Оқи отырыңыз
Рудный қаласының тұрғыны таяуда ғана жеке кәсібін ашып, кір сабын шығара бастады. Қаланың орталық базарында «Үшқұдық» деген сауда белгісімен сатыла бастаған жергілікті өнімнің сапасы сырттан әкелініп жатқан кір сабындардан артық болмаса, кем емес. Бір әттеген-айы, сабынды көптеп шығаруға қаржы тапшылығы қолбайлау болып, кәсіпкер өз өндірісін жүйелі түрде жолға қоя алмай отыр.
18 Мамыр, 2023
Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері Рапунцель синдромына шалдыққан атыраулық балаға МӘМС жүйесі аясында операция жасап, асқазанынан «шашты ісікті» алып тастады.
18 Мамыр, 2023
Петропавл қаласында қыздар арасында бокстан VI жазғы республикалық спартакиада басталды. Бұған еліміздің барлық аймағынан 17 командаға біріккен 90 қыз қатысып жатыр. Соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық маңызға ие қалалардың командалары да бар. Қатысушылар 12 салмақ санаты бойынша чемпиондық атаққа таласады.
18 Мамыр, 2023
Жамбылдықтар бокстан Ташкент төрінде өткен әлем чемпионатын асыға күткені рас. Өңір боксшылары 24 жыл бойы жаһандық жарыстың алтын жүлдесін мойнына ілмеген. 1999 жылы Хьюстонда өткен байрақты бәсекеде Болат Жұмаділов топ жарғалы да ширек ғасырға жуықтапты.
18 Мамыр, 2023
Олимпиада чемпионына жол берді
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңнің төртінші тур ойынын өткізіп, тағы да жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды. Бұл жолы жерлестеріміз тоғыз дүркін Олимпия ойындарының чемпионы, 27 мәрте әлем чемпионатында оза шапқан даңқты Канада құрамасымен күш сынасып, 5:1 есебімен жол берді.
18 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы «Internazionali BNL d’Italia» турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізіп, өз карьерасында алғаш рет Италиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.
18 Мамыр, 2023
Сән әлемінде ойып алар орны бар «Асыл дизайн» сән үйінің отыз жылдығына орай Таразда дәстүрлі «Aspara Fashion Week» апталығының он бірінші маусымы ұйымдастырылды. Халықаралық іс-шараға жоба жетекшісі Айдархан Қалиев, «Ирина Набоко» сән үйінің бас дизайнері Ирина Набоко, басқа да мәртебелі меймандар қатысты.
18 Мамыр, 2023
Димаш Құдайбергеннің польшалық жанкүйерлері үш жылға жуық уақыт бойы әншінің шығармашылығы мен қазақ мәдениетіне арналған онлайн радиостансаны жүргізіп келеді. Ал былтырдан бастап «Димаш» радиосы қазақ тілі курсын жүргізуді қолға алды. Радионың хабар тарату желісі тек Польша ғана емес, бүкіл Еуропалық одақ елдерін қамтиды.
18 Мамыр, 2023
Тұрсынғали Еділов: Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасында да Жалоловтан жеңіледі
Жуырда ғана Ташкентте өткен бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары 4 алтын, 1 күміс медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте тек жарыс қожайындарынан ғана қалып қойған. Бұл ретте бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов «Egemen Qazaqstan» газетіне Өзбекстан төрінде өткен дүбірлі додаға қатысты пікір білдірді.
18 Мамыр, 2023
Бұл туралы бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Нұржан Сманов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген пікірінде айтты.
18 Мамыр, 2023
Қазақстандықтар былтыр музейге 6,1 млн рет барған
Өткен жылы Қазақстан азаматтары музейге 6 097 мың рет барса, 2021 жылы 5 104 мың рет болған. Халықаралық музей күніне орай Ұлттық статистика бюросы мәдени мекемеге барушылар жайлы статистикалық мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Мамыр, 2023
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
18 Мамыр, 2023
Қазақстандық IT мамандар «Huawei» академиясының базасында даярланады
Мемлекет басшысы Huawei Technologies компаниясының басқарма төрағасы Лян Хуаны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атануы мүмкін
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 турнирлеріндегі жеңістер бойынша әлемдегі үздік теннисші атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина Римдегі турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Мамыр, 2023
Газ саласы: Жаңару жолындағы жауапкершілік
Кез келген ел өзінің әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартудың бір факторы ретінде газ саласын дамытуға маңыз береді. Біз де халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететін тиімді реформаларға, сапалы өзгерістерге мүдделіміз. Осы орайда Президенттің газ саласы бойынша берген тапсырмалары қалай орындалып жатқандығы жөнінде «QazaqGaz» ұлттық компаниясы таратқан мәліметтермен бөліскелі отырмыз.
18 Мамыр, 2023
Сүт мәселесін «сүттей ұйыта» аламыз ба?
Еліміздің экономикалық тұрақтылығын қалыптастыруда ішкі өндірісті ұлғайту – Үкіметтің басты назарындағы мәселенің бірі. Олай болса, біздегі азық-түлік қорының 90%-ын құрайтын тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзін ауылшаруашылық саласы қамтамасыз етіп отыр. Соңғы уақытта мал өсірген қазақ үшін негізгі тағамға айналған сүт өнімі төңірегіндегі әңгіме бүгінгі күн тәртібінен түсер емес.
18 Мамыр, 2023
«Қарызсыз қоғам» ауыл халқының қаржылық сауаттылығын арттыра ма?
Ауыл халқының табысын арттыруға, жұмыссыз отбасылар санын азайтуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы барлық өңірлерде қызу қолға алынды. «Балық берме, қармақ бер» демекші, өз кәсібін ашуға ниеттенген әрбір жан үшін аталған бағдарламаның берер мүмкіндігі мол.
18 Мамыр, 2023
Химия өнеркәсібі: қабілет пен қарқын
Ұлттық экономикамыздағы химия өнеркәсібінің рөлі жылдан жылға артып келеді. Оның әсері металлургия, ауыл шаруашылығы, құрылыс сынды негізгі салалардың дамуынан, олардың өнім өндіру мүмкіндігінен мейлінше байқалады.
18 Мамыр, 2023
Өзімізді қамтамасыз етудің өзектілігі
Еліміз ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі және азық-түлікке тәуелсіздігі жөнінен Еуразиялық аймақтағы жетекші елдердің үштігіне кіреді. Бұл тақырыпты зерттеген Еуразия даму банкінің сарапшылары осындай қорытынды жасады.
18 Мамыр, 2023