
Жауапкершіліктен жалтару жолы тым көп-ақ
Мемлекет басшысы 2019 жылдың соңында қол астындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігі енгізілген заңға қол қойған болатын. Бүгінде бұл заң талабы қаншалықты орындалып жүр? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен аппарат жиынында осы мәселе кеңінен талқыланды.
17 Наурыз, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерді шетелдіктерге сатпау және жалға бермеу жөніндегі шешімін қолдаймыз. Жер – ата-бабаларымыздан ұрпаққа мирас болып қалған асыл мұра.
17 Наурыз, 2021