Оқи отырыңыз
Атырау: Бюджет қаржысы неге игерілмейді?
Атырау облысының бірнеше саласында бюджеттің 3 миллиардтан астам теңгесі игерілмей отыр. Мұның себебі неде?
08 Мамыр, 2020
Ұлттық банк шетел валютасын саудалауға қатысты талап мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты
Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешiм қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Мамыр, 2020
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 63 жағдай тіркелді
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4753-ке жетті.
08 Мамыр, 2020
Сарапшылар капиталға тағы бір рақымшылық жасауды ұсынып отыр
Егер Үкімет бұл ұсынысты құп көрсе, бұл кешірім реттік саны бойынша № 5 болып тарихқа енуі мүмкін. Жалпы, біз жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылдың қаңтар айынын бастауымыз керек еді. Ұйымдастырушылық және техникалық сипаттағы бірқатар шешілмеген мәселелердің болуына байланысты 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданды.
08 Мамыр, 2020
Маңғыстау облысында соңғы 4 айда 70 өрт оқиғасы тіркелді
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мұханов Мұрат мәлім етті.
08 Мамыр, 2020
Жаңаөзеннен Түркістан облысына көмек жөнелтілді
Кеше Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан Түркістан облысына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді.
08 Мамыр, 2020
Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері 9 отбасына көмек көрсетті
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына құрмет көрсету бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Мамыр, 2020
Ақтаулықтар жеңіс күніне орай үй терезелерін безендіруде
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай үй терезелерін безендіре бастады. Ерекше эстафетаны қолға алған мұғалімдер мерекелік көңіл күй қалыптастыруды мақсат тұтқанын айтады, деп хабарлайды аталған мектептің баспасөз қызметі.
08 Мамыр, 2020
Маңғыстау облысында 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Маңғыстау ауданының Шайыр ауылынан 2 адам, Бейнеу ауданынан 1 адам, Жаңаөзен қаласынан 1 адам коронавирус індетін жұқтырды.
08 Мамыр, 2020
Түркістан: Nur Otan партиясынан 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Nur Otan партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті.
07 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында жер телімдері және есірткіге қатысты мәселелер бар
Жамбыл облысында жерді тиімді пайдалану және игерілмей жатқан жерлерді ауылшаруашылық айналымына қайтару бүгінде басты мәселенің бірі.
07 Мамыр, 2020
Қарағандының құтқарушылары Мақтааралды бетке алды
Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше ауылдың Сардоба бөгетінің суынынан зардап шегіп, тұрғындарының қиыншылыққа тап болғаны Қарағанды облысының да қабырғасына қатты батты.
07 Мамыр, 2020
Әскери әуе инженерлері алғы сапта
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің қорғаныс күшін нығайтуда әскери оқу орындары жеткіліксіз болды. Осы кезеңде мемлекеттің қорғаныс саласын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін зениттік-зымыранды, радиотехникалық әскерлер, байланыс және автоматты басқару жүйесінің мамандарын дайындайтын төл әскери оқу орындарына қажеттілік туындады.
07 Мамыр, 2020
Н. Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл ерлік пен патриотизм мерекесі елімізде ерекше құрметпен атап өтілетінін айтты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Мамыр, 2020
Көкшетау әуежайы жаңаша түрленеді. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев нысанның жөндеу жұмысының барысымен танысып, мекеме басшылығына бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ, өңір басшысы Зеренді ауданының көктемгі егіс науқанына әзірлігін бағамдап, Ақкөл, Ортақ, Қызылтаң ауылдарының инженерлік желілері мен әлеуметтік нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берді.
07 Мамыр, 2020
Мамыр мерекелеріне арналған барлық іс-шаралар онлайн режімде өтеді
Мамыр мерекелеріне арналған барлық іс-шаралар онлайн режімде өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Мамыр, 2020
Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» атты виртуалды көрме ұсынды.
07 Мамыр, 2020
Барды ұқсата алмау – басшыларға сын
Жамбыл облысында бастау алған өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған қанатқақты жоба бүгінде өзінің жемісін бере бастады. Өңірдің 10 ауданынан таңдап алынған 11 ауылдың тұрғындары төмен пайызбен несие алып, мемлекет қолдауының игілігін көруде. Төрт түлік бағып, табысқа кенелуде.
07 Мамыр, 2020
Жеңістің 75 жылдығына байланысты жер-жерде іздеушілер тобы қызу жұмыс істеп, осы уақытқа дейін соғыста хабарсыз кеткендер қатарында саналып келген біраз майдангердің дерегі анықталып жатыр. Жыл басында көршілес Ресей мемлекетіндегі осындай топ жұмысының нәтижесінде Тверь даласынан аралдық жауынгер Келіс Жиенбаевтың сүйегі табылса, жақында «ОПОРА» Челябинск – Санкт-Петербург» іздестіру орталығы мүшелері тағы бір жауынгердің дерегін анықтады.
07 Мамыр, 2020
Отанын шексіз сүйетін, туған жерін көзінің қарашығындай қадірлейтін сарбаздар барда ел армиясы ешқашан биігінен аласармайды. Жыл санап қару-жарақ түрлері, қажетті құрал-жабдықтар қатары жаңарып, жетілдірілу үстінде. Бұл – Жоғарғы Бас Қолбасшы-Қазақстан Президентінің ел қауіпсіздігіне деген ерекше көзқарасын аңғартып тұр.
07 Мамыр, 2020