Оқи отырыңыз
Қайтарылған жерді тиімді пайдалану маңызды
Әлеуетті меншік иелеріне қойылатын топырақ сапасын, өсімдік жамылғысын сақтау, жайылымдардың тозуын болдырмау, ауыспалы егістерді сақтау және жерді ұтымды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша басқа да қарсы міндеттемелер қолданыстағы конкурстардағы талаптарда күшейтіледі.
05 Сәуір, 2024
Күрделі жағдайдан шығудың қамы
Батыс Қазақстан облысында су тасқынымен күрес дамылсыз жүргізіліп жатыр. «Қазгидромет» мекемесі облыстық филиалының басшысы Төлеген Шапанов Жайық өзеніндегі су деңгейі сәуірдің екінші жартысында қауіпті шекке жетеді деп мәлімдеді.
05 Сәуір, 2024
Мұнайлы өңірде тосыннан келген судың салған сергелдеңі әлі тоқтамай тұр. Сол себептен облыстық жедел штаб Қызылқоға мен Жылыой ауданының аумағынан өтетін Ойыл және Жем өзендерінің жағалауын бекітуге баса мән беріп отыр.
05 Сәуір, 2024
Өткен жылға шаруалардың өкпесі бар. Жылда қамбаларын астыққа толтыратын оларға былтыр кедергі көп болды. Жауын-шашын мөлшерден көп жауды. Егінді киік таптады. Жердің тозғанына және қапалы. Несін жасырамыз, көп шаруа көлденең шығынға ұшырады.
05 Сәуір, 2024
Қызылордадағы «NP-Consulting» компаниясы шығаратын қорғаныш каскаларын еліміздің әр түкпіріндегі мұнай, құрылыс, байланыс саласындағы кәсіпорындар пайдаланып отыр. Жергілікті кәсіпкер Ғалым Прекешов басқаратын серіктестік кейінгі жылдары 19 литрлік су бөтелкесіне арналған қақпақ өндіруді де қолға алып, өңірдегі жеңіл өнеркәсіп аясын кеңейте түсті.
05 Сәуір, 2024
Біздің ұлттық әдебиеттің алтын тамыры, негізгі діңгектерінің бірі – жыраулар поэзиясы. Мүмкін ертедегі қазақтың ақыл-ойы, сана-сезімі мен асқақ рухы кейіптелген жыраулар мұрасынсыз он екі де бір нұсқасыз тентіреп кетер ме едік, кім білсін.
04 Сәуір, 2024
Спорт саласында 39 жемқорлық фактісі анықталған
Соңғы 6 жылда спорт саласына бөлінетін бюджет көлемі 2 есе өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Қазақ ән әлемін өмір бойы зерттеп-зерделей жүріп, «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді», деп тебіренген Александр Затаевичтің ұлттық музыка өнеріне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Мемлекеттік Орталық музейде дарынды композитордың туғанына 155 жыл толуына арналған «Қазақ ұлттық музыкасының майталманы» атты мәдени кеш өтіп, мазмұнды іс-шара «Дала әуенінің ізімен» деп аталған танымдық көрмеге ұласты.
04 Сәуір, 2024
Гүлсина МЕРҒАЛИЕВА: Өнер өресімен өміршең
Әдетте режиссура тек қана ер адамның төл мамандығындай қабылданады. Себебі сырттай сұлу көрінгенімен, шын мәнінде, бұл саланың салмағы зіл батпан, ал жүктейтін жауапкершілігі одан да зор. Сондықтан болса керек, талабы таудай, талғамы терең өнердің бұл бағытына батылы баратындар көп емес. Ал бағың жанып келдің екен, қатардағы көптің бірі болмай, жанартаудай атқылап сахнада жаңалық жасай алатындар тіптен аз. Осыдан ширек ғасыр бұрын режиссураның табалдырығын имене аттап, ә дегеннен-ақ тың ой, батыл көзқарасымен өнерде төңкеріс жасаған Гүлсина Мерғалиева есімі бүгінде еліміздегі ең үздік режиссерлердің көшін бастайды. Сананы сілкінтер спектакль қойып қана қоймай, бір топ курстасымен келіп сонау Маңғыстаудың маң даласында театр ашып, тыңнан түрен салған Гүлсинаның ерен еңбегін ерлік демеске шараң жоқ. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында ашылғаннан бері бас режиссер әрі көркемдік жетекші, кейін директоры қызметін абыроймен атқарып, Жантөрин театрын жаңаша жаңғыртқан режиссура реформаторымен өрелі өнер турасында сыр-сұхбат құрған едік.
04 Сәуір, 2024
Синоптиктер елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады
«Қазгидромет» синоптиктері 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің жеті өңірінде қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Үшемнің өмірге келуі – сирек кездесетін жайт. Атырауда үшем дүниеге келді. Нәрестелер – жас отбасының тұңғышы.
04 Сәуір, 2024
Тасыған су талай малды құрбан еткенін естіп-біліп отырмыз. Осындай оқиға Ақмола өңірінде де тіркелді. Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе аулында ақмолалық құтқарушылар 6 түйені судан құтқарды.
04 Сәуір, 2024
Қонаев қаласының әкімі отставкаға кетті
Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
«Қазгидромет» баспасөз қызметі 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Атыраудағы Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды
Бүгін, 4 сәуірде Жылыой ауданында төтенше жағдай жариялау шешімі қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Ірі кәсіпорындар бизнесті қолдауға тиіс
Отандық өндірісті ынталандыру үшін Премьер-министр жыл соңына дейін ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен жасалатын оффтейк-келісімшарттарының санын кем дегенде екі есеге арттыруды тапсырды. Егер бұрын бұл жұмыс ерікті түрде жүргізілсе, қазір заңнамада ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құру және олармен ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу міндеті бекітілген.
04 Сәуір, 2024
Инфрақұрылым игілігі – халыққа
Жақында өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына ауқымды міндеттер қойды. Соның ішінде ірі инфрақұрылымдық бастамалар айтылды. Президент айтқан салалар – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу және жаңғырту, баспана құрылысы, жолдарды жөндеу және газдандыру жұмысы болатын. Жауапты министрліктер осы бағыттардың әрқайсысы бойынша тиісті жұмысты бастап кетті. Алда нақты көрсеткіштер бар және ол бойынша барлық мемлекеттік орган, әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес компаниялар тартылатын болады.
04 Сәуір, 2024
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында радиотехникалық және инфокоммуникациялық технологиялардың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
04 Сәуір, 2024
Жүзге жуық ақтаулық әскерге шақырылушы ҰҚК Шекара қызметінің Алматы, Маңғыстау облыстарындағы бөлімшелеріне аттанды. Дәстүрге сай әскерге шақырылған 22 жас жігітті шығарып салу рәсімі облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің саптық алаңында өтті.
04 Сәуір, 2024
Облыста қарғын судың легі біртіндеп солтүстік бөлікке қарай жылжып барады. Негізгі қауіп қазіргі күні Ақтоғай, Успен, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл, Железин аудандарында сақталып отыр.
04 Сәуір, 2024