Оқи отырыңыз
Мүлде ойламаған жерден үлкен қуанышқа кенеліп жатсаңыз, таңғалмаңыз. Әуе кемесіне мініп, Орал – Алматы бағытында ұшып келген Қайрат Манабаевты ойға кіріп-шықпаған тосын сәттілік күтіп алды.
08 Қараша, 2023
Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі – әлі тумаған адам, екіншісі – өлген адам – Құтып
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында Махмұт Қашқари, Құтып ойларын ұсынып отырмыз.
08 Қараша, 2023
Ауруханаға түскендер астан уланған ба?
Мектеп асханасынан шыққан дау түгесілер емес. Біршама уақыт бұрын Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты білім ошақтарының бірінде оқушыларға мерзімі өтіп кеткен иогурт берілгені туралы ақпарат тараған еді. Енді міне, Байзақ ауданындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының асханасындағы тамақтан 44 оқушы, 2 ұстаз уланды деген ақпарат желдей есіп тұр.
08 Қараша, 2023
«Өнегелі іс». Мектеп тазалықшысына құрмет көрсеткен ұстазға жұрт риза (видео)
Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп гимназиясының 1 «Г» сынып жетекшісі Асылхан Абылова оқушыларымен бірлесіп мектеп қызметкерін қуантты. Осы мектепте тазалыққа жауапты қызметкердің 60 жасқа толған туған күнінде күтпеген тосын сый жасады. Әлеуметтік желіде кең таралып, қоғамның құрметіне кенелген шынайы құттықтаудың анық-қанығын ізгі амал ұйымдастырушысының өзінен сұрадық.
08 Қараша, 2023
Доллар мен мұнай бағасы тағы өсті
Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге қарағанда, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,07 теңгеге қымбаттап, 466,79 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2023
«Мемлекет барлық еңбекті бағалайды». Министр Әли Оқапов туралы
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі сыннан кейін отандық әнші Әли Оқаповқа берілген «Құрмет» орденіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2023
Коллекциялық монеталар айналымға түседі
Таяуда Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясы аясында «Teńgege 30 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
08 Қараша, 2023
Жер шарындағы өзгеріп жатқан климат, яғни жаһандық жылу, табиғи экожүйенің бұзылуы, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, қоқыстың көбеюі – қазір әлемдегі күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер бойынша түрлі зерттеу жүргізіліп, есептер жазылды. Солардың бірі – қолданушыларға кәсіби бағытта пайдалы бола алатын «LinkedIn» компаниясы жүргізген зерттеу.
08 Қараша, 2023
«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты еліміздің тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастырып келеді. Осы тақырып төңірегінде өткен дөңгелек үстелге белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысты.
08 Қараша, 2023
«Stopfake.kz» порталы кейінгі үш жылда отандық кеңістіктен 3 мыңнан астам ақпараттың жалған екенін анықтаған. Биылдың өзінде 760 басылымның дерегі тексерілген. Талдау барысында фейк жаңалықтың көбіне вакцинация, коронавирустық пандемия, қастандық жасау, 5G байланыс форматы және интернет-технологиялар тақырыбында тарайтыны белгілі болып отыр.
08 Қараша, 2023
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда елімізде егін жинау науқаны аясында республиканың нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналғаны мәлім етілді. Отырыста министрлер кабинетінің заң жобалау жұмыстары жоспарының 2024 жылға арналған жобасы да пысықталды.
08 Қараша, 2023
Еліміздің барлық өңіріндегі шалғай ауылдардағы оқушыларды тасымалдауға мемлекет бюджетінен 488 су жаңа мектеп автобустары берілді.
08 Қараша, 2023
ТМҰ саммиті – түркі дәуірінің жаңғыруы
Елордамызда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Астана саммиті өткені белгілі. Іс-шараға ұйымға мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттердің Президенттері және үкімет басшылары қатысып, маңызды құжаттарға қол қойды. Тұрақсыздық кезеңде ұйымдастырылған іргелі жиын Қазақстанға да, Түркі әлеміне де зор маңызға ие.
08 Қараша, 2023
Димаш Женевада БҰҰ басшылығымен кездесті
Кеше, 6 қарашада Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валовамен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2023
«Бала күнгі арманым». Мейрамбек Бесбаев туған күнінде жеке радиосын ашты
Бұл туралы белгілі әнші жаңа радионың әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2023
Жазғы Азия ойындары: таудай уәде, түймедей нәтиже
2023 жылдың басты додасы саналған жазғы Азия ойындарындағы спортшылардың көрсеткіші көңіл көншітпейді. Мұны Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев әр спорт түрінен федерация басшыларын қабылдау кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2023
Владимир Путин Қазақстанға қандай мақсатпен келмек?
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарының мәні мен екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2023
Атыраулық оқушы аламан бәйгеде осымен екінші рет көлік ұтып алды
«Қарақұс» атты тұлпар бәйгеде топ жарып, иесіне тағы да көлік мінгізді. Бұл жолы аламан ат бәйгесі Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының 90 жылдығына арналған, деп хабарлайды Egemen.kz «AtyrauPress» сайтына сілтеме жасап.
07 Қараша, 2023
Қаржылық сауатсыздық құрдымға кетіреді
Биыл Шымкентте экономикалық тергеу департаменті жалған энергетикалық сусындар шығаратын жасырын цехты анықтады. Дәл осындай жағдай мұның алдында да болған. Департамент ыдыс-аяқ жуатын химиялық тұрмыстық зат жасау бойынша экономикалық қылмысты әшкере еткен еді.
07 Қараша, 2023
Жылдық инфляция өсімі баяулады
Елімізде жылдық инфляция қазан айының қорытындысы бойынша 10,8 пайыз болды. Осылайша, қыркүйекпен салыстырғанда төмендеу байқалды (өткен айда 11,8 пайыз болған). Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сүйенсек, соңғы бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы – 10,4 пайызға, ақылы қызметтер – 11 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар 11,1 пайызға қымбаттаған.
07 Қараша, 2023