Оқи отырыңыз
Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды
Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестікті және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қазан, 2022
Семей қаласының әкімі тағайындалды
Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Қазан, 2022
Ширек финалға шыққандар белгілі
Елордада өтіп жатқан жүлде қоры екі миллион АҚШ долларынан асатын ATP 500 Astana Open турнирінің іріктеу кезеңдері аяқталып, ширек финалға шыққан теннисшілердің есімі белгілі болды. Өкінішке қарай, олардың қатарында бірде-бір қазақстандық теннисші жоқ.
07 Қазан, 2022
Қарағанды аймағында барымтамен байымақ болғандардың «қарымтасы» дайын. Ұрылардың жолын блокбекет кеспек. Арнайы топ күні-түні күзететін бекет күз түсе күшейетін мал ұрлығының алдын алмақ.
07 Қазан, 2022
Аға буыннан асық ату ойыны туралы сұрасаңыз, көбіне мұғалімдерден жасырынып ойнағандарын айтады. «Асық ойнаған – азар, доп ойнаған – тозар. Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар», деген сөзді ұстаным еткендерін де жасырмайды. Ал бүгінде асыққа деген көзқарас мүлде өзгерген. Ұлттық ойынды насихаттап, бүгінгі буынға үйретіп жүргендердің қатарында мұғалімдер көп.
07 Қазан, 2022
Биыл Алматы облысының білім саласындағы бюджеті 274,7 млрд теңгені құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд теңгеге артық. Бөлінген қаржының 4,6 млрд теңгесі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және 2,7 млрд теңгесі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға жұмсалады.
07 Қазан, 2022
Жаңа құндылықтар – билік өзегі
Президент құзыреттілігін бір мерзімге жеті жылға сайлау немесе шектеу саяси бәсекелестікті күшейтеді. Өйткені бір мерзімге ғана сайланатын тұлға биліктің монополиялануына немесе бір қолға шоғырлануына кедергі болады. Барлық саяси күште осы жеті жылдық мерзімде өздерінің мемлекет дамуына қосар үлесін айқындап алуларына мүмкіндік бар.
07 Қазан, 2022
20 қарашаға белгіленген кезектен тыс Президент сайлауы үлкен саяси реформаларды жүзеге асыруға байланысты туындап отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен Әділетті Қазақстан жолымен жүру үшін халық сенімі мен нақты жоспар қажет.
07 Қазан, 2022
Жол жақсармай, іс оңғарылмайды
Ел мен ел басшысының ой-ниеттері, мақсаты үндессе, алынбайтын асу жоқ. Соның бір үлгісі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды халқымен кездесуінде анық байқалды. Жиында Президентіміз жылдар бойы ел көңілін мазалап келе жатқан түйткілді мәселелердің түйінін тарқата көрсетті, талаптар қойды, атқарылуға тиіс жұмыстарды нақтылады.
07 Қазан, 2022
Биыл Атырау облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 64,5 мыңға жетіп отыр. Кәсіпкерліктен табыс тапқандар алуан түрлі кәсіп ашқан. Қазір бұл салада 48 801 адам жұмыс істейді.
06 Қазан, 2022
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешевтің туғанына 140 жыл толды. Автономиялы Қазақ Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы болған тарихи тұлғаның мерейтойы оның туған жерінде кеңінен аталып өтті.
06 Қазан, 2022
1932 жылы Кеңес өкіметінің қаулысымен Владивостокта Қиыр Шығыс өлкелік корей театры болып іргесі қаланған Алматыдағы Республикалық Мемлекеттік академиялық корей театры 90 жылдық мерейтойын сән-салтанатымен атап өтті. Клуб үйірмелерінің негізінде құрылған сол театр қазақ жерінде уығын қадап, торқалы тоқсан жасына дейін түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, есігіне қара құлып салған кезі жоқ, бір күн де еңсесін түсірмей, ертеңгі күнінің жарқын беттерін жасампаз еңбегімен жазып келеді.
06 Қазан, 2022
Қазіргі кезде спорттың қай түрінде де қазақ мамандарына сұраныс жоғары. Соның арқасында бірқатар азаматымыз әлемнің әр қиырында жемісті еңбек етіп жүр. Солардың бірі – Думан Бөлтіріков. Кезінде аса ауыр салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақ балуаны бүгінде Оңтүстік Америка құрлығында жаттықтырушылық қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, осыдан тура сегіз ай бұрын ол еркін күрестен Эквадор ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Жуырда онымен әңгімелесудің сәті түсті.
06 Қазан, 2022
EcoStudentKZ: Жастар жұдырықтай жұмылды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің белсенді жастары республика көлемінде өтіп жатқан EcoStudentKZ челленджін Екібастұз қаласының жастарынан қабыл алып, Тараздың орталық көшесі саналатын Төле би даңғылында орналасқан оқу орнының маңайын қоқыстан тазартты.
06 Қазан, 2022
Алма – Алатау баурайындағы шаһардың мақтанышы, молшылығы мен берекесінің белгісі. Айнала толы алма мың түрлі бояуға малынған шаһарды күздігүні ерекше шырайландыра түседі.
06 Қазан, 2022
Нобель сыйлығын алған Энни Эрно кім?
Биылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Француз жазушысы Энни Эрно 40 жылдан бері Парижден 40 шақырым жерде орналасқан, 1970 жылдары құрылған жаңа қала Сержи-Понтуада тұрып келеді. Бүгін оның оқырмандары үшін шексіз қуанышты күн болмақ. Себебі, ол әлемдегі ең үлкен алпауыт сыйлықты еншілеп отыр. Ол «Сыртқы көрініс» атты кітабында бұл жер кенеттен пайда болғанын, ондағы тұрғындарды және аялдамалардағы бейтаныс адамдарды сипаттай келе «Мен өзімді жер мен аспанның ортасында мүлде ешкімге ұқсамайтын елде жүргендей сезіндім» деп жазады.
06 Қазан, 2022
Елімізде демократия, заң үстемдігі және теңдік қағидаттары сақталады – Тоқаев
Президент өзін қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
Қырғызстанда заңсыз жүрген бес бала елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бес баланы елге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қазан, 2022
«AMANAT»-тың жаңа саяси тұғырнамасы қабылданды
Бүгін «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV Съезі барысында партияның жаңа саяси тұғырнамасы бекітілді. Негізгі идеологиялық құжат дамудың негізгі бағыттары мен саяси бірлестіктің принциптерін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
«Ақ жол» партиясы президент сайлауына төрт кандидатты қарастыруда
Елордада президенттікке кандидат ұсынуға байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022