Оқи отырыңыз
Қарағанды аймағында дала жұмыстарына дайындық басталды. Биыл дәнді дақылдар 1,1 млн гектар жерге себіледі. Бұдан бөлек, картоп пен көкөніс алқабы да ұлғаяды.
21 Ақпан, 2023
Әуежайда фармацевтикалық хаб құрылмақ
Астана әуежайы тез бұзылатын ауыл шаруашылығы және теңіз өнімдерін, сондай-ақ фармацевтикалық өнімдерді жинақтап тарататын мультимодальді хаб құруға ниетті. Тіпті оған автомобильдер мен оның бөлшектері де тартылатын көрінеді.
21 Ақпан, 2023
«Jetisy green»: Көк шөптен де көп пайда бар
Қысы-жазы жайқалып тұратын бақ немесе тропикалық джунгли. Талдықорғандағы жылыжайды дәл осылай атауға болады. Таңғажайып өсімдіктер әлемін өз көзімен көруге ықыласы ауғандар қатары күн санап артып келеді. Хоббиін бизнеске айналдыра білген кәсіпкер Аяулым Қуанғалиева жетісулық тұтынушылардың тілегін орындап отыр.
21 Ақпан, 2023
Бурабайдың бауырын дүбірлеткен...
Әуесқой спортшылардың мұз айдынында жүгіруден экстремалды жарысы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық жарысқа АҚШ, Ресей, Чехия, Польша, Ауғанстаннан және еліміздің бірқатар өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты.
21 Ақпан, 2023
2022 жылы қазақ спорты тарихында айтулы жеңістер аз болған жоқ. Мәселен, Барыс жылында мұхиттың арғы бетінде жұдырықтасатын отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтың WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Командалық сайыста футболдан ұлттық құрамамыз Ұлттар лигасында өз тобында көш бастады, жеңіл атлетикадан Нора Джеруто әлем біріншілігіндегі тұңғыш алтынымызды сыйлады. Айта берсек, тізім әлі біразға жалғасады.
21 Ақпан, 2023
«Титаник» апатынан аман қалған ару
Виолетт Джессопты тарихтағы ең жолы болғыш әйел деп санауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2023
Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады
Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2023
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәбиді асырап алды
Жақында Сирияда жер сілкінісі кезінде үйінді астынан жаңа туған сәби құтқарылған болатын. Отбасынан түгел айырылған нәрестені жақын туыстары асырап алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2023
Огайо штатындағы зауытта жарылыс болды
Бұл Огайодағы бір айдың ішіндегі екінші ірі апат, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2023
Испанияда өрттің алдын алатын роботтар пайда болды
Жақында Король Хуан Карлос университеті мен Мадрид автономды университетінің зерттеушілері өрт сөндірушілерге үйдегі төтенше жағдайларды жоюға көмектесетін автономды жер роботын жасап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2023
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңартатын кез
«Қыс – қатал сыншы». Бейқамдықты, қамсыздықты кешірмейді. Еліміздің орталық және солтүстік облыстарындағы Екібастұз секілді бірқатар қалада болған төтенше жағдайлар соның айғағы. Енді міне, көптің көмегімен стансаның қазандықтары мен жылу жүйелері ақауларын әупіріммен әзер жөндеп бәрін де қалыпқа келтіргендей сыңайдамыз. Біз қыстың осы бір сынынан сабақ ала алдық па? Бар гәп сонда...
21 Ақпан, 2023
Түн ұйқысын төрт бөліп, әлди айтқан анасын, я болмаса, асқар тау әкесін қарттар үйіне қалай ғана қияды деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, тас қабырғаға ата-анасын тасжүректіктен ғана емес, амалсыздан да өткізетіндер бар екен. Бұған жақында Самар ауылындағы қарттар үйіндегі қариялардың халін сұрай барғанда көз жеткіздік.
21 Ақпан, 2023
Өскемен қаласында Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Александр Милютин Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездесті.
20 Ақпан, 2023
Өткен жұмада Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысына барып, онда кәсіпкерлермен, қауымдастықтармен, өңір тұрғындарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ облыс аудандарында фермалар мен шаруа қожалықтарын аралады, Ауқымды жоба (Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі бойынша фермалар салу үшін жеңілдікпен қаржыландыру) пулына енгізу үшін үміткер жобалармен танысты.
20 Ақпан, 2023
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес субъектілерінің жеке және жүйелік мәселелерін шешуге, өнімдерін өзге нарықтарға шығаруға көмектесуді негізгі мақсат етіп отыр. Кәсіп бастаған азаматтардың біліктілігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру да негізге алынды.
20 Ақпан, 2023
Түрік бауырларымыздың басына түскен ауыр қайғыны төрткүл дүние бөлісіп жатыр. Әлем қайырым жасауға жұмылды. Оның арасында тегі мен тілегі бір біздің ел де бар. Қарағанды аймағынан түрік бауырларға 4 тонна қайырымдылық көмек жол тартты.
20 Ақпан, 2023
Павлодар қаласының тұрғындары жыл басынан орталықтандырылған жылу тарифінің өсіп шыға келгеніне наразылық танытып отыр. Қаңтар айынан бастап коммуналдық төлемдер бойынша есептелген төлемақы құны жеке тұтынушылар үшін 10-нан 30 пайызға дейін қымбаттаған.
20 Ақпан, 2023
Енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу нәтижесінде кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді баспа өз есебінен ауыстыруға міндетті. Бұл туралы республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлады.
20 Ақпан, 2023
Күллі әлемге танымал WorldSkills қозғалысы Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Жақында жетісулық 3 колледждің базасында WorldSkills стандарттарын енгізу бағытында 6 құзыреттілік орталық құрылды. Мұндай жаңаша оқу үдерісі заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.
20 Ақпан, 2023
Қали алғаш көрген адамымен де ашылып әңгімелесе береді. Ешкімді жатсынбайды, жатырқамайды. Өнерін өмірім деп түсінетін оның суретін саудаға салып жүргенін көрмеппіз. Әйтпесе сыр-шырай (живопись), кескіндеме (графика), сумен жазу (акварель), мүсіндеу (скульптура), карикатура секілді бірнеше бағытты жетік меңгерген Қалидың өнеріне қызықпайтын адам аз.
20 Ақпан, 2023