Редакция таңдауы
Әбу Даби қаласында Қазақстан Елшілігіне жер телімі беріледі
Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және БАӘ-нің Қазақстандағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Желтоқсан, 2020
«Қызылоба» – Алтын Орданың 750 жылдығына үлкен сый
Былтыр Солтүстік Қазақстанның Уәлиханов ауданындағы Береке ауылының маңындағы «Қызылоба» деген жерден Алтын Орда хандары мен ханшалары және басқа да төрелері жерленген оба табылғанын оқырмандар жақсы біледі. Еліміздің барлық ақпарат құралында бұл туралы кеңінен жазылды. Өзіміз де «Егеменнің» бетінде ол туралы 2-3 рет жаздық. Оны қазуды Павлодар мемлекеттік университетінің Margulan centre орталығынан Тимур Смағұлов пен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Анатолий Плешаков бастаған археологиялық орталықтар бастаған еді.
24 Желтоқсан, 2020
Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысының бірқатар тұрғыны баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан мұқтаж ретінде бірінші кезекте тұрған 10 отбасына баспана кілті табысталды.
24 Желтоқсан, 2020
Кәрі құрлықта індет қайта өршіді
Ұлыбритания елдің оңтүстігінде коронавирустың жаңа мутацияланған түрі пайда болғаны туралы хабарды таратқалы бері көршілес елдер қауіпсіздік шараларын күшейте бастады.
24 Желтоқсан, 2020
Shyn.kz жаңа коммуникация құралдары жастардың денсаулығын сақтауға көмектеседі
Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ халық қоныстануы саласындағы (ЮНФПА) қоры Қазақстандағы жасөспірімдердің жасына сәйкес жастарға және олардың ата-аналары үшін репродуктивті денсаулық туралы ақпарат беретін байланыс пакетін іске қосты. Оның ішінде веб-сайт, мобильді қосымша (мобильді қосымша 1 қаңтардан бастап іске қосылмақ) және Telegram каналындағы чат-бот бар.
24 Желтоқсан, 2020
Қорғаныс саласы күшейіп келеді
Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Жиында министр еліміздің Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерге білім беру және кәсіби дамыту мәселелеріне бірінші кезекте назар аударылғанын атап өтті.
24 Желтоқсан, 2020
Мемлекеттік сатып алудың тиімділігі артады
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, бірқатар заң жобалары мақұлданды. Атап айтқанда, депутаттар мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
24 Желтоқсан, 2020
Облыс орталығында халқымыздың біртуар ұлы, дана Абайға ескерткіш қойылған қуанышты күн болды. Облыс әкімдігінің алдынан орын алған ескерткішті ашу рәсіміне облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, абайтанушы, академик, философ Ғарифолла Есім, опера әншісі Шахимардан Әбілев және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеев қатысты.
24 Желтоқсан, 2020
Кейде адам сүріп жатқан өмірінің бірқалыпты, баяу, сүреңсіз, мағынасыздығынан шаршай бастайды. Тіпті бір күнің бір күніңнен айнымайтын кездерден қалай қашып құтыларыңды білмей дал боласың, жаныңды қоярға жер таба алмай түңіліп кетесің. Бір сөзбен айтқанда уақыттың тұзағына түсіп қалған бейшара қалпың шеңбер ішінен шиырлай береді, шиырлай береді...
24 Желтоқсан, 2020
Исламабадта жаһандық Фараби форумы өтті
Пәкістан астанасы Исламабад қаласында ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық жөнiндегi Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Тұрақты комитеті (COMSTECH) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби жаһандық форумы өтті.
24 Желтоқсан, 2020
Ауқымды реформа: Әрбір қадам әділдікке бастайды
Әсілінде, сот-құқық жүйесінде әділдік пен туралық болмайынша жемқорлықты жеңу мен азаматтардың заңды құқықтарын аяқасты етпеу мәселесіне қатысты қандай да бір қадамдар туралы айту мүмкін емес секілді. Сондықтан елімізде аталған салаға қатысты жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды – әділетті мемлекет құруға деген алғашқы бастамалар деп бағалауға болады. Бұл туралы «Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық дөңгелек үстел барысында да кеңінен айтылды. Яғни еліміздегі ендігі мақсат – сөзден іске көшіп, кешенді, сапалы әрі тиімді реформа жүргізу болып отыр.
24 Желтоқсан, 2020
«Өкініп қалмаңдар, мен кеттім»: Анасы курсант өліміне қатысты бар шындықты айтты
Осыдан бір апта бұрын Алматы қаласы ІІМ академиясының курсанты өзіне қол салғаны туралы ақпарат тараған еді. БҚО тумасы, 19 жастағы курсант Саламат Өтегенов академия асханасында асылып қалған. Марқұмның жеті күндік асынан кейін анасы Орал апталығы газетінің тілшілеріне ұлына қатысты бар шындықты айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Желтоқсан, 2020
Қостанай облысында діни нысандардың жұмысына рұқсат берілді
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Желтоқсан, 2020
Ауылдасын өлтірген БҚО тұрғыны 15 жылға сотталды
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жәнібек ауданының тұрғыны Назар Сапарғалиевке үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Желтоқсан, 2020
Баталовтың бұрынғы кеңесшісі әкім болды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Кербұлақ ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды
23 Желтоқсан, 2020
24 желтоқсанда Сенаттың кезекті отырысы болады
2020 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Желтоқсан, 2020
Еліміздің үздік карикатуристері анықталды
«Медиа орда» қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Бюджет мол – мәселе сол» атты республикалық карикатурашылар байқауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Желтоқсан, 2020
Макинск құс фабрикасын кеңейту азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады - Асқар Мамин
Премьер-Министр Асқар Мамин Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласына жұмыс сапары аясында «Макинск құс фабрикасы» ЖШС 2-кезегінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Желтоқсан, 2020
Шымкентте туыстық бүйрек трансплатациясы жасалды
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Туыстық трансплантация жасалған 1972 жылғы қала тұрғыны бір жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрады. Денсаулық жағдайы нашарлаған науқас гемодиализ аппаратына қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Желтоқсан, 2020
«Ұстаздың оралуы» мен «Абай ұлы ойшыл және гумманист» кітаптары ағылшын тілінде жарық көрді
Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен халқымыздың біртуар перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШтағы қазақстандық дипөкілдіктерімен бірлесіп, Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» және Ж. Әбдилдиннің «Абай ұлы ойшыл және гумманист» атты кітаптарын ағылшын тілінде жарыққа шығарды.
23 Желтоқсан, 2020