Оқи отырыңыз
Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды
Мұнай-газ саласы бойынша айтулы шара 9- 11 сәуір аралығында өтеді деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
10 Сәуір, 2019
«Отандастар Қоры» КЕАҚ өкілдері Франциядағы қандастармен кездесті
«Отандастар Қоры» КЕАҚ Франциядағы қазақ диаспорасымен кездесті. Қор өкілдері Франциядағы қазақ жұртшылығын Елбасының 5-ші Дүниежүзі қазақтары құрылтайындағы тапсырмасымен құрылған «Отандастар Қорының» мақсат-міндеттерімен таныстырды.
10 Сәуір, 2019
Виртуалды сот: жаңа жобаның тиімді тұсы көп
Алыс ауылда тұратындар енді бұрынғыдай сот ісіне қатысуға облыс орталығына келіп жүрмейді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Кез келген адам үйінен немесе тіпті шетелден сот отырысына қатыса алады. ІТ-технологияның бұл жаңашылдығы өткен жылдың маусым айынан бері Атырауда да жүзеге асып келеді.
10 Сәуір, 2019
Қызылордада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің студенттер сарайында «Н.Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды.
10 Сәуір, 2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауы туралы халқымызға жолдаған Үндеуі адамды сан ойға жетелейді. Әлемдік ахуалдың бұлыңғыр тұсында адамзаттың айдынына тәуекелдің желқайығымен шыққан қазақ елінің осы шешімді ертерек жасағаны дұрыс болды.
10 Сәуір, 2019
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Жоғары аударма мектебін құру ұсынылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтіп жатқан VI Халықаралық Фараби оқулары аясында «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық зерттеулердің трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында көп тілде теңдей аударма жасалып, қатысушылардың көңілінен шықты.
10 Сәуір, 2019
«Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді». Қасиетті Құранда осылай жазылғанымен, мұны қаперге ала бермейтініміз рас. Өкініштісі, қазір қаралы үйде қазан көтеріліп, аста-төк дастарқан жаю «сәнге» айналып кетті.
10 Сәуір, 2019
Қазақстан хоккейшілері Беларусь және Оңтүстік Корея ойыншыларымен кездеседі
Шайбалы хоккейден бірінші дивизионның В тобындағы командалар арасында Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
09 Сәуір, 2019
Үкіметтік жұмыс тобы Қызылорда облысында әлеуметтік саясаттың іске асырылу барысын тексерді
2019 жылғы 9 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың басшылығымен Үкіметтік жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Қызылорда облысына барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019
Қыздар университеті «75 жылға – 75 игілікті іс» жобасын бастады
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығына орай арнайы экологиялық жоба бастау алды. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан мәлімдеді.
09 Сәуір, 2019
Жамбыл облысында шегіртке зиянкестерімен күрес жөніндегі штабтың отырысы өтті
2019 жылдың 20 сәуірінен бастап Жамбыл облысында үйірлі шегірткенің 3 түріне марокколық, итальяндық және азиялық шегірткеге қарсы өңдеу басталды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысының Байзақ ауданында шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес штабының кезекті отырысында айтылды.
09 Сәуір, 2019
Елордалық екі теміржол стансасының атауы өзгерді
Астана-1 стансасының атауы Нұр-Сұлтан-1 деп өзгертілді. Ал Астана – Нұрлы жол стансасы енді Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол стансасы деп аталатын болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019
Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға түсуіне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы кезектен тыс Президент сайлауына түсуіне қатысты пікір білдірді.
09 Сәуір, 2019
Қызылорда облысынан мақсары май экспортталып жатыр
Қызылорда облысынан өткен жылы 70 тоннаға жуық мақсары майы экспортталды. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz хабарлады.
09 Сәуір, 2019
Қызылордада экология мәселелері бойынша кеңес өтті
Кеңесте қалдықтарды бөлек жинау және облыс орталығының кәріз жүйелерін жаңғырту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019
Қордайда ірі көлемде темекі контрабандасы ұсталды
«Қордай» шекара отрядының «Қарасу-авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасынан біздің елге «Даф» жүк көлігімен келе жатқан 23 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019
Жобалық офис жұмысында 306 млрд теңгені құрайтын 344 жоба бар - Р.Скляр
«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында басым жобаларды жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын тиімді іске асыру үшін 2019 жылдың он сегізінші наурызынан бастап «Атамакен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жасайтын жобалық офис қызмет атқарып жатыр. Бұл туралы Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр мәлімдеді.
09 Сәуір, 2019
Алматыда Азия чемпионаты өтеді
16-21 сәуір аралығында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы Алатау баурайындағы әсем қаланың іргесіндегі ипподромда Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді.
09 Сәуір, 2019
Шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша жұмыстар басталды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында шегіртке зиянкестерімен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысы өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, техниканың дайындығын, препараттардың бар-жоғын тексеріп, аудандар бойынша өңдеу жоспарларын карталар бойынша тексеріп, мамандармен және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2019