Оқи отырыңыз
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
26 Тамыз, 2021
Ерекше қамқорлықта болатын балалар
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа оқу жылы қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен бірге елордадағы «Қыз Жібек» балабақшасында болды. Осы балабақшада «Болашақ» корпоративтік қорының бастамасымен ең бірінші ашылған инклюзияны қолдау кабинеті бар.
26 Тамыз, 2021
Ауғанстаннан қашқан босқындар қайда паналайды?
Дүниежүзі қазір ірі саяси дағдарысты өткеріп жатқан Ауғанстандағы ахуалды жіті бақылап отыр. Ел билігінің «Талибанның» қолына өтуі тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесіне ғана емес, адам құқықтарының сақталуына да тікелей қауіп төндіруде. Елден бас сауғалап қашқан ауғандықтар өзге мемлекеттерден араша сұрап, шетел асуды мақсат етіп отыр.
26 Тамыз, 2021
Халықтық жобаға айналған бастама
Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында жүктелген тапсырмалар өз ретімен, кезеңімен һәм кезегімен орындала беретіні белгілі. Бұған көп жағдайда бұқараның бәрі бірдей аса қызғушылық танытпайтыны және рас. Тек оң өзгерістерді байқаған кезде ғана Жолдау жүктеген міндеттердің нәтиже бергенін түсінеді.
25 Тамыз, 2021
Бибісара Асаубаева шахматтан Азия чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азия чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2021
Сегіз боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты
Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының сегіз спортшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2021
Вакцина паспортын сатып алғандар екпе салдыра ала ма?
Бұл сұраққа Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметініде жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Тамыз, 2021
Шымкентте салықты бақылау бөлімінің басшысы сотталды
Шымкентте салықты бақылау бөлімінің басшысы алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Әл-Фараби аудандық соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
25 Тамыз, 2021
Қазақстандық ауыратлет Олимпиада медалінен айырылуы мүмкін
Биыл 19 қаңтарда қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимов антидопинг ережелерін бұзды деген күдікке ілініп, жарыстардан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2021
Телефон тарифіне қатысты ереже өзгерді
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметін көрсету ережелеріне өзгеріс енгізетін бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2021
Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал қандай?
SARS-COV-2 мутацияланған «дельта» штамы тағы 15 елде анықталды, деп жазады Egemen.kz.
25 Тамыз, 2021
Көмір шахтасында болған жарылыстан 12 адам қаза тапты
Колумбияның Топага қаласындағы көмір шахтасында жарылыс болды. Нәтижесінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2021
Қазақстандықтар елден жиі кете бастады
Ranking.kz деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында елге 4,6 мың адам келді. Бұл 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 34,9%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2021
Мұнайлы өңірдің Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында Мақаш ауылдық округі бар. Ауылдың үш мыңнан астам тұрғыны қайырымдылық іс-шарасынан шет қалмайды. Қазақы болмыстың осынау қағидасына берік мақаштықтар Маңғыстау облысына қол ұшын созды.
25 Тамыз, 2021
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарында ерекше музей пайда болды. Олай дейтініміз, қала тұрғыны Михаил Платов отбасымен бірге үйінен музей ашқан. Платовтар талай уақыттан бері бес мыңға жуық құнды жәдігерлерді жинапты.
25 Тамыз, 2021
Қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылы маңынан осыдан 4 мың жыл бұрынғы ескерткіштерді тапты. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ астындағы тас қабырғалардан жылқы мен аңдардың суреттері шыққан.
25 Тамыз, 2021
Жастарды адасудан арашалау маңызды
Интернет кеңістігі арқылы терроризм, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар идеологиясы кең етек жайып тұрғаны белгілі. Әсіресе, жастардың арасында жат ағымға жармаса кететіндер бары көңілге кірбің ұялатады. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Алматы облысында ықпалды істер атқарылу үстінде.
25 Тамыз, 2021
Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 7 айында ел аумағында жалпы құны 371,4 млрд теңгеге 47 176 техника өндірілген. Бұл – 2020 жылдың қаңтар-шілдесіндегі көрсеткіштен 23,8 пайызға жоғары.
25 Тамыз, 2021
Миллиондаған шығынға батқан алматылық кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсат сұрайды
Базарлар мен сауда үйлерінің өкілдері қатаң шектеусіз және локдаунсыз жұмыс істегісі келеді. Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, шектеусіз жұмыс істеу оларға мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
25 Тамыз, 2021
Айтылған ұсыныстар қараусыз қалмайды
Сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы және Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында болды. Іс-сапар барысында олар аудандардың тыныс тіршілігімен, жергілікті шаруа қожалықтарын және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап көрді. Сенаторлар, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелер бар екеніне тоқталып және осы мақсатта бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.
25 Тамыз, 2021