• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Тамыз, 2020

Жаңа және ескі автокөліктер қай өңірде көп?

324 рет
көрсетілді

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары елімізде тіркелген жеңіл автокөліктердің жаңасы мен ескісі қай өңірлерге тән екенін зерттеп, қортындысын ұсынды.

Ұлттық экономика министр­лігі Статистика комитетінің белгі­леуі бойынша, биыл 1 мау­сымда елімізде 3 млн 884,4 мың жеңіл автомашина тір­ке­л­ген. Бұл 2019 жылдың осы тақ­ы­леттес кезеңімен салыстырғанда (3774,9 мың бірлік) 3%-дан астам көрсеткіш. Зерделеу барысында елдегі көліктердің басым көпшілігін зауыттан шық­қанына 10 жылдан асқан көлік құралдары құрады – 65% (2 537 083 бірлік). Шығарылған уақыт 7-10 жыл аралығындағы көліктердің жалпы саны 6%-ды құрайды (248 696 бірлік). Сондай-ақ 3 жылдан 7 жылға дейінгі темір тұлпар үлесі – 15,2% (592 249) болса, соңғы үш жылда шығарылған көліктерге 11% (425 222) тиесілі.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Freedom Finance Insurance мамандары жаңа автокөліктерді жиі кез­дестіруге болатын аумақ­тар­ды, сонымен қатар ескі авто­ма­шиналары ең көп өңір­лерді айқындады. Бұл рейтинг­тер тіркелген жеңіл автомашина­лардың жалпы санына қатысты пайыз бен жас шамасына сәйкес құрастырылған.

Осылайша зауыттан шыға­рыл­ғанына, яғни жас шамасы 3 жылдан аспайтын авто­көлік саны басым 5 аумақ топта­масының ең төменгі сатысында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақ­төбе облыстары енді. Жаңа автокөлік саны бұл өңір­лерде жас шамасына сәйкес, көлік құралдарының жалпы санының 4%-ын құрайды. Ал 4 орынды Алматы және Қостанай об­лыс­тары бөлісті – 5%. 3-орын Қара­­ғанды және Атырау облыс­тарында – 6%. 2-орын Нұр-Сұлтан қаласына берілді, жаңа авто­ның жалпы санындағы елор­даның үлесі 14%-ды құрайды. Аталған рейтингтің үздігі Алматы қаласы болып шықты. Алып шаһарда тіркелген көлік құралдарының саны – 73 525, яғни жас шамасы 3 жылдан кем көліктердің үлесі – 17%.

Пайдаланылғанына 10 жылдан асқан көлік саны бойынша республикадағы бестіктің соңында Жамбыл облысы (7%) тұрса, 4-орында Қарағанды облысы – 8%. Ал үздіктер үш­тігін үлесі 9%-ды құрайтын Шы­ғыс Қазақстан облысы ашады. Екінші орындағы Алматы қа­ласына ескі көліктердің 10%-ы тиесілі. Ескі көлігі ең көп өңір ретінде Алматы облысы танылды. Мұнда зауыттан шыққанына он жылдан асқан 392 160 жеңіл көлік құралы тіркелген, бұл өңірдегі көліктердің жалпы санының 15%-ын құрайды.

Ал 3 және 7 жыл аралығын­дағы автокөлік саны бойын­ша ең көбі Алматы (15%) және Нұр-Сұлтан қалаларында (11%) тіркелсе, ең азы Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жам­был облыстарында – 2%.

Сонымен қатар Алматы қала­­сын­дағы жас шамасы 7-10 жыл арал­ығындағы ең көп же­ңіл авто­машиналар саны ай­қын­­дал­ды, бұл жас шамасына сәй­кес жалпы санның 18%-ын құ­райды. Аталған санат­та­ғы кө­лік­тердің ең аз саны Түркіс­тан об­лысында – бар болғаны 2%.