Қазақстан • 25 Сәуір, 2017

Жаңа өзгерістер мен тың серпілістер әкеледі

129 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ба­ғ­дар­ламалық ма­қа­ла­сын ерекше ынта-ықы­лас­пен оқып шықтым. Тә­у­­елсіздіктің ширек ға­сы­рын­да талай биіктерді ба­­ғындырдық. Әсіресе, эко­номика саласындағы же­­тіс­тіктер Қазақстанды бүкіл әлем­­ге танытты. Дамыған 50 ел­д­ің қатарына қосылдық. Саяси ре­фор­малар да жүргізілуде. Ал кез кел­ген қоғамның өзегі – оның руханиятында жатыр. Сондықтан да, рухани өмі­ріміздегі жаңғыруларды қолға алу, іс жү­зінде жүзеге асыру дер кезінде қолға алы­нып отыр.

Жаңа өзгерістер мен тың серпілістер әкеледі

Біріншіден, бұл – өмір талабы, за­манның өзі туғызып отырған қа­жет­ті­лік. Біз қазір өте тез, көз ілеспес жыл­да­мдықпен өтіп жатқан технология ға­сы­рында өмір сүріп отырмыз. Сонау ХХ ғасырдың басында Алаш ардақтысы Мір­жақып Дулатұлы Санкт-Петерборда шық­қан «Серке» газетінде «Оян, қазақ!» деп жар салса, Тәу­елсіздік жылдарында «Ой­лан, қазақ!» д­е­ген ұран көтерілді. Енді Елбасы: «Іске кіріс!» – деп отыр.

Әлемдік жаһандану үрдісінде төтеп беру мақсатында өз халқымыздың ұлттық кодын сақтап қалу үшін не істеуіміз ке­рек­тігі көрсетіледі. Ол үшін ұлтымыздың бойындағы зиянды әдеттерден арылып, біртұтас халық ретінде салт-дәстүріміздің, өмір сүру мента­литетіміздің озық үлгілерін ұрпақ бойына сіңіруіміз керек. Ұлы ойшыл Абай бабамыз айтып кеткен «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» секілді залалды істерден арылуы-

мыз қажет, ал «Талап, еңбек, терең ой, қа­нағат, рақым» сияқты асыл қа­­сиеттерді барынша әркім өз бой­ына сіңіру керек. Алдымен әр қазақ баласы осы деңгейден көрінсе, сонда ғана біз ұлттық мемлекет ретінде сақталып қа­ла аламыз. Елбасы айтқандай: «Күн санап өзгеріп жатқан дү­бір­­­лі дү­ниеде сана-сезіміміз бен дү­ние­та­ны­мымызға әбден сіңіп қалған таптау­рын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді те­ңеп, иық түйістіру мүмкін емес».

Мемлекет басшысы жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бә­се­кеге қабілетті болу керектігіне ба­са назар аударып отыр. Ең бас­ты­сы, Е­л­басының: «Ұлттық салт-дәс­­түр­ле­ріміз, тіліміз бен музыкамыз, әде­биетіміз, жоралғыларымыз, бір сөз­бен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», д­еген ой­лары біздің бойымызға тың күш сіңіреді, серпін береді. Тәу­ел­сіз­дік жыл­д­ары руханият саласында «Мә­де­ни мұра», «Халық – тарих тол­қынында» сияқты қыруар же­міс­те­­рін берген бағдарламалар жү­зеге ас­ты. Соның нәтижесінде, біршама деңгейде же­­тістіктерге жеттік. Енді сол жеткен же­рі­­мізде тоқтап қалмай, біртұтас ұлттық рухани жаңғыруға аяқ бастық.

Назар аударарлық үл­кен мәселенің бірі – Қазақстанның ре­во­лю­циялық емес, эво­­лю­циялық дамуы ке­рек­ті­гі. Бұл енді арғы-бергі тарихымыздағы сабақ ала келе жа­салған байлам. Біз өзіміздің ұлттық құн­дылықтарымызды сақтай отырып, да­мыған үстіне дами беруіміз керек.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ ті­ліндегі 100 оқулық» жоба­сы да қуа­нтатын жағдай. Осы ретте айта ке­тетін мәселе – қазақ тілі, қа­­зақ әде­биеті, қазақ тарихы, қазақ жур­­на­листикасының негіздері ту­ра­лы оқу­лықтар өзіміздің төл ғы­лы­мы­мыздың бұрынғы-соңғы же­тіс­тіктері негізінде даярлануы керек.

Жаңадан құрылатын Ұлттық аударма бюросы тек шетелдік таңдаулы оқу­лық­тарды аударумен ғана шек­те­ліп қал­май, қазақ әде­биетінің таң­даулы шы­ғармаларын әлем­дік тіл­де­рге тәр­жімалау ісімен де айна­лы­суы керек. Бір жылдары Қазақстан Жа­зушылар Одағы жанынан құрылған Ау­дарма коллегиясының жұмысын қайта жандан­дыру кезек күттір­мейтін мәселе.

«Туған жер» бағдарламасының да жас ұрпақты жерді, елді сүюге тәрбие­лей­тін­дігіне еш күмән жоқ.

Қоғамымызға рухани саладағы жаңа өз­­герістер мен тың серпілістер әке­летін Елбасы ма­қаласында көр­се­тіл­ген мә­селелердің шешімін та­бу үшін әр­қайсымыз өз үлесімізді қо­са­тын күн туды.

...Тәуелсіздігімнің күн санап асқақтап әні,

Нұрлы болашаққа рухымыз бас­тап барады!

Бауыржан ЖАҚЫП,

Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ғалым


Соңғы жаңалықтар