Оқи отырыңыз
Өткен ғасырдың аяғында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі тағдыры алаңдаулы күйде болғаны бәрімізге аян. Сол бір өліара шақта мемлекеттік тілдің кең етек жайып, қолданылуы үшін әр салада түрлі жобалар бастау алды. Қазақстандықтардың қазақ тіліне қолжетімділігін арттыруды ойлаған алматылық бағдарламашы Евгений Чуриков 1999 жылы қазақ тілінің электронды сөздігін жасай бастаған болатын.
08 Тамыз, 2019
Тоқсан жолдың торабында тұрған Қарағанды қаласы үшін айналма жол ауадай қажет болатын. Бір ғана мысалға көз жүгіртсеңіз, бұл мәселенің күн тәртібінде өте өткір тұрғанын аңғарар едіңіз. Мәселен, кеншілер астанасы арқылы күніне 20 мыңнан астам транзиттік көлік өтеді екен.
08 Тамыз, 2019
Бүгін Каспий құбыр консорциумы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына құны 20 млн тұратын ұшқышсыз ұшу аппаратын тарту етті. Еліміздегі киіктерге мониторинг жүргізуге ерекше көмегі тиетін, жануарларды қорғау мен бақылау жұмыстарына көп мүмкіндік беретін аппаратты табыстау мен таныстыру рәсіміне Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.
07 Тамыз, 2019
Қазақстанда 2018 жылы 3 млн дана тері өндірілді
2,1 млн. астам тері (жалпы санның 70%-ы) тұрғындардың шаруашылықтарында өндіріледі, қалған 30% мамандандырылған мал сою бекеттерінен алынады. 2018 жылы отандық кәсіпорындар 400 мың, яғни 2,4 мың тонна тері өңдеді, экспорт 817 мың АҚШ доллары сомасын құрады (шамамен 135 мың тері.) Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Тамыз, 2019
Қарағандыда жасыл технологиялар жайылымдарға келді
Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының Родниковка ауылындағы «Лега» және «Шаг» шаруа қожалықтарына күн энергиясынан қуат алатын панелдер орнатылды. Аталған фермаларды жасыл технологияларға көшіру жайылымдарды суландыру бағдарламасы аясында іске асты.
07 Тамыз, 2019
Арқалықта мемлекеттік қызметшілердің аймақтық тестілеу залы ашылды
Жаңа тестілеу залын ашудағы басты мақсат мемлекеттік және құқық қорғау қызметінен өз орнын тапқысы келетіндерге ыңғайлы жағдай жасау болып табылады. Тестілеу залынің материалдық-техникалық базасы үздік құралдар мен жабдықтардан тұрады. Бұл – Қостанай облысындағы екінші тестілеу залы, біріншісі облыс орталығында орналасқан.
06 Тамыз, 2019
Қ. Мәми Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челленджге қатысты
2019 жылғы 6 тамызда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Ә. Мәми «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың ІІІ Халықаралық форумының жалпы отырысына қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.
06 Тамыз, 2019
Қостанайда киік атқан қаскөйлер ұсталды
Қостанай облыстық полиция департаментінде тәжірибелі мамандардан құрылған жедел топ киікті заңсыз атқан екі азаматты екі сағаттың ішінде тауып, Науырзым ауданындағы Ақжол ауылының маңынан ұстады. Олар атқан киіктің өлексесін лақтырып тастап, өздері сытылып кеткісі келген.
06 Тамыз, 2019
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде ұйымдастырылған танымдық бағдарламалардың бірінде руханият ордасының қорында сақталған аспаптар кеңінен таныстырылды.
06 Тамыз, 2019
Президент кубогының кестесі жарияланды
Ертең Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұзсарайында биыл 10-шы рет ұйымдастырылып жатқан хоккейден Қазақстан Президенті кубогының жалауы желбірейді.
06 Тамыз, 2019
Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев Тараз қаласынан 200 орындық бөбекжай ашты. Жуырда ғана тараздық тұрғындар жақсы іске куә болып, бөбекжайдың ашылу салтанатын тамашалады. Балуан салып берген бөбекжай екі қабатты еңселі ғимаратта орналасқан. Елбасының «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында бастау алған игі бастама балалардың болашағы үшін қолға алынып отыр.
06 Тамыз, 2019
«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның кеншілері разрездің негізі қаланғаннан бері 170 млн тонна көмір өндіріп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Айтулы межені «Центральный» разрезіндегі құрамында машинист Ахмадия Ахметов пен оның көмекшісі Николай Затонный бар «ЭКГ-5» экскаватор бригадасы алғашқы болып бағындырды.
06 Тамыз, 2019
«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсендісі, қос қолы болмағандықтан суретті тісімен салатын қылқалам шебері Кәріпбек Күйіковтің жеке галереясы жаңа картинамен толықты.
06 Тамыз, 2019
250 бала полиция бөлімшесіне әкелінді
Батыс Қазақстан облысында жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмаған 228 жас бала ата-анасының немесе заңды өкілінің қадағалауынсыз беймезгіл уақытта далада жүріп, полиция қызметкерлерінің назарына түскен.
06 Тамыз, 2019
Бір бойына қуаныш пен шаттықты, қасірет пен қайғыны қатар сыйғызған даланың дегдарлығына таңданбасқа амал жоқ. Домбыраның қос ішегіндей қатар өрілген, күңіренген күй болып қатар төгілген бұл екі ұғым ежелден бар. Өзі құндағына бөлеп, әлди әнімен әлемді тербеткен ұлы дала күнің түгесіліп, демің біткенде қобыз сарынындай қаралы әуенімен де жоқтайды. Бұл да болса Құдіреттің маңдайға жазғаны, жаратылыстың заңдылығы, табиғаттың қағидасы болса керек. Ал сол екі арада адамзат баласы тағдыр дейтін тақ иесінің тұтқынында ғұмыр кешіп, не түрлі сұмдықты басынан кешіріп барып жан береді екен. Ал сүйекке сіңген қасірет, қанға араласқан қайғы дейтіннің өзін қара жердің сызы да кетіре алмас.
06 Тамыз, 2019
Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар жүргізуші куәлігін алды
«Равная дорога» автомектебінің тыңдаушылары көптен бері армандаған құжатқа қол жеткізді.
05 Тамыз, 2019
Петропавл қаласының жағажайында жедел-құтқару жасағының құтқарушысы бір баланың өмірін сақтап қалды. Ол суға шашалып, батып бара жатқан 11 жастағы баланы жағаға алып шығып, кезекші медбике дер кезінде көмекке келген.
05 Тамыз, 2019
Есте жоқ ескі заманда бір теңіз сұлуы өмір сүріпті деседі. Айдан әсем, күннен көркем келбетіне қараған жан көзін ала алмай қалады екен. Бірақ тәкаппар ару адам баласын менсінбепті. Ғайыптан тайып біреу өзіне қарай беттесе, суға сүңгіп жоғалады.
05 Тамыз, 2019
Қазақ теміржолының алтын бесігі
Алматыдағы темір жол көлігінің орталық музейі және Алматы музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен көлік қызметкерлері күніне арналған айрықша көрме ашылды. Алғаш 1901 жылы іргетасы қаланған қазақ теміржолының тарихы тереңде жатыр. Нақ осы жылы еліміздің батысында жолтабан ені 1524 мм болатын алғашқы темір жол салынып, 1904 жылдың қаңтар айында Орынбор қаласынан Қазалы (Кубек) стансасына дейін алғашқы пойыз жолға шықты.
05 Тамыз, 2019
Арыстағы күні кеше болған апат халықтың қабырғасын қайыстырып, тыныш күнде аспаннан найзағай түскендей болды. Кір жуып, кіндік қаны тамған атажұртында отырған ел үрейленіп, қорқынышқа бой алдырды. Бірақ күллі Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, басқа түскен қасіретті қайырымдылықпен жеңуге аянбай атсалысып келеді.
05 Тамыз, 2019