Президент • 21 Маусым, 2023

Қазақстанда Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасы әзірленеді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Халықаралық еріктілер форумының екінші күнінде Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасы әзірленеді

«Біріншіден, стратегиялық ұстанымдарды айқындайтын жаңа Жол картасы керек. Осындай құжатты әзірлеу керек. Бұл құжат волонтерлік қызметке қуатты серпін беріп, оның алдағы жылдардағы бағытын айқындауға тиіс.

Екіншіден, волонтерлік пен қайырымдылық жұмыстың есептілік жүйесін енгізу керек. Бұл бастама волонтерлік қызметті заңнама деңгейінде ынталандырудың тиімді тәсілдерін енгізуге көмектеседі», деді Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан іс-шарада.