Редакция таңдауы
Таңдай қақтырған Түрген шатқалы
Асқаралы Алатаудың бауырына сұғынып жатқан Түрген атты ауыл бар. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының аумағында ғой. Жетісудағы тұмса табиғат дәл осы мекенге келгенде шынайы көркемдік пен ерекшелікке барын салған сияқты. Өйткені, айналасын тау қоршаған өлкеде саф ауа, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесінің басы қосылып, бір үйлесім тауып тұрғандай әсерге бөлейді.
15 Наурыз, 2021
Атырауда 9 наурыздан бері мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу басталды. Мәселен, соңғы үш күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның ішінде 408 педагог, 183 медицина қызметкері, 14 мемлекеттік қызметші бар.
15 Наурыз, 2021
Ауыз сумен қамтудың ауқымы кеңейді
Тұрғындарды ауыз сумен қамту Сыр бойындағы шешімін тапқан басты мәселелердің қатарында тұр. Орталықтармен қатар шалғайдағы елді мекен тұрғындары да судан зәрулік көріп отырған жоқ. Өткен айда ел алдында берген есебінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақ тұрғындарының 97 пайызы орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылғанын айтып өткен еді.
15 Наурыз, 2021
Ағартушылықты Алтынсаринмен бірге бастаған бесеу кім?
1860 жылы Орынбор облыстық басқармасының (бұрынғы Шекаралық комиссия) төрағасы В.В. Григорьев далалық Торғай, Ырғыз, №1 форт (Арал теңізі маңындағы Райым бекінісі), Перовск (қазіргі Қызылорда) бекіністерінде және шекара бойындағы Троицк қаласында мектеп ашу үшін Орынбор мектебінің 5 түлегін мұғалімдік қызметке аттандырады. Біз осы Орынбор мектебі туралы мерзімдік басылымдарда алғашқы жазылған мақалалардың бірі туралы сөз қозғамақпыз. Себебі ондағы деректер көпшілікке және алтынсаринтанушыларға аса таныс емес.
15 Наурыз, 2021
Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC (Ultimate Fighting Championship) екені еш дау туғызбаса керек. Штаб-пәтері АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында орналасқан әйгілі промоушенде сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандар ғана өнер көрсетеді. Ондай құрметке бөлену үшін түрлі халықаралық додада дара талантыңмен танылып, көптеген сынақтан мүдірмей өтуге тиіссің. Ал UFC-дің чемпиондық белбеуі тек «мыңнан тұлпар» шыққан марқасқаларға ғана бұйырады. Айтулы ұйымның мұрындық болуымен өтіп жүрген жарыстарда атой салған спортшылардың беделі бүгінгі таңда шарықтап тұр десек, асыра айтқанымыз емес.
15 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласына локдаун енгізіледі
Нұр-Сұлтан қаласының қызыл аймаққа енгенін ескере отырып, жексенбі күні, яғни 21 наурызда елордаға локдаун енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Наурыз, 2021
Қармақшыда газ баллоны жарылып, 4 адам қайтыс болды
Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі, 29, жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылған. 144 шаршы метр жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлерінде күн жылынады?
«Қазгидромет» РМК 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Наурыз, 2021
Қапшағайдағы түбектің бір бөлігі сатылатыны рас па?
Алматы облысына қарасты Қапшағай әкімдігі түбектің бір бөлігін 340 млн теңгеге сату туралы ақпаратқа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Наурыз, 2021
«Алтын бауырым»: Димаш Иманбек Зейкеновті жеңісімен құттықтады
Димаш Құдайберген Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясына алған «Грэмми» (Grammy) жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Наурыз, 2021
Камалжан Надыров бір жылда үшінші рет қызмет ауыстырды
Камалжан Надыров Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Наурыз, 2021
Тағдырлы мәселе түбегейлі шешіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында өзінің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Парламент Мәжілісіне жолдағандығын мәлімдеген болатын. Осыған орай, белгілі қоғам қайраткерлерінің «Egemen Qazaqstan» газетіне жолдаған пікірлерін жариялауды жөн көрдік.
15 Наурыз, 2021
Құмсағат ғұмырдың қызығына түсіп қалаға қарай қырбайладық. Қара жол хан шаһарға тартты. Қаракөз қалды жаутаңдап. Қараорман армандардың арасында адастық. Қариялар «көңіл қам болмасын» деп қалтасындағы мен кеудесіндегінің бәрін жиып берді. Дүниеге жаңа өрнек салардай желпіндік келіп. Бірақ құлақтан кекілін артқа тараған албырт күндердің әуені кетпейді. Неге? Не себепті? Оның жауабы осы картинада.
15 Наурыз, 2021
Германия жанармайдан бас тартпақ
Германия үкіметі 2035 жылға қарай жанармаймен жүретін көліктерден бас тартпақ. ГФР Көлік министрі аталған көлік түріне тыйым салынып, синтетикалық отынға көшу қажеттігін мәлімдеді.
15 Наурыз, 2021
Екпе ұжымдық иммунитет қалыптастырады
Әлемде адамға қауіпті жұқпалы аурулардың барлығына қарсы әзірленген вакцина жоқ. Ал вакцина тиімділігі 50 пайыз болса да, адам өз өмірін сақтап қалудан бас тартпауы керек. Екпенің көмегімен ауыр асқынулардың, мүгедектікке ұшыраудың, тіпті өлімнің алдын алуға болады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты.
15 Наурыз, 2021
Облыс орталығында жалпақ жұрттың рухани сұранысын өтеп тұрған орынның бірі – облыстық әдебиет және өнер музейі. Музей қызметкерлері жаман тұмау жайлап тұрған уақытта да қол қусырып қарап отырмай, замандастарымыздың сұранысын өтеуге зор үлес қосып отыр.
15 Наурыз, 2021
Әкем мектепте тарих пен қоғамтану пәндерінен сабақ берді. Содан да болар, үйде дастарқан басында саясат, демократияға қатысты әңгімелер жиі айтылатын. Бірде батыстық демократияға қатысты сөз өрбігенде әпкем: «Демократия деген бетімен кету ме?» деп сауал қойғаны бар.
15 Наурыз, 2021
«Жұртқа жақын полиция» қалыптастыру – күн тәртібіндегі мәселе
Нұр-Сұлтан қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Ішкі істер министрлігі «Қазақстанда қауіпсіз қауымдастықтар» форумын өткізді. Іс-шара мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың Қазақстанда тұрақты және қауіпсіз қоғамдастық құру жөніндегі күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
15 Наурыз, 2021
Шетелдік биржалардағы шығындар ескеріле ме?
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың шетелдік биржаларда акцияларды сату кезінде құн өсіміне салық салу тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді.
15 Наурыз, 2021
Алматы қалалық Білім басқармасы ата-аналарға үндеу жасады
Алматы қаласылық Білім басқармасы қаладағы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Наурыз, 2021