Аймақтар • 16 Қараша, 2021

Шымкент демографиялық өсімнен көш басында

930 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент мегаполистер арасында көш бастап тұр. Демографиялық дүмпу бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты. Қуаныштысы сол, қалада биыл дүние есігін ашқан егіздердің саны өскен, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент демографиялық өсімнен көш басында

Жыл басынан бері қалада 305 егіз дүниеге келген. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда егіздер саны 100-ге артық дейді дәрігерлер. 2021 жылы сыңарымен туған шақалақтардың басым бөлігі – қыз балалар.

«Байқасаңыздар, екі немесе одан да көп сыңардың бір мезетте егіз болып тууы барысында жүктілік мерзімі қысқа, сәбилердің салмақтары қалыпты жағдайдан жеңілірек болады. Сондықтан болар, егіздердің көбісі – шалабайлар. Шала туған сәбиді перзентханадан бірден шығармаймыз. Туған күннен бастап бір айға дейін күтім жасаймыз. Осы уақыт аралығында анасы мен сәбидің денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса, үйге шығуға рұқсат етеміз», дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігері Жанат Үсенбаева.

Шымкентте жыл басынан бері 29 105 сәби дүние есігін ашқан. Биыл туған шақалақтың 14 105-сі – қыз бала, 15 000-ы – ұл бала. Ал үшемдердің саны бесеуге жетті.

1

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025