Оқи отырыңыз
Қазақстандық синоптиктердің болжамы бойынша, 3-5 қараша аралығында еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2022
Қазақстанда адам саудасының отыз фактісі анықталды
Төрт ай ішінде Қазақстанда адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі құқықтық форумда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2022
Колледждерде 133 мамандықтың лицензиясы жойылды
Оқытуы сапа стандарттарына сәйкес келмейтін, кадрлар даярлауға жағдай жасалмаған және сұраныс жоқ мамандықтардың лицензиялары алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрілігінің ресми парақшасына сілтеме жасап.
02 Қараша, 2022
«Барыс» өз алаңында «Сібірді» жеңді
Елордалық «Барыс» үш матчтан тұратын үй сериясын жеңіспен бастады. ҚХЛ чемпионатының ойындары аясында астаналықтар Новосібірдің «Сібірін» жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2022
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Франция астанасы – Парижде басталған ATP 1000 Paris Masters турнирінің екінші айналымына шыға алмады.
02 Қараша, 2022
Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында «Достық-Дружба» кубогі үшін 2007-2008 жылы туған жастар арасында бокстан дәстүрлі халықаралық турнир өтті. «Қарашығанақ» спорт кешеніндегі рингте Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь спортшылары кездесті.
02 Қараша, 2022
Бәсекелестікті арттыратын жоба
Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ЕМВА/МВА бағдарламасы ашылды. Азық-түлік өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, агробизнес және ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі саласында мамандар мен кәсіпкерлерді даярлауға бағытталған инновациялық жобаның ашылу салтанатына қатысқан Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Дархан Балпанов университеттің алғашқылардың бірі болып енгізіп отырған бастамасына қолдау көрсетті. Ол тың бағыт жоғары білім берумен қатар, ғылымды дамытуға, бизнесті және жалпы ауыл шаруашылығын өркендетуге зор ықпал ететініне сенім білдірді.
02 Қараша, 2022
Әлем тарихында, аты-жөндері белгісіз болғанымен, оқу, жазу мәдениетінің қалыптасуына өзіндік үлес қосқан адамдар баршылық. Бұл сөзімізге Израиль аумағындағы Лахиш қаласында жүргізілген археологиялық жұмыстар барысында табылған, алғашқы жазу үлгісі түскен қыш құмыра қалдықтары дәлел бола алады. Ғалымдар бұл бір кездері Кипрден әкелініп, сүт құюға арналған құмыра деген болжам жасады. Сараптама нәтижесі табылған зат біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырға тиесілі екенін көрсетті. Бұл әліпбидің пайда болуы тарихын зерттеудегі ең маңызды оқиға десек, артық айтпағанымыз.
02 Қараша, 2022
Тылсымын ішіне бүккен қуыршақ өнері ерте замандардағы жәрмеңкелерден бастау алып, бүгінде балаларға рухани-мәдени өмірдің алғашқы баспалдағы болып отыр. Сахнада тірі адам секілді ойнап-күлетін һәм түрлі-түсті образдарымен көңілді аулап, жақын досыңдай сыр шертетін қуыршақтар бала-көрерменнің санасына тез сіңіп, рухани иммунитетін қалыптастырады. Құндылықтар ауысқан қазіргі қоғам бала тәрбиесіне ықпал ететін сахналық мәдени іс-шараларға мұқтаж екені мәлім.
02 Қараша, 2022
Беймәлім дереккөздеріндегі ұлт ақсүйектері
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жас тарихшы-ғалымдардың ұйымдастыруымен «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ хандарының, сұлтандарының және батырларының өмірі мен қызметі жаңа деректерде: зерттеу проблемаларына» арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
02 Қараша, 2022
Тимур бүгін күнделікті әдетінше таңғы алтыдан тұрып, қоражайға беттеді. Сабаққа бармас бұрын ешкілерін жайғап, азығын салып, суарып кетпесе көңілі көншімейді. Бала шақтан малсақ болып өскен жасөспірімнің өзі үшін таңсық ешкі өсіру ісін қолға алғанына көп болған жоқ. Күніне 12-15 литрге дейін сүт беретін түлік бүгінде үлкен кәсіп көзіне айналып келе жатыр.
02 Қараша, 2022
Отан алдындағы борышты өтеу – барлық ер жігіттің азаматтық парызы. Әсіресе ат жалын тартып, кәмелеттік жасқа толғанда әскерден жалтарып жүру – ер азаматқа сын. Елімізде әскерден жалтармай-ақ ағалы-інілі болып әскерге баратын отбасылар да бар. Сондайлардың бірі – қарағандылық Аманбай әулеті.
02 Қараша, 2022
Кедергісіз орта қалай қалыптасады?
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғаммен ықпалдастыру – инклюзивті ортаны дамытудағы басты қадамдардың бірі. Жалпы, білім беру мекемелерінде инклюзивті қолайлы ортаны қалыптастыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи мүмкіндіктері бірте-бірте нәтижесін көрсетіп келеді.
01 Қараша, 2022
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысан ел игілігіне берілді. Бұлардың қатарында спорт алаңы мен халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық кеңсесі және бес медициналық орталық бар. Осының нәтижесінде 4 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапалы медициналық қызметпен қамтылды.
01 Қараша, 2022
Дамыған елдерге әлемнің әр қиырынан жылт еткен жаңалықты зерттеп, қолданысқа енгізу қиыннан-қиыстыратын шаруа емес. Өйткені білімнің негізін жетік меңгеріп, ізденістен қол үзбейтін ғалымдар өз саласының соңғы жаңалықтарын қалт жібермей бақылап отырады. Осындайда ғылымдағы үдерістер әлемдегі барлық елдің тәжірибесіне дендеп енсе, білім-ғылымды игеруде жаһандық жаңалықтар баршаға қолжетімді болса дейсің. Астанада басталып, әлемнің бірнеше еліне тікелей эфирде тараған V Нобель фестивалінің мақсаты да сол, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіндегі білім-ғылымды, инновациялық технологияларды әлемнің әр қиырындағы халыққа мейлінше тарату болған.
01 Қараша, 2022
Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен күнделікті қызметі материалдық-техникалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етілуіне тығыз байланысты. Сол себепті Қарулы Күштердің бұл саласына ерекше назар аударылады. Алайда көптің көзінен таса бұл қызмет түрін қарапайым жұрт біле бермейді. Солардың бірі – елордадағы 83205 әскери бөлімі. Биыл күзде құрылғанына 30 жыл толған бөлімге Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабын қамтамасыз ету жүктелген.
01 Қараша, 2022
Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары кезекті авторлық құқыққа қол жеткізді.
01 Қараша, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Балалар жылы аясында еліміз бойынша мектеп оқушылары арасында балалар оқуы байқауын ұйымдастырған болатын.
01 Қараша, 2022
Мың-сан бояудың толқыны есетін картинада бейнеленген пейзаж, портрет, образдан басқа көңіл күй де болады. Иә, суретшінің көңіл күйі. Мұны кейде автордың көзқарасы деп те жатамыз. Кез келген суретшінің шығармасынан кімде мұң көп, кімде шуақ көп, кім философиялық ойларға жиі барады – қолтаңбасы анық байқалады. Мәселен, француз суретшісі импрессионист Огюст Ренуарды өнертанушылар «бақыт суретшісі» дейді. Мына жарық әлемге ынтық Ренуар қолына қылқаламын алғанда ылғи реңді сәттерді, жақсы әсерлерді сездіруге тырысады.
01 Қараша, 2022
Жылдары баяу жылжығанымен, айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдырдың жазуымен егде тартқан шақтарында жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.
01 Қараша, 2022