Қазақстан • 29 Шілде, 2022

Ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция көлемі азайды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың бес айында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі едәуір азайған, деп  хабарлайды  Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция көлемі азайды

«2022 жылдың қаңтар-маусым аралығында ауыл, орман және балық шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі - 342,9 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға аз», деді бюро мамандары.

Инвестицияның 155,4 млрд теңгесі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан сияқты астық егетін облыстарға бағытталған. Қаржының 63,2 пайызы бір және екі жылдық дақылдарды өсіруге, ал 25,9 пайызы мал шаруашылығын дамыту үшін жұмсалады.

«Биыл бес айда өңдеу өнеркәсібіне 599,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға аз. Инвестициялардың 78,8 пайызы - меншікті қаражат. Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестицияның 68 пайызы металлургия өндірісіне, химия өнеркәсібі мен тамақ өнімдерін өндіруге бағытталды», делінген бюро хабарламасында.