Саясат • Бүгін, 07:40

Жаһандық капиталмен байланыс тереңдейді

3 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанаға Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысына қатысуға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, ExxonMobil-дің аға вице-президенті Питер Ларден, Marubeni Corporation-ның басқарушы атқарушы директоры Сатору Ичинокавамен кездесті .

Жаһандық капиталмен байланыс тереңдейді

Кездесулер барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің алдына қойған экономиканы дамыту мен жаңа инвестициялық ­циклды жүзеге асыру жөніндегі міндеттері тұрғысында ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.

ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуде құрылыс және әлеуметтік, көлік, өнеркәсіп, инженерлік инфра­құрылымды жаңғырту, цифр­лан­дыру және жасанды интеллект сала­сындағы инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ қаржы саласындағы өзара іс-қимылды нығай­ту және бизнесті қолдау шаралары жөніндегі мәселелер қаралды.

Премьер-министр Банктің еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартудағы және ел экономикасының тұрақты дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Бірлесе жұмыс істеген жылдарда ЕҚДБ порт­фелі шағын және орта бизнес, қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, ауыл шаруашылығы және ақпарат­тық технологиялар салаларында жалпы сомасы 12,7 млрд доллар болатын 354 жобаға жетті.

Одиль Рено-Бассо биыл ЕҚДБ-ның Қазақ­стан экономикасына инвестиция көлемі тарихи деңгейге жететінін хабарлады: бүгінде елімізде 800 млн еуро­дан астам сомаға жобалар қар­жы­ландырылды. Жалпы, жыл қоры­тын­дысында инвестициялар ағыны 1,3 млрд еуродан асуы мүмкін деп күтіліп отыр.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.

ExxonMobil аға вице-президенті Питер Ларденмен келіссөздер барысында қазіргі өндірістік көрсеткіштер мен одан әрі технологиялық даму мәселелері қаралды. ExxonMobil ірі бірлескен жобаларды – Теңіз, Қашаған, Каспий құбыр консорциумын жүзеге асыруға қатысады. Тараптар ынтымақтастықтың жемісті сипатын атап өтіп, өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайындығын растады.

Marubeni Corporation басқарушы атқарушы директоры Сатору Ичино­ка­вамен кездесуде қазақ-жапон эконо­микалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқы­ланды. Марубени еліміздің энергетика және өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ұзақмерзімді және сенімді серіктесі болып саналатыны атап өтілді. Тараптар іскерлік байланыстарды одан әрі нығай­тудың және екі елдің бизнес-қауым­дастықтары арасындағы практи­калық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыз­дылығын сөз етті.

Кездесулердің қорытындысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, қолданыстағы жобаларды жүзеге асыруға және ел эко­но­микасының басым секторларында жаңа инвестициялық бастамаларды пысықтауға мүдделі екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар