Таным • 13 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылдың алдында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жайлы айтып: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдаманы іске асыру – бәрімізге ортақ міндет», деген болатын. Президентіміз жоғарыдағы мәселені жылдың басында тағы да еске салып: «Біз халық үніне құлақ асатын мемлекет құрамыз. Бұл – асыра айтқандық емес. Шын мәнінде, мемлекет өз азаматтарының пікірін мұқият тыңдауы қажет» деді.
Руханият • 10 Наурыз, 2022
Таулы Алтай Республикасына қарасты курортты аймақ Майма ауданы аумағында Манжерок атты шағын кент бар. Қалашықтың іргесі 1856 жылы қаланған дейді. Ауылды жанай тасқыны қатты Қатын өзені ағып жатыр. Өлкенің табиғаты көрген жанды тамсандырмай қоймайды. Көкпен таласқан ақ самырсын мен бал қарағайы, таудан құлап аққан мөлдір бұлақ сулары, тума табиғаттың саф ауасы... жанға шипа, дертке дауа.
Тарих • 09 Наурыз, 2022
Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жайлы жазбаларды оқығанда
Биыл туғанына 100 жыл толған қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова жайлы мәлімет іздеп отырып, апамызға Батыр атағы 1944 жылы 1 наурыз күні берілгенін көріп, бұл оқиға туралы баспасөз беттерінде не жазылды екен деген үмітпен ең әуелі «Социалистік Қазақстан» газетінің тігіндісін ақтардым. Үміт алдамады. Газеттің 1944 жылғы 5 наурыз күнгі санына үлкен сержант М.Ж.Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағын беру туралы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Указы және батыр қыздың майдандағы фотосы қоса жарияланыпты.
Руханият • 07 Наурыз, 2022
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жарық көрген «Социалистік Қазақстан» газетін ақтарып отырып, атақты филолог ғалым, академик Қажым Жұмалевтің «Майдандағы қазақ қыздары» атты шағын мақаласын ұшыраттық. Онда: «Рауза Шамшатова, Әдия Молдағұлова (Әлия шығар), Ерке Оразбаева, Баян Байғожина, Балшекер Ахметова, т.б. қазақ қыздары майданда ерлік көрсетті.
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Атамыз қазақ «Аманат молшылық әкеледі, қиянат кедейлік әкеледі» деген. Яғни аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады.
Руханият • 02 Наурыз, 2022
Ата-бабаларымыз әлімсақтан ұстанып келе жатқан ислам дінінде «хуббул-уатан минәл-иман» деп айтылатын мағынасы терең риуаят, яғни өсиет бар. Бұл ұғымды қазақша тәпсірлесек, «елді, отанды, жерді сүю – иманнан» дегенді білдіреді екен. Демек пенде баласының елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі һәм адал махаббаты жүрегіне сіңген иман қуатымен өлшенбек. Абайша айтсақ, «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көпке тисін, Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін». Дана атамыздың мына сөзін тәпсірлер болсақ, иманы кәміл, ықыласы кемел адам ғана елін, жерін, Отанын сүйе алары хақ.
Тарих • 02 Наурыз, 2022
Қайысбай балуаннан қалған белгі
Қытай-Шыңжаң өңіріне атағы шыққан Қайысбай Иісұлы деген әйгілі балуан өткен. Балуанның өмір тарихын зерттеген қаламгер Баяхмет Жұмабайұлының пайымынша Қайсекең 1890 жылы Шыңжаң-Алтай аймағының Сарғусын деген жерінде дүниеге келіп, 1960 жылы желтоқсан айында Шіңгіл ауданы, Бәйшін қыстағында бақилық болған дейді.
Руханият • 23 Ақпан, 2022
Қазақ тілінде «Дүбірге толы дүние» деген тіркес бар. Бұл сөз тегін айтылған жоқ. Расында, ғалам дүбірге толы. Мысалы, аңырай соққан аңызақ, алақаншық ақ боран, ақжорға бұрқасын, ысқырған дауыл, одан қалды сіркірей құйылған ақжауын, тасырлай төгілген бұршақ, тіпті бағзыдан бері келе жатқан төл өнеріміз халқымыздың домбыра күйлерінде де дүбір бар. Сондықтан болар, баба қазақ мына ғаламды дүбірге толы деп бірауыз сөзбен түйіндеген. Осы дүбірлердің ішінде ең маңыздысы, кереметі – жылқының дүбірі. Бұл жайлы қасиетті Құранның «Ғадият» сүресінде «Тұяғынан от шашып, алқына шапқан, дүбірлетіп дүркіреп жауды жарып кірген аттарға серт» деген аяттар бар.
Тарих • 20 Ақпан, 2022
Елорда төрінен ірге тепкен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының ат салысуымен Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет» бағдарламасы бойынша жарық көрген бірнеше кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Сұхбат • 17 Ақпан, 2022
Ержан Мақпышұлы: Шыңғыс ханның «Түменбасы» болу бақыты бұйырды
«Egemen Qazaqstan» газетінің №24 (30253) 4 ақпан 2022 жылғы санында көп сериялы «Шыңғыс хан» телефильмінде «өкіл әке» Меңліктің рөлін сомдаған талантты әртіс Дәлелхан Қадырұлымен жүргізілген сұхбат жарияланған болатын. Осы сұхбат барысында аталған телесериалда тағы бір басты рөл – Наяха ноянның образын жасаған дарынды актер Ержан Мақпышұлы бауырымыз туралы да сөз қозғаған едік. Енді міне Үрімжі қаласында тұрып жатқан Ержан бауырымызбен хабарласып, екеуара өрбіген әңгіме барысын оқырман назарына ұсынып отырмыз.