Оқи отырыңыз
Референдумды әлемнің 30 елінен 177 байқаушы қадағалады
Елдегі жалпыұлттық референдумның өту барысын халықаралық 4 ұйымның өкілдері де бақылады. Атап айтсақ, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес. Олар арнайы баспасөз мәслихатында референдум учаскелерінде ешқандай құқықбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді.
07 Қазан, 2024
Әлем елдерінің архившілері Алматыда
1-4 қазан аралығында Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы ІІ Архившілер конгресі өтті. Архившілер конгресінің Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының «Тәуелсіздік залында» өтуінің тарихи мәні зор. Осы залда 1990 жылы мемлекеттің «Егемендік туралы» декларациясы қабылданған. Биыл екінші рет өткізіліп отырған конгресс қатысушыларының қатары БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің лауазымды тұлғаларымен толықты. Конгресс жұмысы ТМД, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Еуропалық одақ, АҚШ – жалпы саны 20 елден келген архив қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің, ғалымдар мен жетекші сарапшылардың басын қосты. Сондай-ақ төрт күнге созылған дүбірлі жиынға еліміздің 150-ден аса орталық және облыстық архив, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
07 Қазан, 2024
Оңтүстік Кореядан олжалы оралды
Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында таеквондодан өткен жастар арасындағы әлем біріншілігін ел құрамасы үш жүлдемен қорытындылады. Оның екеуі – күміс, біреуі – қола медаль.
07 Қазан, 2024
Атырау облысында 104 жастағы Шәміл әже өз таңдауын жасады
Сәуір айында 104 жасқа толған Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бұзауслан ауылының тұрғыны Шәміл Өміржанова әжеміз де өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2024
Әзербайжандағы отандастарымыз да қалыс қалмады
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігі жанындағы №394 дауыс беру учаскесінің комиссия төрағасы Еділ Мырзаханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2024
Олжас Сүлейменов таңдауын жасады
Қоғам қайраткері, ақын, жазушы және дипломат Олжас Сүлейменов бүгін өтіп жатқан референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2024
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов референдумда дауыс берді
Мұнайлы өңір әкімі дауыс беру үшін өзі тұратын аумақтағы №8 учаскеге келіп, таңдауын жасады.
06 Қазан, 2024
Алматы облысында дауыс беру науқаны қызу жүріп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында АЭС салу мәселесін халық таңдауына ұсынып, 6 қазанда жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешіміне Алматы облысының жұртшылығы да бей-жай қарамай, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, таңнан бері өз таңдауларын жасап жатыр.
06 Қазан, 2024
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов саяси науқанға қатысты
Дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумда өз таңдауын жасау үшін дауыс беру учаскесіне келді.
06 Қазан, 2024
Серік Ақсұңқарұлы: Халық өзіне керегін ашық айту керек
Күнгей шағын ауданындағы №795-ші референдум учаскесінде тұрғындар дауыс беру науқанына белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2024
Ғасыр жасаған майдангер дауыс берді
Қызылорда облысындағы 500 мыңға жуық дауыс берушінің алғашқы легінде 103 жастағы майдангер Яхия Тасыров өз таңдауын жасады. Саяси оқиғалардан сырт қалмайтын соғыс ардагері бірлік әрқашан маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2024
Түрлі ұлт өкілдері бірліктің үлгісін көрсетті
Ынтымағы мен ырысы жарасқан Текелі қаласында тұратын сан алуан ұлт өкілдері республикалық референдумға белсенді қатысып, «Болашақ үшін дауыс береміз!» деп ұран тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2024
Бибігүл Төлегенова референдумда дауыс берді
ҚР Халық артисі, Алматының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова референдумда үйден дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2024
Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам - Социалистік Еңбек ардагері
Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Социалистік Еңбек ардагері Күләш Айтжанова референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2024
Павлодар облысында 505 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасайды
АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда Павлодар облысынан 505 673 адам дауыс беру құқығына ие. Оларға 520 референдум учаскесі қызмет көрсетеді.
06 Қазан, 2024
102 жастағы жетісулық кейуана дауыс берді
Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады.
06 Қазан, 2024
БҚО-да 444 428 дауыс беруші бар
Республикалық референдум тағайындалған сәттен бастап Батыс Қазақстан облысының аумақтық референдум комиссиялары референдумға дайындық жұмысын бастап кеткен болатын. Содан бері облыстық референдум комиссиясының 3 отырысы өткізілген.
06 Қазан, 2024
Әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды
Танымал әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды. Жаназасы ертең 6 қазан күні Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылындағы өзі туып-өскен қарашаңырақта өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қазан, 2024
Елімізде орта білім беретін мектепте 400 мыңдай педагог жұмыс істесе, соның 19 пайызы ғана ер-азамат. Сарапшылар «Мектепке ағайлар ауадай қажет» деп дабыл қаққалы қашан. Ал бастауыш сыныптағы педагогтер арасынан Ыбырай Алтынсариннің ізбасарын кездестіру тіпті қиын. Бірақ Астанада жас өскінге қалам ұстатып, партаға қалай отырудан бастап үйрететін ағай бар. Оның аты-жөні – Бекболат Уәли.
05 Қазан, 2024
Уақыт көші ұзаған сайын ұлттық тәрбие мен білім беретін мектептің жүгі де ауырлай түскен. Осы бір биік үдеден шығуды мақсат еткен керекулік дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның ел аузында аты мақтаулы, беретін білім-тәрбиесі құнарлы.
05 Қазан, 2024