Аймақтар • 02 Шілде, 2020

Қорғалжын қорығында киік көбейіп келеді

1089 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қорық аумағына 30 мыңға тарта түз тағысы жайылып жүр. Киік қарасы жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығы қуантады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қорғалжын қорығында киік көбейіп келеді

Сонау алпысыншы жылдары қазақ даласында 1 млн 300 мың киік болған деген дерек бар. Ал, 2003 жылы киік саны 21 мыңға дейін кеміп кеткен.  Биыл ақбөкеннің популяциясы өсіп, тарихи ареалы Қорғалжын қорығы мен Егіндікөл, Атбасар аудандарынан бой көрсете бастапты.

–20 жыңға жауығы Егіндікөл ауданының алқаптарында жүр. Иен далада еркін өскен ақбөкен егістік алқаптарға түсіп, ел наразылығын да тудыруда. Әсіресе, шаралар дабыл қағуда. Әрине, көкөскінге қаупі болған соң үркітуге рұқсат етілген. Бірақ, ешбір жағдайда мылтық атуға болмайды, дейді қорықшы Айтжан Хикметов.

Екі жүз мың гектардан астам аумақты қамтыған қорықта 40 табиғат сақшысы еңбек етеді. Тұмса табиғатты сақтау мақсатында браконьерлермен күрес қарқын алып, аумақта тәулік бойы рейд жүргізіледі.  

Былтыр Қазақстандағы киік саны 335 мыңға жетіпті. Бұл 2018 жылдың дерегімен салыстырғанда 55 процентке көп. Адамның ашкөздігінен аман болса,  киік егізден төлдеп, құралайы екі аптада ауызы көкке іліккен өсімтал жануарға айналады.

 

Ақмола облысы