Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21633 материал табылды

Оқиға • 15 Желтоқсан, 2020

Жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы­сы Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасы бойынша мемле­кеттік наградаларды, дипломдар мен төсбелгілерді салтанатты жағдайда тапсырды.

Оқиға • 15 Желтоқсан, 2020

Наградалар тапсырылды

Тәуелсіздік күні қар­саңында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік марапаттарды тапсырды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Экология • 15 Желтоқсан, 2020

Экологиялық білім беру мектепке дейін басталғаны жөн

Бәріміз ұмыта қойған жоқпыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев итбалықтарға тас лақтырған балалардың әрекетіне алаңдап, жас ұрпаққа экологиялық білім беру ісін жолға қоюды тапсырған еді. Содан бері орта білім бағдарламасына экологиялық білім беретін жаңа пән енгізу туралы мәселе көп көтерілді. Алайда бұл білімнің негіздері балалардың бойына балабақшадан бастап берілуі керек. Өйткені, ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, адам өмірінде пайдаланатын ақпараттың 90 пайызын 5 жасқа дейін санасында сақтайды екен.

Президент • 15 Желтоқсан, 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі

Құрметті отандастар! Ардақты ағайын! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұр­пақ­тың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам. Тәуелсіздік – мем­лекетті­гіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тари­хы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құн­дылық жоқ. Оны ең қымбат қазы­наға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан бабалар аңсаған тәуел­сіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.

Руханият • 14 Желтоқсан, 2020

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мен зиялы қауым өкілдері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театрының XXX маусымашарына қатысты,деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 14 Желтоқсан, 2020

Назарбаев Университетінің ғалымдары COVID-19 симуляторын ойлап тапты

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының ғалымдары пандемиямен күрестегі ең тиімді тәсілдердің бірі – халықты  жаппай тестілеу және байланыста болған адамдарды анықтау екенін айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 14 Желтоқсан, 2020

Құқықтық база жетілдіріледі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Палата төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы: халықаралық-құқықтық базаны имплементациялау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Саясат • 14 Желтоқсан, 2020

Жобаның мәні – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

Бизнес • 14 Желтоқсан, 2020

Жаза басқандар ашқан кәсіп

Толғауы тоқсан тіршілікте қателеспейтін адам болмас, сірә. Қате­лікке ұрынған жандарды кеудеден итермей, қоғамға бейімдеуде пробациялық қызметке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.