Оқи отырыңыз
Теңіз порттарындағы жүк айналымы 5 млн тоннадан асты
Су көлігі саласы - көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Қазақстан теңіз порттарындағы жүк айналымының қарқынды ұлғаюы, экспорттық және транзиттік тасымалдардың дамуы саланың маңызын арттыра түсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Ақпан, 2020
Премьер-Министр Асқар Мамин инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі диалог алаңы аясында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесуді өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
05 Ақпан, 2020
Лотереялар қызметіне қатысты заңнамалық түзетулерді І оқылымда мақұлдады
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтіп, депутаттар лотереялар және лотерея қызметіне қатысты заңнамалық түзетулерді І оқылымда мақұлдады. Заң жобасының мақсаты - лотереялық қызметті жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын одан әрі нығайту. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Ақпан, 2020
Жетекші партия мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғайды
Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының жанынан құрылған арнайы комиссия шаһардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғауда арнайы тексеру жүргізіп келеді.
05 Ақпан, 2020
2019 жылы 390 000-нан астам қазақстандық қайырымдылық көмек алды
2019 жылы «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының атынан қайырымдылық бағыттағы 39 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылды. Жоба бойынша жалпы 390 000-нан астам адам қамтылды. 2018 жылмен салыстырғанда қайырымдылық көмек алған қазақстандықтардың саны 40 000-ға артты.
05 Ақпан, 2020
Талдықорған өндірісі өркендеген қалаға айнала ма?
Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында өндіріс орындарының іргесі кеңейіп келеді. Бұл салаға бағытталған инвестиция көлемі де жыл сайын өсіп отыр.
05 Ақпан, 2020
Жас таэквондошылар Түркияда алты жүлде алды
Бұл күндері Ыстамбұлда таэквондодан «Turkish Open» халықаралық турнирі өтуде. Ересектер арасындағы жарыс аяқталғаннан кейін даянға жастар шықты.
05 Ақпан, 2020
Шымкентте полицейлер ер адамға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ер адамға қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ізін суытпай ұстады.
05 Ақпан, 2020
Алматы облысы: Жаркенттік аналарға 2,7 млрд теңге жәрдемақы төленді
Алматы облысының Панфилов ауданында 4392 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Өткен жылы жалпы саны 20 772 адамға құны 2,7 млрд теңгеге болатын жәрдемақы төленген.
05 Ақпан, 2020
СДУ Дубай «Экспо-2020» халықаралық студент алмасу бағдарламасының эксклюзивті серіктесі атанды
Университет президенті Мейірбек Мәжитов бастаған СДУ делегациясы іс-сапармен Дубайға барып қайтты. Сапар барысында «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесінің әкімшілігімен кездесу өткізіп, нәтижесінде тараптар халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасы аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
05 Ақпан, 2020
«Ислам каллиграфиясының философиясы» тақырыбында көшпелі көрме өтті
«Ғылым ордасы» Сирек кездесетін кітаптар музейі ғұлама-ғалым, әлемге әйгілі ойшыл, философ, көптеген ғылым саласына зерттеулерін арнаған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ислам каллиграфиясының философиясы» тақырыбында каллиграф Асылбек Орынбасаровтың туындыларынан тұратын көшпелі көрменің тұсаукесері мен шеберлік-дәрісі өтті.
05 Ақпан, 2020
Бейжің мен Шанхайдан арнайы рейс келеді
Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігі қазіргі уақытта Бейжің және Шанхай қалаларынан жақын арада эвакуациялау үшін арнайы рейстерді ұйымдастыру мәселесі қарастырып жатыр. Бұл туралы Елшіліктің жеке әлеуметтік парақшасында жарияланды.
05 Ақпан, 2020
Испанияда үстел теннисінен халықаралық жарыс басталды
4 ақпан күні Гранадада үстел теннисінен ITTF Challenge кезеңінен Spanish Open жарысы басталды. Аталған турнирге қазақстандық спортшылар қатысуда. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
05 Ақпан, 2020
«Ақылды» деп ат қойылған камералар орнатылған көше қиылыстарындағы бақылау қазір мыңдаған бұзушылықтарды анықтап отыр. Жыл басынан бері ғана Петропавлдағы көше қиылыстарында осындай техникалық бақылау-өлшеу құрылғылары автоматтандырылған режімде 1251 құқық бұзушылықты тіркеді.
05 Ақпан, 2020
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
СҚО полиция және Білім басқармасының қызметкерлері 15 қаңтардан бастап 15 ақпан аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясына қатысуда. Қазір облыс мектептерінде 125 автокөлік бар екен, олардың қызметін 1200-ге жуық мектеп оқушылары пайдалануда.
05 Ақпан, 2020
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында өткен қаңтар айында «Batys Alga» атты жанармай құю бекеті ашылған болатын. Жаңа бекеттің талондарынан биыл мерейтойы тойланатын тарихи тұлғалардың суретін көріп, сүйсініп қалдық.
05 Ақпан, 2020
Димаш Құдайберген: Мен тек Қазақстанның атынан қатысамын
Белгілі әнші Димаш Құдайберген Еуровидение байқауына Ресей атынан қатысудан бас тартты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады.
05 Ақпан, 2020
Елорда әкімі тұрғындарды қабылдады
Тұрғындар кездесу барысында әлеуметтік көмек алу, қаладағы бітпеген құрылыстардың аяқталу мерзімі және тағы басқа мәселелерді көтерді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Ақпан, 2020
Жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салынады
Бүгін Н.Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті.
05 Ақпан, 2020
Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамытуды тапсырды
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында төрт түліктің төресі - түйені көбейтуді көздеп, ішкі нарықты тұтастай қамтуды міндеттеді. Ойсыл қара тұқымымен өзге өңірлермен бәсекелес болатындай қауқары бар ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың есебінде айтылды. Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Ақпан, 2020