Пікірлер .
Бүгінгі киноэкран: қайдасың, қазақ тілі?
Дәл қазіргі біздің киноэкранымызға қазақ тілінің еш қатысы жоқ секілді. Аталуы қазақша, кейіпкері қазақ тілінде сөйлейтін фильм күннен күнге азайып барады. Бұл тіпті қалыпты жағдайға айналғаны соншалық, күндердің күнінде қазақ тілінде түсірілген дүниені шам алып жүріп іздесек те таппай қаламыз ба деген күдікті ой туа бастады. Расында да, киноэкранымыз қазақ тілімен қош айтысуға шындап бел буғаны ма?..
06 Наурыз, 2018
Сонымен өткен жылы түсірілген көркемсуретті фильмдердің саны отыз алтыға жетті. Шындығында, бұл – соңғы ширек ғасырда қазақ киносының тарихында болмаған көрсеткіш. Ал енді жаңағы отыз алтының ішіндегі «Оралман» (реж. С.Құрманбеков) және «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» (реж. Р. Әбдірәш) фильмдері ғана «Қазақфильм» киностудиясында, қалған отыз төрт фильм жеке студияларда түсірілген. Яғни еліміздің бүгінгі кинокеңістігін негізінен жеке студиялардың өнімдері қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда фильм санының күрт өсуіне қуануымыз керек пе, әлде саннан гөрі сапасына мән бергеніміз дұрыс па?
09 Ақпан, 2018
Қазақ киносы және тарихи құжаттар
Жуырда Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен аталмыш университет ұжымының ұйымдастыруымен, «Қазақстан кинематографиясы тарихынан» атты тарихи-құжаттық көрме және дөңгелек үстел мәслихаты өтті. Көрмеге Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде қазақ киносына қатысты жинақталған деректі материалдардың бір бөлігі қойылып, дөңгелек үстел барысында осы құжаттарға қатысты пікір алмасулар болды.
24 Қараша, 2017
Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі
Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тектес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық кино мен көпшілік, яғни көрермен психологиясының арасында қандай байланыс бар?
17 Қараша, 2017
Қазақ киносының цифрлы топтамасы
Қазір әлем киносының Люмьерлердің алғашқы екі-үш минуттық сюжеттерінен бастап, күні бүгінге дейін түсірілген кез келген фильмін интернеттен немесе арнайы лицензиясы бар дискілерден таба аласыз. Әсіресе Еуропа, Америка фильмдерін іздеп-табу ешқандай қиындық туғызбайды. Көрші Ресей елі де біраз жылдар бұрын «Мосфильм», «Ленфильм», «Свердловфильм», т.б. киностудияларында түсірілген фильмдерді заманауи цифрлы форматқа көшіріп, халыққа ұсынғаны мәлім. Әрине бұл – әлем жұрты өзінің кинотарихын көрерменге бір табан жақындатты деген сөз.
03 Қазан, 2017
Рухани айналымға түспеген фильмдер
Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайымыз да дәл осындай. Оның себебі түсінікті ғой.
19 Қыркүйек, 2017
Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өткен күннің іздерін сол күйінде «қалпына келтіру» арқылы жеке шығармалардың ғана емес, тұтас бір кезеңнің тарихын мейлінше объективті түрде шынайы суреттеуде, зерттеуде архивтің, ондағы сақталған материалдардың маңызы орасан зор.
27 Маусым, 2017
Фильмнің «мінезі» де адамның мінезі секілді әрқилы болып келеді. Бір фильм бар, өн бойынан мейірім төгіліп тұрады, енді бірі мұңды, келесі бірі бас-көз демей «сойып салатын» өткір. Оның өзі де әрқилы.
07 Маусым, 2017
Фильмде маңыздысы – дүниетаным
Қазақ киносы, ең алдымен, қазақтың өзіне керек. Ал енді қазаққа қандай кино керек?
15 Мамыр, 2017
Былтыр Қазмедиа орталығының кинозалында «Сарыарқа» жастар қысқаметражды фильмдерінің фестивалі өтті. Сондағы назар аудартқан мәселенің бірі – шараға қатысқан 22 фильмнің екі-үшеуінің ғана («Малыбайдағы оқиға», «Айжан», «Дайыр») оқиғасы ауылмен байланысты болды. Соның өзінде, шытырман оқиғалы комедия жанрында түсірілген «Малыбайдағы оқиға» фильмінің сюжеті Малыбай ауылына баратын тас жолдың бойында өтеді.
25 Қаңтар, 2017