Аймақтар • 15 Сәуір, 2022

Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді

1893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық мәслихатындағы жиында жаңа Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді

Тиісті шешімге сәйкес Ұлытау облысының аумағы 188 936,61 км2 құрады.

Жаңа өңірге облыстық маңызы бар үш қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев, сондай-ақ екі аудан Жаңаарқа және Ұлытау кіреді. Қарағанды облысына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозёрск қалалары, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет сынды жеті аудан кіреді. Оның аумағы 239 046,35 км2 құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құруды ұсынған болатын.