Оқи отырыңыз
«Алғыр» аламанның алдында келді
Қызылорда қаласында бәйгеден ел чемпионатының оңтүстік аймақтық ІІ іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Жарыстың салтанатты ашылуына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, республикалық «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев қатысты.
24 Сәуір, 2023
Төрткүл дүние назары – Ташкентте
Келесі айда Жер жаһандағы бокс сүйер қауымның назары толықтай Ташкентке ауады. Өйткені, 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның бас шаһарында бокстан кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бірден айта кетейік, осы дүбірлі дода қарсаңында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жүлде қорын екі есеге көбейтті. Қазір ол 5,2 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Соған сай әлем чемпионы атанған саңлақ 200 мың долларды олжаласа, финалда сүрінгендер сол соманың тең жартысын алады. Ал қола жүлдеге қол жеткізгендер 50 мың долларды қалтаға басады.
24 Сәуір, 2023
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Пиреней түбегінің Ла-Нусия қаласында ұйымдастырылған 17, 20 және 23 жасқа дейінгі «Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды.
24 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте, елдің дамуына қатысты біраз мәселені қамтып, маңызды бағыттарды тағы бір нақтылады. Оның ішінде су мәселесі айырықша айтылды. «Суды үнемдеп тұтынуымыз керек. Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін», деді Президент.
24 Сәуір, 2023
Үкіметте Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген келелі кеңеске алғаш рет қатысқан облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатарында болдым. Бұл қадамды Президенттің өзі айтқандай, саяси өзгерістің бір нышаны деп қабылдаймыз.
24 Сәуір, 2023
Шахмат факультативтік пәнге айналуы мүмкін
Қазақстанда шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу бағдарламасы әзірленуде. Болашақта шахматты оқытуды мектепалды даярлықтан жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің басқа сатыларына да енгізуге болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) басшылары мен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Бокстан биылғы Әлем чемпионаты отандық телеарналардан көрсетіледі
104 елден 600 спортшы қатысатын жарыс 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 456,34 теңгені құрап, 1,09 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды
Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өте ме?
Биыл Қазақстанда әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
24 Сәуір, 2023
Елімізде 33 градусқа дейін күн ысиды
«Казгидромет» РМК синоптиктері 25-27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін субсидияға жаңа норма енгізіледі
Ауыл шаруашылығы министрі ішкі нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жүргізілетін бірқатар шара туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Туризмді жандандыратын орталық
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы сапар орталығымен танысты. Бұл орталық «Сарайшық» тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағында салынып жатыр.
24 Сәуір, 2023
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Абай облысына сапары аясында алдымен әлеуметтік-стартегиялық маңызы бар нысандардың жағдайын зерттеп-зерделеуге баса назар аударылды.
24 Сәуір, 2023
«Дипломмен – ауылға!» жобасына қатысушылар Отбасы банктен есепшот ашуға асыққаны жөн
Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес Отбасы банк биыл 1 сәуірден бастап «Дипломмен – ауылға!» жобасының сенімді агенті болып тағайындалғаны белгілі. Аталған жобаны жалғастыруда таңдау неге Отбасы банкке түсті десек, шынында да, оның тұрғынжайды несиелеуде бай тәжірибесі бар екендігін және осы жүйені үздіксіз жетілдіріп отырғанын жоққа шығара алмаймыз.
23 Сәуір, 2023
Кореяны қарсылас құрлы көрген жоқ
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мамыр айында Латвия мен Финляндияда жалауы желбірейтін әлем чемпионатына дайындық жұмысын бастады. Ғалым Мәмбеталиев жетекшілік ететін құрама жаһандық дода алдында оқу-жаттығу жиынын елордадағы «Барыс Арена» мұзайдынында өткізіп жатыр. Өткен сенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерімен жолдастық кездесу өткізіп, алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті.
23 Сәуір, 2023
Классикалық шахматтан елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының матчтары аяқталуға жақын. Өткен аптаның соңында екі гроссмейстер қатарынан екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңімпаз анықталмады. 8-партияда Дин Лижэнь ақ тастармен ойнап, тең нәтижеге қол жеткізсе, 9-партияда Ян Непомнящий де ақ тастармен жеңіске жете алмады. Дегенмен, тоғыз партиядан кейін ФИДЕ туы астында өнер көрсетіп жатқан Непомнящий жалпы есепте алда келеді – 5-4.
23 Сәуір, 2023
Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында еліміздегі спорт мектеп-интернат-колледждерінің оқушылары арасында дәстүрге айналған Мәдениет және спорт министрлігінің «Министр кубогі» бәсекесінің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды.
23 Сәуір, 2023
Кеше Францияның Анже қаласында шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы 1А дивизионының әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Байрақты додада Қазақстан құрамасының хоккейшілері де өнер көрсетіп жатыр.
23 Сәуір, 2023
Александр Недовесов Босния және Герцеговинада өткен теннистен Баня-Лука ATP 250 турнирінің финалында ойнап, бас жүлдеге қол жеткізе алмады.
23 Сәуір, 2023