Оқи отырыңыз
Шығыста 10 «жайлы мектеп» бой көтереді
Айтты, айтпады, Шығыс Қазақстан өңірі мектептерден таршылық көріп келе жатқаны жасырын емес. Сол үшін ғой, облыста бір емес, ұлттық қанатқақты жоба аясында он «жайлы мектеп» салу жоспарда бар дегенді естіген ел шынайы қуанған. Оның жетеуін биыл аяқтауды көздеп отыр.
15 Маусым, 2024
Бейсенбі күні «Amanat» партиясының бастамасымен оның өңірлік және аумақтық филиалдары «Road» эстафетасын және «Таза бейсенбі» акциясын жоғары деңгейде ұйымдастырып, іс-шара аясында Астана – Алматы тасжолының басым бөлігі қоқыстан тазартылды. Бұл жұмысқа Алматы облысының еріктілері белсене қатысты.
15 Маусым, 2024
Павлодарда шыбын-шіркейге қарсы улау жұмыстары шілденің ортасына дейін жалғасады. Биыл өңірдегі дезинсекциялық іс-шаралар аумағы іс жүзінде екі есеге, яғни 71,5 мың гектардан 127 мың гектарға ұлғайтылды. Осы уақытқа дейін Ертіс өзенінің жайылмаларын улау үшін 8 ұшақ жалпы саны 326 рет әуеге көтерілген.
15 Маусым, 2024
Аспан айналып жерге түсердей аптап ыстыққа қарамастан өңір тұрғындары жұма күні жұмылып, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бірыңғай сенбілікке шықты. Облыс аумағын түгел қамтыған ауқымды экологиялық іс-шараға жергілікті атқарушы билік өкілдері, қоғамдық ұйымдар, студенттер, ерікті жастар, қарапайым тұрғындар қатысты. Бұл күні тазалықты ту еткен 30-ға жуық экоакция, флешмоб, челлендж, сенбілік іс-шаралары өтті.
15 Маусым, 2024
Әлішер Ерғали әлемдегі 10 үздік балуанның қатарына кірді
Венгрияда өткен рейтингілік турнирден кейін 97 келі салмақта күресетін отандасымыз Әлішер Ерғали үздік ондыққа кірді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
14 Маусым, 2024
Демалыс күндері 42 градусқа дейін аптап ыстық болады
Синоптиктер 15, 16 және 17 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
ТМД елдерінің ішінде ең қымбат такси Қазақстанда – статистика
Қазақстанда таксиде жолаушыларды тасымалдаудың ең жоғары тарифтері тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Еуро-2024: Матчтарды қайда және қашан көруге болады?
Бүгін, 14 маусым күні Германияда футболдан Еуропа чемпионаты басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Зейнеткерлерге жұмыс істеуге жаңа мүмкіндік беріледі
Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа орналастыруға бағытталған «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу мәселесі қарастырылады
Парламенттегілер қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесін қарауы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
СҚО-да түгел бір отбасы астан уланып, 2 баласынан айырылып қалды
13 маусым күні СҚО, Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде тұратын отбасы астан уланып қалды, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2024
Қоғамдық орындардағы тегін Wi-Fi қаншалықты қауіпті?
Кофеханалар мен қонақ үйлерде және қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi желісіне қосылу қауіпті. Өйткені хакерлер тегін интернет қолданушылардың жеке деректеріне қол жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Информбюро агенттігіне сілтеме жасап.
14 Маусым, 2024
Утильалымға қарсы петиция министрлікте талқыланды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде өткен жиында 50 мың Қазақстан азаматы қолдаған қалдықтарды қайта өңдеу туралы петиция талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Маусым, 2024
Қазалы – Қызылорда облысындағы экономикасы дамыған аудандардың бірі. Дария жағалауындағы байырғы қоныста кәсібін өрістетіп, жұртты жұмыспен қамтып отырғандар көп. Қазір Қазалының балығы, еті мен сүті елімізден бөлек алыс-жақын шетелдерге де экспортталып жатыр.
14 Маусым, 2024
Әлемге танылған соттар тәжірибесі
«Астана» халықаралық қаржы орталығында осы орталық Сотының төрағасы Мэлдон лорд Бернетт пен АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммельдің қатысуымен пікірталас сессиясы өтті. Кездесуге АХҚО сотының тіркеушісі және Халықаралық арбитраж орталығының аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт модераторлық етті.
14 Маусым, 2024
Азық-түліктің 80%-ы сырттан тасымалданатын Маңғыстауда келген тауар-тағамдарды сақтау – маңызды мәселе. Өнімнің бұзылмауы мен кең көлемде сақталуы үшін арнайы орынның қажет болатыны айдан анық. Мемлекет басшысы облысқа сапарында аймақ басшылығына «азық-түлік тауарларының бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде сауда инфрақұрылымын дамытуға және басқа өңірлердегі тауар өндірушілермен ұзақмерзімді шарттар жасауға» қатысты бірқатар тапсырма жүктеген болатын.
14 Маусым, 2024
Балмұздақтың 120 түрін шығарады
Қордай десе, Алатаудың ар жағындағы айырқалпақты ағайынмен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан шекарадағы аудан еске түседі. Ән мен жырдың кеніне айналған Кенен Әзірбаев туған өңірде кәсіптің көзі мен нәсіптің өзін тапқан іскер азаматтар аз емес. «Куликов және К», «Қордай сүт өнімдері» серіктестіктері ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етіп келеді. Кондитерлік және сүт өнімдерін өндіруге дағдыланған кәсіпорын басшылары жыл өткен сайын кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп жатыр.
14 Маусым, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы бері өңірде 1170 сенбілік өткізіліп, оған 220 мың тұрғын қатысты. Жалпы алғанда, 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер, 816,6 мың шақырым каналдар мен арықтар тазаланып, 60 мыңға жетеғабыл көшет егілді.
14 Маусым, 2024
Атамекенін аңсап келген қандастар таңдайтын облыстың қатарында Атырау да бар. Биыл 5 айда мұнайлы өңірге оралған этностық қазақтың дені бұрын көршілес елдерде тұрған.
14 Маусым, 2024
Жаңа зерттеулер мен мүмкіндіктер
Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығында «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Жапония ғылыми-техникалық ынтымақтастығына – 30 жыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық семинар өтті.
14 Маусым, 2024