Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2021
Осыған дейін әдебиет саласы бойынша үш бірдей Нобель сыйлығы лауреатының отаны саналатын Жапон әдебиеті біз үшін қызықты һәм жұмбақ болып келеді. Күншығыс елінде қалам ұстап жүргендердің ішінде қазір Харуки Муракамидің есімі жиі аталады. Нобель сынды алпауыт сыйлыққа жылда ұсынылса да, жолы болмай келе жатқан Мураками біздің оқырмандарға бөтен емес. Оның «Норвегия орманы», «Жағалаудағы Кафка», «Командордың өлтірілуі» сияқты аты алысқа жеткен шығармалары дүниежүзі оқырмандары арасында жақсы бағаға ие болды.
Әдебиет • 26 Тамыз, 2021
Сіз бір сәт мына ғаламды гүлсіз елестетіп көріңізші. Онда айнала сұп-сұр, тұманды бірдеңеге айналып кетер еді. Табиғаттың мейірімі түскен шөп біреу болса, ол – гүл. Мифологияда әлемнің көптеген гүлі туралы аңыз-әпсаналар жиі кездеседі. Анемон, қалампыр, гиацинт, лалагүл, лотос, нарцисс, көкнәр, раушан, күнбағыс және шегіргүл деп кете беретін әртүрлі гүл әртүрлі мәдениеттің, тіпті сан алуан әдет-ғұрыппен байланысты.