Оқи отырыңыз
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Аталған қалада әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
04 Қараша, 2019
Қазақ топырағы талантқа кенде емес. Ал есімі елден асып, шартарапты шарлап кеткен шын мәніндегі құбылыс, біртуарлар сирек. Дара даусымен жер-дүниені дүр сілкінткен сондай санаулы таланттың бірі Ерік Құрманғалиев еді.
04 Қараша, 2019
Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әйгілі MGM Grand аренасында WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесінің чемпиондық белбеуі үшін ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтті.
04 Қараша, 2019
Қараша айында өтетін спорттық сайыстардың арасындағы ең ірісі – теннисшілердің Дэвис кубогы екені даусыз. Бұл жарыс биылдан бастап жаңа форматқа көшкені белгілі. Атап айтсақ, егер осы күнге дейін ең үздік 16 команда олимпиялық жүйе бойынша әлемнің әр қиырында бәсекеге түссе, биыл 18-24 қараша аралығында 18 мемлекеттің өрендері Испанияның бас шаһары – Мадридте бас қосады. Олар алты топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасады. Әр топтың жеңімпазы мен екінші орын алғандар арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен қос команда ширек финалға жолдама алады. Одан кейін жартылай финал және финал. Осылайша бір аптаға созылатын бәсекелер барысында бас жүлде кімге бұйыратыны анықталады.
04 Қараша, 2019
Еліміздегі тарихы тереңнен тамыр тартатын іргелі басылымдардың бірегейі, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатқаны белгілі. Естеріңізге сала кетейік, газетіміздің ғасырлық тойы жыл басында, нақтырақ айтсақ, ақпан айында қасиетті Абай елінен, алаштың рухани астанасы Семей шаһарынан, ұлылар туған топыраққа, ұлт қайраткерлерінің ізі қалған қастерлі өлкеге тағзым етуден басталған еді. Екі күнге созылған шара аясында Алаш Орданың астанасы болған Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің әкімшілік ғимаратында басылымның 100 жылдығына орай «WORLD OF EGEMEN KAZAKHSTAN» ақпараттық-интеллектуалдық онлайн бұрышы ашылып, оқу орнындағы «АКМЕ» халықаралық клубының отырысы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған-ды.
04 Қараша, 2019
Бойда барды көзге ұрып, жалтырамаған...
Әрине, көбіміз Сарбас Ақтаевты қосшы, басшы дегендей журналистиканың қосын жеккен азамат райында білеміз. Расында да ол негізінен журналист. «Көкшетау правдасы», «Жетісу», «Социалистік Қазақстан», «Халық кеңесі», «Ақиқат»... міне, журналист Сарбас Ақтаев жүріп, өтіп келе жатқан ұзын жолдың өн бойы. Бірінде тілші, келесісінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор... Қаламның қатардағы жауынгерінен бас қолбасшысы – бас редакторына дейін өсе қызмет еткен. Өзіміз ардақ тұтар аға алған асулар, алқынбай жеткен биіктер, міне, осындай! Әсіресе, алғашқы қорғасынынан құйып, қалың қауымға сүйікті етіп қалдырып кеткен «Халық кеңесі» газетіне бас редактор ретінде сіңірген еңбегі алабөтен-ақ. «Халық кеңесі» шын мәнінде халық сөзін айта шығып еді жарық жалғанға. Оқып, оқып, айызымыз қанар еді, шіркін!
04 Қараша, 2019
«Жас шекарашы» мамандандырылған сыныбы ашылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін елімізде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын құру керектігін айтқан болатын. Былтыр Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру әрбір орта оқу орындарына осы жұмысты қолға алуды тапсырған еді.
04 Қараша, 2019
Күрес: Жалпы есепте Қазақстан жетінші орында
Еркін күрес шеберлері Будапеште өтіп жатқан 23 жастағы балуандар арасындағы әлем чемпионатын (U-23) қорытындылады.
01 Қараша, 2019
Жекпе-жек: Қуат Хамитов Сочиде күш сынасады
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің келесі кездесуін 14 желтоқсанда Ресейдің Сочи қаласында өткізеді. Ол Gorilla Fighting Championship турнирінде жергілікті спортшы Руслан Тедеевпен айқасады.
01 Қараша, 2019
Елорданың «Астана» баскетбол клубы ел чемпионатының кезекті тур ойынын «Атырау Барыстарына» қарсы өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.
01 Қараша, 2019
Футболдан әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финал кезеңінің қарымта матчтары өтті. Қазақстаның «БИІК-Қазығұрт» клубы Германияға қонаққа барып, Мюнхенде жергілікті «Бавария» командасынан жеңіліп қалды.
01 Қараша, 2019
Будапештте (Мажарстан) күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде қазақстандық балуан Юсуп Батырмырзаев әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды.
01 Қараша, 2019
Қостанай қаласының тұрғыны Алтынай Аманованың үйіндегі самаурындардың саны екі жүзді қарайлап қалды. Оларды 43 жылдан бері ерінбей жинап келеді.
01 Қараша, 2019
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі қаралды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыс нәтижесі талқыланған алқа отырысы өтті. Онда агенттік төрағасы Алик Шпекбаев атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
01 Қараша, 2019
Сәйгүліктің сынын білген ел едік...
Бүгінгі жас ұрпақ аттың сынын, он екі мүшесінің ерекшеліктерін түгел сипаттап бере ала ма? Әй, қайдам. Мұндайға жастар түгілі, ересектердің өзі түгел жетік деп айта алмаймыз. Жылқы түлігінің басынан бастап құйрық-күлтесіне дейін түгендеп, түстеп берер адамды табу да қиын. Осы тұрғыда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылған жайлар көп ойларға жетелейді.
01 Қараша, 2019
Шаңырағы биіктің – мемлекеті берік
Тарихымызда әйелдерді атқа қонуға мәжбүр еткен замандар өткен. Әйелдің иығына салмақ түсірген жүк те заманына қарай түрлі бола ма дейсің. Айдаһардың деміндей жаһандану жылжыған ХХІ ғасырда да қазақ әйелінің көтерер мехнаты аз болмаса керек.
01 Қараша, 2019
Үстіміздегі жылдың қуанышты үлкен жаңалықтарының бірі ел Прездиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің педагогикалық тамыз мәслихатына қатысуы болды. Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам тарихында бұл жиынға Мемлекет басшысы тұңғыш рет қатысып, сөз сөйледі.
01 Қараша, 2019
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының өзіндік ерекшеліктері бар. Менің ойымша, Жолдауда Мемлекет басшысының қоғамға мұқтаж нәрселерді түсіне білуі айқын байқалады.
01 Қараша, 2019
Айыпкер лайықты жазасын алуы тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық сипаттағы түрлі салаларға қатысты көптеген өзекті тақырыптар қозғалды.
01 Қараша, 2019