Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1042 материал табылды

Әлем • 23 Шілде, 2020

Құтқарушысын құрметтейтін пингвин

Жуықта британдық тәуелсіз басылым, күнделікті жарық көретін «Индепендент» интернет-газетінде Диндим атты пингвин мен Солтүстік Америка құрлығындағы Аргентина республикасы Патагония штатының тұрғыны Жуан Перейра де Соуза арасындағы татулық қатынас жайлы қызық оқиға жарияланыпты.

Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Орфографиялық жұмыс тобының онлайн отырысы өтті

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 22 шілдеде Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының отырысы онлайн жүйеде өтті, - деп жазады Egemen.kz

Оқиға • 21 Шілде, 2020

Жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ескерткіштерді қал­пына келтіру, зерттеу және оларды туристік орта­лыққа айналдыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 18 түрлі та­рихи-мәдени нысанға жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Оқиға • 20 Шілде, 2020

Ғұн ұлысының ордасы табылды

Әлем тарихында б.з.д IV ғасырда Ғұндар империясы болған. Бұл мемлекетті қазіргі көшпенділер ұрпағы өздерінің ата-бабасы құрған ұлыс деп санайды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 209 жылы ұлыс билігі Мөде (қытай деректерінде Маодун) қағанның қолына өтіп, қазіргі Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытайдың солтүстігі мен Ресейдің оңтүстік аумағын қамтыған ірі Еуразиялық мемлекет құрған.

Сұхбат • 17 Шілде, 2020

Бақыт Однайұлы: «Күреске күш емес, ақыл керек»

Еркін күрес түрінен әлем кубогының қола жүлдегері (1981) және әлем біріншілігінің кіші қола медаль иегері (1986), Моңғол елінің төрт дүркін чем­пионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спортқа еңбек сіңірген қайраткер Бақыт Однайұлы – 1954 жылы Бай-Өлке аймағының орталығы Өлгей қалашығында дүниеге келген. Ол орта мектепті бітірген соң ел астанасы Ұлан-Батырға аттанып, сонда еркін күрес үйірмесіне қатысады. Жаттығуға кіріскеніне жыл толмай жатып, қалалық және аймақтық біріншіліктерде үздік өнер көрсетіп, 1974-1975 жылдары Моң­ғолия жастары біріншілігінде 2 мәрте топ жарады.

Руханият • 16 Шілде, 2020

Тойдың буы һәм мақтан

Жуықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында: «Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп ән­де­тіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бү­­гінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босат­қан­ға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлер­мендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сон­дықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуа­лайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғы­лым мен білімнің, еңбектің дәуірі!», деді.

Тарих • 15 Шілде, 2020

Қазағына қызмет қылған қайраткер (Шәріп Өтеповтің Қобда беті қазақтары арасындағы саяси қызметі)

(Соңы. Басы 133-нөмірде)   Әртүрлі кедергілерге қарамай, қазақ­стандық өкілдер Қобда беті қазақтары арасына алғаш рет заманауи мектеп ашып, балаларды оқыту үшін үкімет берген ақшаға екі киіз үй сатып алады. Ел ішіне жүргізілген үгіт-насихаттың нәтижесінде біраз кедей отбасы балаларын оқуға өздері әкеліп тізімдетеді. Сөйтіп жаңа оқу жылында білім алуға құштар бала саны 25-ке жеткен екен. Келесі кезекте балаларды оқытатын мұға­лім керек. «Бірнеше адамның іші­нен руы арғын-тобықты-көкше Бай­мұхамет Қанапияұлы молданы ұстаз­дыққа таңдап алдық» – деп жазады Ш.Өтепов. «Бұл кісі 1905 жылдары екі інісі Байзікір мен Дүйсебайды ер­тіп Қарқаралы уезінің Бауыр болысынан Шыңжаң – Алтайға өткен екен. Кешікпей Қобда бетіне келіп Ойғыр, Соғақ, Сарыбөктер, Орықты, Дайын, Сенгіл өлкелерінде көшіп-қонып өмір сүреді. Ол жәдитше білім алған, татар, шағатай, орыс тілдерін өз деңгейінде білген. Моңғолияға келген соң ұранқай, тыва тілдерін де үйренеді. Осындай білімділігін аңғарған жергілікті ауқатты адамдар: «Мына жігіттің білімі бар екен, балаларымызды сауаттандырайық»,  деп діни сабақ оқытады. Сөйтіп Баймұхамет молда Қобда бетінде тұрып қалады. Байекеңнің бір ұл, екі кызы болған. Ұлы Кәмалаш көп жылдары сұмында әкімшілік, партия қызметкері, мұғалім, мектеп меңгерушісі болса, қызы Шөрке әйелдер ортасынан шыққан жоғары білімді алғашқы зиялылардың бірі, үлгілі ұстаз, Ұлы Құрал депутаты болған қайраткер тұлға. Немересі Биқұмар Кәмалашұлы тарих ғылымдарының док­торы, этнограф бірнеше кітаптың авторы. Жарықтық молда атамыз 1938 жылы 18 шілде күні 49 жасында «халық жауы» деген жаламен ұсталып, осы жылдың 19 тамызда ату жазасына бұйы­рылыпты.

Таным • 14 Шілде, 2020

Қазағына қызмет қылған қайраткер (Шәріп Өтеповтің Қобда беті қазақтары арасындағы саяси қызметі)

Моңғол Халық Республикасы социализм жолына (1921ж.) бет бұрған сәттен бастап, жаңа мизам саясатын орнықтыру үшін саяси жұмыстар қолға алынды. Әсіресе елдің батыс шебінде өмір сүріп жатқан қазақтарды жаңа өмірге икемдеу ісі тоқырауға ұшырады. 1928 жылы 14 желтоқсанда ашылған Моңғолия Мемлекеттік 5-ші кіші құрылтайы қабылдаған төтенше қаулының «Халық ағарту ісі туралы» бөлімнің 170-бабында: «Шекаралық аймақта орналасқан қазақтар арасына оқу-білім ісін жоспарлы жүргізуді қолға алу» жайлы сөз болса, аталмыш құжаттың 9-бабында: «...қазақтар арасына жаңа мизам сая­сатын жүргізу қажет» деп нақты атап көрсетіпті.

Білім • 11 Шілде, 2020

Қашықтан оқып, тіл үйрен!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен республикалық Тіл оқыту орталықтары еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік және басқа да тілдерді қашықтан оқыту шарасын бастады, - деп хабарлайды Еgemen.kz

Әлем • 10 Шілде, 2020

Байөлкелік батыр Ікейге ескерткіш орнатылды

Моңғолияның батыс шебінде орналасқан Бай-Өлке аймағының орталығына қазақтан шыққан Моңғолия Батыры Ікей Мәзімұлына еңселі ескерткіш қойылды, - деп хабарлайды Еgemen.kz