Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21597 материал табылды

Абай • 13 Сәуір, 2020

«Абайды оқы, орында!»

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Абайға арналған айрықша мақаласын былайша түйіндейді: «Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндеттің үдесінен шығудың жолын іздеуге ұмтылдыруы тиіс. Әр азамат осы тойдың алдында еліміз, елдігіміз жөнінде терең ойланса дейміз. Абай бізге нені аманаттады? Абай бізден нені талап етті? Абай бізден нені күтіп еді? Абай елдің қай ісіне сүйініп еді? Сол сүйінген ісінен үйрене алдық па? Абай қазақтың қай ісіне күйініп еді? Сол күйінген ісінен жирене алдық па? Басқасын былай қойғанда, ақын айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба деген ойдың төңірегінде толғансақ та, талай жайға қаныға аламыз. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз».

Саясат • 13 Сәуір, 2020

Ынтымағы жарасқан елміз

Тұңғыш Президент – Елбасының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласы тағы да халқымызды жігерлендіре түсті. Елбасының әрбір сөзі шын жанашырлық пен Отаны мен еліне деген ыстық ықыласқа толы.

Саясат • 13 Сәуір, 2020

Елбасының анық жолы

Жер жүзіне қауіп төнген алмағайып шақта Елбасымыз – Тұңғыш Пре­зидентіміз тағы да халқының жанынан табылды. Ата заңға сүйеніп «Қазақ­стан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деді. Тәуелсіздік алған күннен халықтың болашағы үшін жи­нал­ған ұлттық қор ең алдымен ұлттың рухани қорымен өлшенбек. Хал­­­қымыздың рухани қоры – өлшенбестей үлкен, әлеуеті мығым қор.

Таным • 13 Сәуір, 2020

Әл-Фарабидің жаһандық математикалық мұрасы

Әбу Насыр әл-Фарабидей ұлы данышпанның бай мұрасын жан-жақты талдап, сарқа тану қиын. Өйткені оның творчествосы сан-салалы. Өзін атақты философ, дарынды математик, кемеңгер ойшыл ретінде таныта білген ғұлама ғылымға шын беріліп, асқан жігері мен күш-қайратын жұмсап, еңбектенгендігі белгілі.

Қоғам • 13 Сәуір, 2020

300 азамат қызмет етуге әзір

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығына сәйкес Батыс Қазақстан облысында 300-ге жуық адам арнаулы жиынға қатысуға ниет білдіріп отыр.

Руханият • 13 Сәуір, 2020

Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді

Кез келген ұлттың мұраты өркениет көшінің алдыңғы сапына ұмтылумен өлшенеді. Бұл жолда тарихтан тағылым алып, бүгінін зерделеп, болашағын бағдарлай білген ел ғана діттеген межесіне жетеді. Бүгінгідей сан алуан мәдениет пен технология тоғысқан жаһандану заманында біздің алдымызда ұлттық сананың өрісін кеңейтіп, рухани кемелдене түсу міндеті тұр. «Елу жылда ел жаңа» деген аталы сөздің парқын осындайда түсінеміз. Құндылықтарымызды сақтай отырып, санамызды сілкіндіру, жадымызды жаңғырту – әлемдік өркениет кеңістігінде жұтылып кетпеудің кепілі. Осы тұрғыда бұдан үш жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шыққаны белгілі. Рухани санаға соны серпін әкелген бағдарламалық мақала аясында елеулі істер атқарылып, нақты жобалар жүзеге асты.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Атырау: NCOC 1 млрд теңгенің жабдығын алып берді

#Bizbirgemiz қайырымдылық акциясы аясында NCOC компаниясы Атыраудағы №2 облыстық ауруханаға 1 миллиард теңгенің жабдығын сыйға тартты.  

Білім • 12 Сәуір, 2020

13 сәуірде өтетін телесабақтардың кестесі

ҚР Білім және ғылым министрлігі 13 сәуірде өтетін телесабақтардың кестесін жариялады.

Әлем • 12 Сәуір, 2020

Ұлыбританияның премьер-министрі ауруханадан шықты

Коронавирустан емделіп жатқан Борис Джонсон Лондондағы Сент-Томас ауруханасынан шықты, деп хабарлайды ВВС.