Қазақстан • 25 Сәуір, 2017

Бағыт-бағдары айқындалуымен құнды

270 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада «Үшінші жаңғыру аясындағы кон­сти­ту­циялық реформа» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ел­басы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырды.

Бағыт-бағдары айқындалуымен құнды

Дөңгелек үстел басында сая­­саттанушылар мен сарап­шы­­лар Мемлекет бас­шы­сы­ның Қазақстанның Үшін­ші жаң­ғыруы шеңберінде бел­гі­леген тапсырмаларын орын­­дау­ға бай­ла­­нысты Кон­с­ти­ту­­ция жаңа жағ­дай­да қалай жұ­­­мыс істейтіні жөнінде өзде­рі­­н­ің ұсыныстары мен пікі­р­­­ле­рін ортаға салды. Ретіне қа­­рай сөз алған спикерлер, әсіресе, еліміздің сая­си жүй­­е­­­­­сінің әрі қарай дамуына, ішкі саясатты транс­форма­­­­­­­­циялаудың пер­спек­ти­ва­ла­­­­­ры­на, азаматтық қоғам қа­лып­тас­­тыру және қазақстан­дық қо­­ғамды шоғырлан­ды­ру үде­ріс­теріне баса на­зар ау­­­­­­­да­р­ды. Қа­тысушылар, сон­­дай-ақ, парламентаризм ин­ст­и­­ту­тын дамыту мен мем­ле­кеттік бас­қарудың тиім­ді­лігі жөнінде де пікір алмас­ты.

Аталған осы мәселелерге қатысты «Нұр Отан» партиясы жанындағы Саяси сараптама және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тари­хы ин­с­­титутының бас ғылыми қыз­­­­меткері Еркеш Нұрпейісов, Қ­а­­зақ гуманитарлық заң уни­вер­­­ситетінің проректоры Ми­рас Дәуленов және басқалар өз ой­ларымен бөлісті.

Елдің болашағына байланысты мәселелер қозғалатын осындай жиындар мен дөңгелек үстелдердің ашық пікір алмасу жағдайында өткені жақсы. Одан қазақстандық қоғам ұт­паса, ұтылмайды. Мысалы, осы дөңгелек үстелде «Аймақ» өңір­лік даму және жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қо­рының төрайымы Айгүл Соловьева өңірлердегі қо­ғам­дық кеңестерді әкімдіктер жа­нынан құру керек деген ұсы­ныс айтты. «Мен қоғамдық кеңестер мәслихаттар жанында болуы тиіс деген тұжырыммен келісе бермеймін, – дейді ол осы жөнінде. – Себебі, осыған қа­ тысты бұл жерде екі па­латал­ы мәслихат деген ой ке­леді. Ал қоғамдық ке­ңес­тер тәуелсіз болуы тиіс не­ме­се олар әкімдіктер жанынан құ­рылғаны жөн. Өйт­ке­ні, қо­ғамдық кеңестер ке­ңес бе­ре оты­рып, атқарушы ор­ган­дар қа­лыптастыратын бағ­дар­ла­ма­ларға жұмыл­ды­ры­лады».

А.Соловьеваның пікірінше, ор­талық деңгейдегі қоғамдық кеңестер орталық органдар жанынан құрылған. Бұл – дұрыс. Ал өңірлік деңгейде оларды мәслихаттар жанында шоғырландырған. Әсілі, мәслихаттар дербес болуы тиіс және жаңғыру үдерістерін жүзеге асыру үшін қоғамда болып жатқан үдерістерге тиісті дәрежеде ықпал етуі қажет. Өңірлер деңгейінде мәслихаттар әкімдіктерден белгілі бір дәрежеде арақ­а­шық­тықты сақтағаны жөн. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы дамудың белгілі бір векторын айқындап отыр, – деді ол. – Осы бағытта алға қой­ылған мақсаттарға аза­мат­тық қоғам да белсене қа­ты­са­ды».

Дөңгелек үстел басындағы ашық пікір алмасқан жиынды Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және сая­сат институтының дирек­торы Ержан Солтыбаев қо­рытты. «Жалпы алған­да, кон­с-

ти­туциялық реформа­лар­ға қа­тысты бұрын да, қазіргі кезде де айтылған ұсыныс-пі­кір­лер қазақстандықтар­дың конституциялық рефор­ма үде­рісіне қатысуға деген қы­зығушылық деңгейінің арт­қа­нын көрсетті, – деді ол. – Бұл ретте аталған мәселелер са­рапшылар деңгейінде де, жал­пы қазақстандықтар ара­сын­да да кеңінен тал­қы­­лан­­ды. Ел­басымыздың «Бо­­ла­шаққа бағ­дар: рухани жа­ң­­ғыру» бағ­дарламалық ма­қа­­ласында көр­сетілгендер Қазақстанның то­лыққанды кемелденуінің басты алғы­шарты болып табылады. Со­ны­мен қатар, азаматтық қо­ғамды күшейтуге мүм­кін­дік береді».

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»



Соңғы жаңалықтар