Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1042 материал табылды

Тарих • 13 Мамыр, 2020

Алаш ақсақалының өсиеті

1992 жылдың мамыр айы еді. Бір шаруамен Өскемен қаласына барып, сондағы қонақ үйлердің біріне табан тіредік. Кештетіп далаға шықсақ, қонақ үйдің маңайы толған сақшы-қосшылар. «Не болды?» десек, біз жатқан қонақ үйге Түркиядан аса қадірлі мей­ман келіп түсіпті. Мына шапқын сол адамның «қамы» көрінеді. Бопты, дедік те, өз жайымызға кеттік... Қонысымызға қайта орал­сақ манағы даладағы дүрлігіс біз жатқан қабатқа көшіпті. Сақ­шы-қосшылар осында жүр. Себебі, қадірлі қонақ бізбен көрші бөл­ме­де екен.

Руханият • 12 Мамыр, 2020

«Білім артық па, байлық артық па?»

Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі  - Әли ибн Әбу Тәліп аса білімдар адам болыпты. Білімінің арқасында ел ол кісіні «ілімнің қақпасы» деп атаған. Бірде замандастары оған 10 адамды кезекпен жіберіп, бәріне бірдей: «Білім артық па, байлық артық па?» деген  сұрақты қойдырған екен. Сонда хазіреті Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген:

Руханият • 12 Мамыр, 2020

«Құдай жақсы апа»

Бұл әңгімені көп жыл бұрын марқұм журналист Ерғазы Әсембекұлының ауызынан естіп едім. Содан бері қанша жыл өтсе де, көкейімде таңбаланып қалыпты.  – Шамамен өткен ғасырдың 60-шы жылдары, - дейтін еді Ерекең: - Балқаштың оңтүстік сағасы Іле өзені аңғарында шеңгелге тіреліп шөккен құмды бұйыратты ықтай орныққан алақандай ауылда өстім.  

Руханият • 12 Мамыр, 2020

Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді

Мақаланың тақырыбы айтып тұрғандай, қазақта дәл осындай мақал бар. Бұның арғы түбі құран-хадистен алынған сияқты. Өйткені Құранда «Әркім қолекі істеген күнәсіне сай зардабын тартады» дейтін мағынада ашық аят бар. Осы орайда біздің айтпағымыз: ертеде таулы-қыр­қалы, сулы-нулы, орман-то­ғайлы өңірде бір тайпа мекен етіпті. Ел болған соң байы мен кедейі, жақсысы мен жаманы, білімдіcі мен наданы араласып өмір сүріпті.

Спорт • 11 Мамыр, 2020

Неміс футболының аңызы Мирослав Клозе бапкерлікке бет бұрды

Германия ұлттық құрамасы тарихында ең көп гол соққан аңыз шабуылшы Мирослав Клозе келесі маусымнан бастап, Бундеслиганың Байерн Мюнхен командасының көмекші бапкері ретінде қызметін бастамақ. Бұл туралы футболшының өзі «Жаттықтырушы ретінде бұл менің  ең үлкен қадамым» депті.

Спорт • 11 Мамыр, 2020

Барселонаның шығыны 120 миллион евроға жетті

Коронавирустың салдарынан Испанияның «Барселона» футбол клубы 120 миллион евро шығынға ұшырағаны жайлы команданың вице-презденті Жорди Кардонер мәлімдеді.

Руханият • 10 Мамыр, 2020

Жігітке таяқ жегізген жамбас (этнографиялық әңгіме)

Қазақтың керемет құндылықтарының бірі – ет турау дәстүрі. Жазылмаған заңдылық бойынша астаудағы етке алдымен үлкендер қол тигізу керек. Яғни, әркім өз сыбағасына иелік етеді. Әсіресе, жамбас ұстау – екінің бірінің еншісіне бұйыра бермейтін құрмет. Төрде төредей қария отырғанда, есік көзіндегі жастар жамбас ұстауы – аса көргенсіздік болып есептеледі. Бір ағамыз жастау кезінде басынан өткен уақиғаны айтып еді. Көптен бері қағаз бетіне түсірсем деп жүретінмін. Енді ғана сәті келгендей...

Әлем • 09 Мамыр, 2020

Матшидисо Моэти: Африкада пандемиядан 190 мың адам қаза болуы мүмкін

ДДҰ – ның Африка құрлығына жауап беретін өкілі Матшидисо Моэти ханым қара құрлықта індеттің алдын алу шарасын күшейтпеген жағдайда 190 мың адам дерт салдарынан қаза табуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы CNN  ақпарат агенттігі хабарлады.

Әлем • 08 Мамыр, 2020

Әлемдегі ең кедей президент

Әлемде мемлекет басқарған адамдардың арасында ең кедейі – Хосе Альберто Мухика Кордано (Jose Alberto Mujica Cordano) екен. Бұл кісі Уругвай елін 2010-2015 жылдары басқарған 40-шы президенті. Қазір жасы 80-ге аяқ басқан бұл кісі ел қатарлы қарапайым өмір сүреді.

Руханият • 08 Мамыр, 2020

Құлдан шыққан ғұлама

Ислам әлемінде ғылым-білім жолында бар ғұмырын арнаған ғұламалар көп. Соның бірі – Ата ибн Рабах. Бұл адам Меккеде бір әйелдің иелігінде құл болатын. Өзі құлақкесті құл болса тұра пайдасыз істен аулақ болу үшін күнделікті тірлігін үшке бөледі. Бір бөлігін иесіне арнады, оның тапсырған ісін орындады. Екінші бөлігін Аллаға құлшылық етуге, үшінші бөлігін ілім үйренуге жұмсады.