Оқи отырыңыз
Еліміздің бірқатар облысында 6 градусқа дейін аяз болады
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнде тұман түсіп, аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2022
Бөденемен шаруасын дөңгелеткен
Арқадан Жетісуға ат терлетіп келген Азамат Абыроев жер жәннатынан сүйгенімен қатар, сүйікті ісін де тапқан. Жергілікті жұрт қарағандылық жігітті бауырға басып, кәсібін ілгерілетуге жәрдемдесіпті. Бүгінде оның бүтін қаланы қамтамасыз етуге қауқарлы бөдене шаруашылығы бар. Оған қоса қыстай жылыжай шаруашылығымен айналысады, ал келіншегі жылыжай жемістерінен түрлі тағам дайындайды.
16 Қыркүйек, 2022
Ауылдағылар денсаулығына алаңдайды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды тапсырмаларының бірі – ауылдық жерлердегі медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау саласын жаңғырту.
16 Қыркүйек, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы халықтың көкейінде көптен жүрген мүдделерімен дөп түсті. Жарияланған бағыт-бағдарлар мен мақсатты істерден біз «Әділетті Қазақстан» қағидатын көріп отырмыз. Жұрттың осы уақытқа дейін айтып келген өтініш-тілектері ескерілді.
16 Қыркүйек, 2022
Қарашеңгелге мектеп салып берді
Қаратал ауданына қарасты Қарашеңгел ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл өзі талай жылдан бері өңірдегі толғақты мәселенің бірі еді. 1926 жылы іргетасы қаланған ескі мектептің тозығы жетіп, оқушылар әр ғимараттың босағасын сығалап жүрген-ді. Енді, міне, өздерінің жеке-дара білім ошағы бар.
16 Қыркүйек, 2022
Саябақты итшабарға айналдырмайық
Таңертеңгісін 28 панфиловшылар атындағы паркте таза ауамен дем алып, қыдырыстап жүретінім бар. Алайда саябақ ішінде әрі-бері шапқылаған иттер мазаңды алады. Жақын маңайдағы ит ұстайтындардың бәрі осы жерге жиналады.
16 Қыркүйек, 2022
Кейбір үй жылу маусымына дайын емес
Павлодар қаласындағы көпқабатты баспаналардың 90 пайызы жылуға қосылуға дайын деп мәлімдеді жергілікті тұрғын үй инспекциясы. 15 қыркүйектен әлеуметтік нысандар, ал келесі аптада тұрғын үйлер орталық жылу желісіне қосыла бастайды. Дейтұрғанмен, кейбір үйлер оған қосылуға әзір болмай шықты. Мәселенің туындауына ортақ мүлікті басқарудың жаңа формаларына көшу түрткі болып отыр.
15 Қыркүйек, 2022
Қарабалықта қазақ мектебі ашылды
Қазақ журналистикасының атасы Мұхамеджан Сералиннің кіндік қаны тамған Қарабалықта 320 орындық қазақ мектебі ашылды. Жалпы, аудан тұрғындары көптен күткен білім ошағының ашылуына орай, ауылда үлкен мерекелік іс-шара өтті. Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектептің құрылысына 1,6 млрд теңге жұмсалған. Мұхамеджан Сералиннің атын иемденген жаңа білім ошағында қазірше 180-нен аса шәкірт оқиды. Оларға 30-ға жуық ұстаз сабақ береді.
15 Қыркүйек, 2022
Алғыс арқалаған ағайынды дәрігерлер
Қазбековтер отбасы жайлы жазуды талайдан ойлап жүрген едім. Оның себептері де бар. Алдымен, әңгімені Гүлнардан бастасам. Гүлнар екеуіміз Семей мемлекеттік медицина институтына 1970 жылы қабылданған студентердің бірі едік. Біз емдеу факультетінде болсақ, Гүлнар педиатрия факультетінің студенті еді. Жатақханалары да бөлек орналасқан, оқу жүйелеріміз де әртүрлі. Оның үстіне педиатрия саласында білім алатындар өздері де бала сияқты болатыны белгілі. Сырттай, оқу корпустарында бірлі-екілі көргенім болмаса, Гүлнардың студенттік кездерінен ешқандай есте қаларлықтай көріністер таба алмадым.
15 Қыркүйек, 2022
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Әйтеке би, Ырғыз, Хромтау аудандарына сапарында жергілікті әкімдерге әр ауылда жеке қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыру жобасын тез арада әзірлеуді тапсырды. Бұл ауыл тұрғындарының басқа жаққа көшуі мен жұмыссыздық деңгейін азайту және халық тұтынатын азық-түлік түрлерін молайту мақсатында қолға алынып жатқан шаруа.
15 Қыркүйек, 2022
Алма бақты да сақтандыруға болады
Елімізде сақтандырудың жаңа бағдарламалары басталып, оның аясында алма бақтарын сақтандыру қолға алынбақ. Мамандардың айтуынша, агросақтандырудың жаңа бағдарламалары бау-бақша шаруашылығындағы қауіпті азайтады. 2021-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы шеңберіндегі негізгі міндеттердің бірі – отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен, оның ішінде алма өндірумен қамтамасыз ету.
15 Қыркүйек, 2022
Шалғай ауылдардың шырайы кіреді
Еліміздің батыс қақпасындағы Ресей Федерациясының Астрахань өңірімен шектесетін ауданның бірі – Құрманғазы. Осы ауданның Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтерінің елді мекендері облыс орталығынан 500-ге жуық, аудан орталығынан 250-ден астам шақырым қашықта орналасқан. Сол себептен аталған округтердің тұрғындары азық-түлік алу, дәрігерлерге қаралу үшін көрші елдегі Астрахань, Басқұншақ, Харабали қалаларына барғанды жөн көреді.
15 Қыркүйек, 2022
Жерінің асты да, үсті де қазынаға толы Баянауыл өңірінде торқалы той өтті. Биыл ауданға қарасты Майқайың кентінің құрылғанына – 90 жыл. Кенді аймақтың мерейтойында ат шаптырып, елдің мерейін үстем еткен мерекелік іс-шаралармен жалғасты.
15 Қыркүйек, 2022
Өзіміз зейнет жасында болсақ та, көп жыл ұстаздық еткендіктен, бір құлағымыз қашанда мектеп жаққа түрулі жүреді және ондағы кейбір жағдайлар бізді де айтарлықтай алаңдатады. Соңғы екі жылдағы коронавирустың әуре-сарсаңы мектептердегі оқыту үдерісіне де өте-мөте кедергі болғанын білеміз. Әйтсе де одан бұрынғы Білім министрлерінің әр үш жылда ауысып, әрқайсысы мектеп бағдарламасына өз «жаңалығын» енгізіп, оқушының миын атала еткенінен де хабардармыз.
15 Қыркүйек, 2022
Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең белді ұйым – UFC-дің жаңартылған рейтингіндегі ТОП-15 спортшының тізімінен қазақтың екі бірдей спортшысының есімдерін кезіктірдік. Олар – Шавқат Рахмонов пен Дамир Исмағұлов.
15 Қыркүйек, 2022
Шығыста «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, шетелдік жетекші тарихшы ғалымдар және дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.
15 Қыркүйек, 2022
Павлодар география үйі қоғамдық бірлестігінің белсенділері болашақ геологиялық музейге жәдігерлер жинау мақсатында өңірде жүргізген арнайы экспедициясын аяқтап қалды. Алдағы уақытта жүздеген минералдар, тау жыныстары мен өзге де пайдалы қазбалардың үлгілерін музейден тамашалауға болады.
15 Қыркүйек, 2022
Головкин «Канеломен» трилогия алдында сұхбат берді
Аты әлемге танылған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алдағы мансабына қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда емхананы еркін таңдау науқаны басталды
15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына еркін тіркелу науқаны басталды. Бұл науқан қараша айының ортасына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қыркүйек, 2022
Зеленскийдің көлігі апатқа ұшырады
Киевте Украина президенті Владимир Зеленскийдің көлігі апатқа ұшырады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.
15 Қыркүйек, 2022