Оқи отырыңыз
Трансплантацияның жаңа технологиясы
Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында алғаш рет трансплантолог-хирургтер туыстық донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады. Бұл – АВ0 сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясы әлемнің кейбір елдерінде жүзеге асырылады, бірақ аз мөлшерде.
26 Тамыз, 2022
Сол күні солтүстікқазақстандық кәсіпкер Жоламан Ахметов (аты-жөні өзгертілген) банктегі депозиттік шотында жатқан 15 млн теңгесінен бір-ақ сәтте айырылып қалармын деп ойламаған еді. Тірнектеп жинаған ақшасын ол өндіріске салмай, баласына астанадан пәтер сатып әпермек болған. Биыл астық жақсы шықты, шашпай-төкпей жинап алсам, депозиттегі ақшамды еселеп, біріншіге баратын үлкен немереме арнадым деп астанадан бір көрікті үйге қол жеткізбек еді...
26 Тамыз, 2022
«Бақпасаң бала кетеді...» деген бұрынғының сөзінің мәні жойылған жоқ. Яғни тәрбие мен білімнің нәрін қанып ішпеген өскелең ұрпақтың өмір өткеліндегі бұралаң сәттері жиілей беретіні белгілі. Өкінішке қарай, елімізде балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс оқиғалары азаймай отыр.
26 Тамыз, 2022
Жаңа оқу жылы қарсаңында өңір педагогтерінің, дәлірек айтқанда жас мамандардың алдынан кесе-көлдеңен кездесіп отырған үлкен бір мәселе бар. Ол – мектепке жұмысқа қабылдау конкурсындағы әділетсіздіктер. Қабылдау процесінде оқуды жаңадан тәмамдаған түлектер «мүйізделіп», тәжірибесі толысқан педагогтерге мән беріледі екен. Тіпті кейбір «сақа» мұғалімдер бірнеше мектепте жеңімпаз атанып, жастарға орын бермей отыр.
26 Тамыз, 2022
Жерлестеріміз үздіктер қатарында
Әйгілі ESPN арнасы орта салмақта күш сынасып жүрген әлемдегі ең мықты кәсіпқой боксшылардың рейтингін жария етті.
26 Тамыз, 2022
Скейтбординг АҚШ-тың Калифорниясында өткен ғасырдың 40-50-ші жылдарында пайда болған екен. Спорттың бұл түрін Халықаралық олимпиада комитеті ресми спорт ретінде танып, 2020 жылғы Токио олимпиадасының бағдарламасына енгізген.
26 Тамыз, 2022
Сауда желілері отандық тауарларды сатуға неге мүдделі емес?
Миллиондаған тұрғыны бар мегаполистерді асырап отырған айналасындағы облыстар болғанымен, отандық азық-түлікті өндірудің ғана емес, сатудың да, сақтаудың да өзіндік мәселелері бар. Мысалы, осы аптада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында өңірлік тамақ өнімдерін өндірушілер, салалық одақтар өкілдері мен азық-түлік нарығы сарапшылары тоқайласқан еді.
25 Тамыз, 2022
Сақтандырудағы сан сауал сапалы ем алуға кепіл болса игі
Ел мен жұрттың есендігін ескеріп, саулығына сақ қарайды дейтін салмақты саланың жетістігі де, жетіспеушілігі де бар. Соның бірін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айшықтап айтты. Бұл – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі.
25 Тамыз, 2022
Шаруаны техникасынан айырған «ҚазАгроҚаржы»
Фермерлерді ауыл шаруашылығына қажет техникамен қаруландырып, өңірлерді өркендетуге үлес қосады деп сенім артылған «ҚазАгроҚаржы» АҚ соңғы уақытта бағытынан жаңылып жүргендей. Лизингке алған техникасының төлемін кешіктірген немесе қаржылық қиындықтан келісімшарттың кейбір тармақтарын орындай алмай отырған шаруаларды компания қос өкпеден қысып, түрлі бассыздыққа барған. Мұндай шектен тыс шаралар өңірдегі диқандардың ашу-ызасын тудырып отыр.
25 Тамыз, 2022
Қазақтың даналарынан қалған «Жол мұраты – жету» деген нақыл бар. Барлық жолаушы алыс не, жақын болсын, діттеген жеріне аман-есен жетуді қалайды. Алайда Атырау облысында қапелімде жеткізе қоймайтын жол аз емес. Соның бірі – мұнайлы шаһардан Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының шекарасына дейін созылған жол.
25 Тамыз, 2022
Ілгеріде жұртшылық мал, пәтер, қалта ұрлығынан зардап шексе, бүгінде көлік ұрылары темір тұлпар иелерін қан қақсатып жүр. Кісінің көлігін өзінікіндей иемденіп кететіндер еліміздің қай қаласынан да табылады. Ұрлаған түк емес, олар сол автокөліктерді жедел түрде келесі бір азаматқа сатып жіберуді де әдетке айналдырған. Осылайша, көлік сату дейтін «кәсіпкерліктің» жаңа түрін меңгеріп алған.
25 Тамыз, 2022
Азық-түлік қауіпсіздігі – басты назарда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Парламент Мәжілісінің отырысында ауыл шаруашылығында қордаланып қалған мәселелерге Үкімет пен әкімдердің назарын аударған болатын. «Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет. Бұл Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған негізгі басымдық екеніне айрықша назар аударамын. Егер нарықта азық-түлік тауарлары мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейді», деді Мемлекет басшысы. Осы орайда дала жұмыстарына ерте кірісетін, бір алқаптан 2-3 өнім жинайтын Түркістан облысының диқандары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауылшаруашылық тауарларының нарықта мол болуына өзіндік үлес қосып келе жатқанын айта кетелік.
25 Тамыз, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде Табылды Мұқатовтың «Армысың, Англия!» атты жеке көрмесі ашылды. Айтулы өнер жәрмеңкесі суретшінің 75 жылдық мерейтойына және шығармашылық қызметінің 50 жылдығына арналған.
25 Тамыз, 2022
Болгарияның бас шаһары – Софияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталған соң даңқты балуан, білікті бапкер, Қазақстан және Азия күрес федерацияларының президенті, Біріккен күрес әлемінің (UWW) бюро мүшесі Дәулет Тұрлыханов Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде БАҚ өкілдерінің басын қосып, күні кеше ғана өткен жарысты қорытындылады. Сонымен қатар ол жыл басынан бері атқарылған жұмыстары жайында баяндай келе, осы салада қордаланып қалған кейбір мәселелерге де кеңінен тоқталды.
25 Тамыз, 2022
Қазақ балуандарының қарқыны бәсең
Нұр-Сұлтандағы Азия чемпионаты аяқталғаннан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Бұл жарыс сары құрлықта орналасқан мемлекеттер үшін өте қолайлы болды. Өйткені қазақ жерінде табысты өнер көрсеткен саңлақтар рейтингтегі жағдайларын біршама жақсартты. Атап айтсақ, елорда төрінде жеңімпаз атанған апайтөстер бірден 700 ұпай олжаласа, финалға шыққандар 490 және қола медальдің иегерлері 350 ұпайдан еншіледі. Берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланғандар арасында біздің де елдің өрендері бар.
25 Тамыз, 2022
Жылдағыдай жергілікті мешіттер «Мектепке жол» акциясына үн қосып, мектеп жасындағы балаларға қуаныш сыйлауда. Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 200 оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.
25 Тамыз, 2022
Мамандықпен мақтанудың мәртебесі
Тәжірибелі ұстаздардың өнегесін кейінгі жас мамандардың санасына құйып, тәлімін тарату – педагогика саласындағы абырой әперетін игі дәстүрдің бірегейі. Мұндай жолдың тек қана биік белестерге, толайым табыстарға бастайтыны сөзсіз. Жастарға ісін үлгі қылатын сондай аяулы жанның бірі – жарты ғасыр ұстаздық еткен Нәйля Арынқызы деп нық сеніммен айтуға болады.
25 Тамыз, 2022
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі ұлғаяды
Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы екі жылда ірі кен орындарын кеңейту есебінен және жаңа шағын кен орындарын пайдалануға беру арқылы елде мұнай өндірісі ұлғаятынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2022
Үлкен Шабақты көліндегі балықтардың қырылу себебі анықталды
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің және Балық шаруашылығы ҒПО Солтүстік филиалының мамандары Үлкен Шабақты көлінде жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2022
Маңғыстау облысында 240 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Маңғыстау облысында жұртшылықпен, ауылдық округ тұрғындарымен, бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2022