Руханият • 10 Қаңтар, 2021
Қаратөбеде қайта жаңғырған тарих
Өткен ғасыр басында қазақты ел болдырудың қамына кіріскен алашшыл азаматтар қолдарынан келген істің бәрін атқарды. Айталық, 1917 жылдың аяғында Орынборда өткен жалпықазақ сиезінен кейін Алашорда үкіметі негізі іс-қимыл атқару орталығы ретінде Семейді таңдаса, күнбатыс алашордашылар 1918 жылдың ақпан айында Жымпиты уезіне қарасты Қаратөбе кентінде кезекті жиын ашып, батыс өңірде атқарылуы тиіс істерді талқылады. Бұл жиын тарихқа «Қаратөбе сиезі» деген атпен қатталды.
Таным • 08 Қаңтар, 2021
Елорда төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мекемесі қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған карантиндік режімге байланысты өз қорында сақтаулы тұрған құнды жәдігерлердің онлайн таныстырылымын жүргізуде. Соның бірі – «Жәмиғ әл-румуз уә ғауас әл-бахрайн» атты құнды мұра. Бұл кітап 1890 жылы Петерборда басылған көрінеді.
Руханият • 07 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бас басылымы «Егеменде» жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын: «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» деп аяқтапты.
Руханият • 06 Қаңтар, 2021
2021 – сиыр жылы (мерекелік даталар, тарихи оқиғалар, тұлғалар өмірі)
Атам қазақтың «диірменнің тасындай, шыр айналған дүние-ай» дегені сияқты әуресі мен әлегі көп 2020-шы ақ Тышқан жылы да уақыттың терең қойнауына сіңді. Енді міне, ай мүйізін ақырын шайқап, 2021-ші Сиыр жылы ғаламның табалдырығын аттады. Қош келдің, кілегей сүті тіліне байланған Зеңгі баба түлігі.
Тарих • 01 Қаңтар, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы желтоқсан оқиғасына қатысты Алматы қаласында бой көтерген «Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздігіміздің алғашқы хабаршысы болды. Билік осы оқиғаға ұлтшылдық деген айып тағуға тырысты. Саяси бюрода мұның бұлай еместігі туралы менің дәлелдеуіммен, арнайы қабылданған қаулыны бұздыруыма тура келді. Осы оқиғаларды ұлтаралық қақтығыс деп атауға тырысты, алайда мұның бұлай емесін тарихтың өзі көрсетті. Сол кезде алаңға шыққан жастардың талап-тілегі – әділеттілік пен Қазақстанның тәуелсіздігі болатын» деген еді. Міне, биыл Елбасы айтқандай, «тәуелсіздігіміздің хабаршысы» желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Бұл көп уақыт емес. Оқиға куәгерлері де, оған атсалысқан адамдар да аман-есен жүр. Сол себепті биыл небір естеліктер айтылып, өткен күндер елесі тағы бір жаңғырары хақ.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2020
Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекеттің кепілі – өз азаматтарының тыныштығын қамтамасыз ете алуында» деген екен. Осыған үндес сөзді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Мемлекетте бейбітшілік пен тыныштық сақталған жағдайда ғана дамудың даңғыл жолы ашылады» деп үнемі айтумен келеді. Сол сияқты қазақтың үлкен ақыны Мұқағали Мақатаев «Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, Ұйқыдағы сәбидің келбетіне...» десе, тәуелсіздік төлі, жас жыршы Мирас Қадырмұрат бауырымыз: «Аллаға мәлім, ризықтан бұрын тыныштық, Ризықтан бұрын тыныш таңдардың мұңы ыстық, Атадан қалған ат басты алып алтыннан, Бағалы елге тыныштық деген күміс құт» деп жырлапты.
Руханият • 25 Желтоқсан, 2020
Елорда төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында VII ғасырда жазылған, өте құнды жәдігер «Мусхаф аш Шариф – Құран Кәрім» кітабының факсимилесі сақтаулы тұр.
Руханият • 21 Желтоқсан, 2020
Талантты суретші, талапты ұстаз
Әйгілі суретші, әлемдік бейнелеу өнеріне кубизм бағытын әкелген қылқалам шебері Пабло Пикассо: «Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді» деген екен. Осындай талантты жастың бірі – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Балалар өнер мектебінің» ұстазы, суретші Еркебұлан Жәкішев.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2020
Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл) кезінде еңгезердей үш сақшының қоршауында, кәнігі аңшының қолына түскен еліктің лағындай үрке-қорқып, лекіте басып бара жатқан осы қазақ қызының фотосы көпке аян. Бұл адамды қазір елдің көбі таниды. Алматы қаласының тұрғыны – Анар Төлегенқызы Рахымжанова.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2020
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақтың жалпы тарихы» атты төрт томдық құнды еңбектің онлайн таныстырылымы өтіп, оған шетелдік ғалымдар мен елімізге танымал тарихшы, түркітанушы мамандар қатысты.