Қазақстан • 25 Сәуір, 2017

Ой салыстыратын заман туды

2610 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінде елімізде қатар жүр­гі­­зі­ліп отырған екі процесc – сая­­с­и және экономикалық жаң­­­­ғы­ру қарқынды іске асуда. Бі­­рақ әлемдегі дамыған 30 ел­дің қа­тарына ену үшін, саяси, эко­но­микалық реформалардан, ол са­ладағы жетістіктерімізден бө­лек, біртұтас ұлт ретінде сақ­та­­луымыз үшін, ұлттық рухани жаң­­ғыру – заман талабы.

Ой салыстыратын заман туды

Жаһандану дәуірі бәсекеге қабілетсіз, ұлттық болмысынан та­мырын үзген мем­ле­кеттерді арт­та қалдырады. Сон­дық­тан да, жаңа дәуір кезеңінде ел тағ­дырын анық­­тап, ұлтымызды өз­геге та­ны­туға жа­ңа ке­ңістік ашатын – үшінші жаң­ғы­рудың уа­қыты келді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­­тың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласының жариялануы және оның қоғамда кең талқылануы – тол­ғағы жетіп, бір шешімге ке­летін мә­се­ле­лердің бар екен­ді­гін көр­сетіп отыр.

Ру­ха­ни жаң­ғы­ру­дың басты факторы – ұлт­тық құн­дылықты, ұлттық рухты, бой­ымыздағы қа­дір-қасиетті заман талабына сай дамыту.

Ендігі рухани серпіліс – ке­ле­шегі­міз­дің жаңаша дамуының жарқын нышаны болу керек.

Әлемдегі өркениетті мем­ле­кет­тердің же­тіс­­тігі: (мысалы, Жапония, Оңтүстік Корея, Син­гапур, Қытай) олардың ұлттық сипатын бұзбай, жаңа заманға бейімделе алуында. Сондықтан, біз де осындай озық үлгілерді бағдар етуіміз керек.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың рухани салада бой көрсетуі – елі­міздегі біртектілікті қа­лып­­­тас­тырудың басты кілті. Бұл ұлт­тық сана-сезімнің көк­жи­егін ке­ңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту болып табылады.

Рухани жаңғыруымыз ұлт­­тың өзіндік «менін», өткен та­рих тағылымын ұмытпай, ел­дігімізді биік ұстау үшін керек. Ол – санғасырлық тарихи тамырымыз, мирас болып ке­ле жатқан атамұра өнеріміз, өзге елден ерек­шелеп тұратын ті­ліміз, салт-дәс­түріміз, әдет-ғұр­пы­мыз, от­ба­сылық тәрбиеміз. Ұлты­мыз­дың асыл ұлдарының бірі Мұс­тафа Шоқайдың: «Ұлттық рух­сыз, ұлттық намыссыз ұлт тәу­ел­сіздігі болмайды» деген сөзі дәл қазір қаперде болу керек.

Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар – ке­лешек қоғамның жарқын бо­ла­шағын қалып­тас­тыратын, ст­ратегиялық мақсат­тарды жүзе­ге асырушылар екені мәлім. Жастар халықтың қоғамдық белсенді бө­лігі және тәуелсіз еліміздің бол­ашағы. Сондықтан, жастарға пат­риоттық тәрбие беруді өзі­нің туған өлкесін қастерлеуге үйре­ту­ден бастаудың маңызы зор. Ту­ған жерінің қадір-қасиетін біл­ген ұрпақ елінің де нағыз жана­шырына айналады.

Жастарымызды отан­шыл­дыққа, ұлт­жандылыққа тәр­­бие­леу – баянды бо­ла­ша­ғы­мыздың, бей­біт өміріміздің ке­пілі.

Жетпіс жылдық саяси отар­лау салдарынан рухани-этни­ка­лық «мені» қо­ғамдық санадан өші­ріле бастаған кезең­де, тәу­ел­сіздікке қол жеткізген Қазақ елі, ендігі кезде әлемдік кеңіс­тік­те ірі дер­жава­лармен саяси, эко­номикалық, мәдени қарым-қа­­тынастар орнатты.

Бүгінде Қазақ елі өткенін са­ра­лап, болашағын бағдарлау үс­тінде. Осы тұста бір үлкен мә­селе туындайды, «ол – жа­һан­дан­у заманында біз ел­ді­гімізді, мә­дениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба, оның өскелең ұрпаққа тигізер әсері қандай болмақ?» – дег­ен сауал.

Батыстың мәдениеті ық­пал­ды болып тұрғаны рас. Бірақ, осы орайда, біз Батыстан нені алу­­ымыз керек, нені алмауымыз керек?

Талдай қарасақ, мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Бі­­рін­шісі – дү­ние­танымнан, екін­ші­с­і – ғылыми-тех­никалық да­му­дан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техни­ка­н­ың дамуынан келіп шыққан мә­дениетті алуымызға болады. Тіпті, ХХІ ғасырда қазақ жас­тары озық технологияның бар­лық қыр-сырын білуі тиіс. Мұ­ны меңгерумен біз бәсекеге қа­­білетті, іргесі мықты ел бола­мыз. Абайдың тілімен айт­қан­да: «Адам баласы адам баласы­нан ақыл, ғылым... деген нәр­се­ле­р­мен озады».

Ұлттық рухы қалыптасқан ұр­пақты тәрбиелеуде, ғасырлар бойы жинақталған халықтың мәдени мұраларын, даналық ұлағ­аттарын пайдалану маңызды болмақ. Мұның барлығы адам бойна ана тілі арқылы сіңеді. Заманында Махмұд Қашқари: «Тәрбие басы – тіл» деп ұлағат етсе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз қай халықтың болсын кешегі, бү­гінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» деп айтқан.

Әлемдік кеңістікте қалып­тас­қан жаңа заманауи техно­логиялар мен ақпараттық ор­та, оның заңдылықтары мен ерек­шеліктері, жалпы, XXI ға­сыр­д­ағы ғылым мен білім с­ала­сындағы үрдістің заманауи жаңалықтары біздің кемел ке­ле­шегіміз үшін ауадай қажет. Қа­зір «Бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман». Ғы­­лым мен білім саласында өз­ге­нің тозығын емес, озығын игеру басты мақсатымыз.

Бүгінде Астанамыз озық ой­дың, инно­ва­цияның және зиялы қауым өкілдерінің шоғырланған ордасына айналды. Кезінде бабамыз өр түрік қағаны Білге: «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деген.

Бәріміз «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» Елба­сының көтеріп отырған мә­се­лесіне қолдау танытуымыз қа­жет. «Қол жұмылмай – жылын­байды» деген ағайынбыз. Осын­дай ел мен жердің тағдыры тезге тү­сер сәтте, Астана ұйытқы бо­лып қана қоймай, рухани орта­лыққа айналуы тиіс.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

С.Сейфуллин атындағы

ҚазАТУ ректоры


Соңғы жаңалықтар