Оқи отырыңыз
Елордада демалыс күні қайда баруға болады
Нұр-Сұлтанда күн сайын түрлі бағыттағы қызықты шаралар өтіп жатады. Алдағы демалыста қала тұрғындары мен қонақтары тарихи көрме, классикалық музыка кеші мен «Астана Марафон 2019» халықаралық марафонына қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
07 Қыркүйек, 2019
Тараздықтар Президент Жолдауын талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын тараздықтар да талқылады. Тараз қалалық әкімдігінде өткен жиынға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қаласы бойынша ақпараттық топтың жетекшісі Бекболат Орынбеков, Президент Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық, қалалық ақпараттық топтардың мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, оқу орындары мен денсаулық сақтау мекемелерінің, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
06 Қыркүйек, 2019
Дария Қожамжарова: «Мәңгілік ел» болуға нық қадам жасалды
Бүгінде мемлекетті басқару үлгісі бойынша қалыптасқан бірқатар тұжырымдамалар бар. Атап айтқанда, англо – саксон, роман – герман, мұсылман елдерінің үлгісі және азиялық үлгі. Дегенмен зерттеушілердің барлығы ешқандайда да басқару үлгісін шынайы және оны дәстүрлі үлгі ретінде басқа елдерге енгізе салатын әдіс емес екенін дәлелдеп отыр.
06 Қыркүйек, 2019
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
06 Қыркүйек, 2019
Футбол: «Манчестер Юнайтед» өз құрамын жариялады
Футболдан Еуропа лигасындағы топтық турнирінің тұсаукесер кездесуін «Астана» Англияның әйгілі «Манчестер Юнайтед» клубына қарсы өткізетіні белгілі. Бұл матч 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00-де «Олд Траффорд» стадионында өтеді.
06 Қыркүйек, 2019
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер барады
16 қыркүйек күні Тайландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионаты басталады. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін атады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
06 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына жаңа әкім тағайындалды
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына әкім болып Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы тағайындалды. Айта кетейік, Бөрлі ауданы – облыстағы жалғыз өнеркәсіпті моноқала – Ақсай шаһары, ірі газ-конденсат кен орны – Қарашығанақ орналасқан өңір.
06 Қыркүйек, 2019
Хоккей: «Барыс» сырттағы ойындарды қандай құрамда өткізеді
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) тұсаукесер бәсекесінде ұтылып, келесі кездесуде жеңіске жеткен Нұр-Сұлтанның «Барысы» енді алдағы төрт ойынын сыртта өткізеді.
06 Қыркүйек, 2019
Баскетбол: Әлем чемпионатының екінші кезеңі басталады
Бұл күндері Қытайда баскетболдан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші кезеңіне шыққан командалар толықтай белгілі болды. Енді 16 команда төрт топқа бөлініп, өзара күш сынасады.
06 Қыркүйек, 2019
Каратэден Дархан Асаділов Жапониядағы Премьер-лига кезеңінің финалына шықты
Бүгін Токиода каратэден кезекті Премьер-лига басталды. Жарыстың брінші күнінде ерлер 60, 67 және 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаса, қыздар 50, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
06 Қыркүйек, 2019
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігінің екінші турында Нұр-Сұлтанның «Барысы» Хабаровскінің «Амурын» қабылдады.
06 Қыркүйек, 2019
Футбол: Жыл құрамасы 23 қыркүйекте анықталады
ФИФА және Халықаралық кәсіпқой футболшылар қауымдастығының федерациясы (FIFPro) жыл командасы құрамына енуге үміткер 55 ойыншының есімін атады. Олар:
06 Қыркүйек, 2019
Маңғыстауда «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтуде
Бұл жөнінде Маңғыстау облысы ПД Баспасөз қызметі хабарлады.
06 Қыркүйек, 2019
Сүлесоқ пендені дүниеге әкелетін...
Қазақты ұлт ретінде жоюды кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде жүргізген патша билігі мемлекетіміздің белгісі хандықты, ұлттың өзін өзі билеуінің көрінісі ақсақал, билер билігін жойып болған тұста революция әлемді төңкерді. Төңкеріспен билікке қолы жеткендер қазақты құртып, жеріне ие болып қалу саясатын ұмытқан жоқ. Тек әдісін өзгертті. Орыстандыру саясаты жүйелі түрде жүргізілді.
06 Қыркүйек, 2019
Бағлан Қарашолақов: Әркім өзінің қолынан келетін іспен айналысуы керек
Жамбыл облысының дамуына елеулі үлес қосып, өңір халқының ықыласына бөленіп жүрген Бағлан Қарашолақов бүгінде 70 жасқа толып отыр. Айтулы азаматты мерейлі белесімен құттықтай отырып, оқырман назарына осы сұхбатын ұсынамыз.
06 Қыркүйек, 2019
Несиеге мал беру ауыл әлеуетін көтереді
Қазақта «Ауылым алтын – бесігім», деген аталы сөз бар. Ауылды сағынып, жыл сайын еңбек демалысымызда ауылға баратынбыз, ауыл біздің тарихымыз, сол тарихтың бір бетін қарасаңыз, ауылдағы күндіз-түні бітпейтін тіршілік,көктемде мал төлдеп, жер құлпырып, ауыл адамдары есік алдындағы 10-50 сотық жеріне жоңышқа, картоп, көкөністерін егіп, кеңшардың жыл он екі ай бітпейтін жұмысынан бір күн босамайтын еді. Ауыл адамдары еңбек демалысы дегенді білмейтіндей өйткені демалуға уақыт жоқ. Бұл сол кездегі Жамбыл облысы, Талас ауданының әр кеңшарындағы бар жағдай-тын. Жалпы, Талас ауданынан 61 Социалистік Еңбек Ері шығыпты.
06 Қыркүйек, 2019
Атаулы көмекті шын мұқтаждар алуы тиіс
Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты айтылып жүрген әңгіме көп. Көмекке мұқтаждардың арасында қол жеткізе алмай жүргендер де баршылық, керісінше жалған айтып жағдайын жақсартқысы келетіндер де аз емес. Мысалы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биылғы сәуір-шілде айында тағайындалған 13226 отбасының 1350-іне берілетін қаржы тоқтатылған.
06 Қыркүйек, 2019
Бақытжан Байтөре: Легионерлер қазақстандық волейболды өркендетпейді
Қазақстан волейболының өркендеуіне Бақытжан Байтөренің өлшеусіз үлес қосқаны еш дау туғызбаса керек. КСРО дәуірінде елеулі табыстарға қол жеткізген ол еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де дара талантымен оқшауланып, теңдессіз өнерімен талай жанкүйерді тамсандырды. 1993 жылы Алматының «Азаматы» айды аспанға шығарып, Азияның клубтық чемпионатында алтын тұғырға көтерілгені есімізде. Көп ұзамай Қазақстанның ұлттық құрамасы құрлық біріншілігінің күміс медалін иеленді. Міне, сол командалардың сапында жалғыз қазақтың жасындай жарқылдағанын көзі қарақты көрермендер әлі ұмыта қойған жоқ. Дәл сол жылы Бақытжан «Азияның ең үздік ойыншысы» деген атаққа ие болды. Бір айта кетерлігі, Байтөреге дейін де, Байтөреден кейін де қазақстандық волейболшылардың бірде-біреуіне дәл осындай мәртебелі атақ бұйырмаған еді. Осы жайттың өзі-ақ бойы екі метрден (202 сантиметр – ред.) асатын қандасымыздың шоқтығы биік ойыншы болғанын аңғартады.
06 Қыркүйек, 2019
Биыл адамзаттың алып ақыны, неміс халқының ұлы перзенті, Энгельсше айтсақ, «Кейде орасан зор ұлы ақын, кейде жұпыны, кейде дүниеге пысқырмайтын, бас имейтін тәкаппар данышпан, кейде сақ, баршаға разы» Иоганн Вольфганг фон Гётенің туғанына 270 жыл толды. «Мені патшалықтар мен тақтардың ойрандалуы емес, қарапайым шаруаның құжырасы өртенгені қынжылтады», деп күңіренетін неміс баласының туған күнін қазақ елі де елеусіз қалдырған жоқ.
06 Қыркүйек, 2019
Үш ауысымды мектептер Ақтөбе облысындағы аса өзекті мәселелер қатарында қалып отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің дәстүрлі Тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде үш ауысымды және шағын жинақты мектептер мәселесі өз шешімін табуы керек екенін атап көрсетті. Мұндай жағдайда білім сапасын көтеру мен жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу еш мүмкін емес. Білім беру ісіне қатысты Президент пайымдауынан туған түйіннің бірі – қордаланған мәселелерді дер кезінде анықтап, оны шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну болмақ.
06 Қыркүйек, 2019