Қоғам • 02 Қазан, 2019
Жоғары оқу орындарын қысқарту қалай жүргізілмек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында еліміздегі университеттер санын қысқарту керектігін айтты. Президент мұның себебін жоғары оқу орындарының жартысы ғана өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан 60 пайыздық көрсеткішке қол жеткізіп отырғанымен түсіндірді. Бұл тапсырма қалай орындалады?
Әлем • 30 Қыркүйек, 2019
Оқушылардың төрттен бірі қосымша сабақ оқиды
Бұл туралы «ВВС» жариялаған мақалада айтылыпты. Білім беру саласындағы олқылықтарды жойып, білім сапасын көтеруді көздейтін Біріккен Корольдіктегі «The Sutton Trust» қайырымдылық ұйымы арнайы зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Англия мен Уэльстегі орта мектеп оқушыларының төрттен бір бөлігі жеке білім алатыны анықталды.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019
Білім алмасу бағдарламасының қарқыны қандай?
Білім алмасу бағдарламасы (KSP – knowledge sharing program) шеңберінде жыл сайынғы өңірлік семинар өтті. Әлемнің 70 елінде 1 мыңға жуық тақырыптық зерттеулерді қамтитын бұл бағдарламаны 2004 жылы Корея Республикасының Экономика және қаржы министрлігі дайындаған. Аталған жоба Кореяның тәжірибесі негізінде әріптес елдерге әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететін стратегиялық зерттеулер мен консультациялар кешенін әзірлеуді көздейді. Осы мақсатта Қазақстанмен әріптестік 2009 жылы басталған еді.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019
Шетелдік талапкерлер отандық жоғары оқу орындарын неге таңдамайды?
Халықаралық білім институтының (Institute of International Education) зерттеуінше, АҚШ-тағы шетелдік студенттердің саны 1 млн 100 мың адамға жуықтады. Осы білім алушылардың әрқайсысы елге (грантпен баратыны бар, ақылы оқитыны бар) жылына кем дегенде 1 млн теңгеден салады дейік. Бұл дегеніңіз сырттан сол мемлекетке жыл сайын млрд-тап емес, триллиондап табыс әкелетініне дәлел бола алады. Ал қазақстандық университеттер шетелден инвестиция әкелмесе де, сыртқа ағылған студенттердің шығынын жаба алып жүр ме?
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Жоғары білім берудегі ықпалдастық
Әлемнің 11 елінен жиналған жоғары оқу орындарының өкілдері Қазақстан астанасында бас қосты. Халықаралық жиында шетелдік топ-менеджерлер, Қазақстан, Қытай, Испания, Франция, Португалия, Швеция, Эстония университеттерінің әр деңгейлі мамандары жоғары білімді интернационалдандыру мәселесін, маңызы мен іске асыру жолдарын талқылады.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Ғылым кандидаты PhD-ді қайта оқуы керек пе?
Редакциямызға бір оқырманымыз хабарласып, ғылым саласындағы өзекті мәселені көтерді. Ол Қазақстанда алған ғылым кандидаты атағымен шетелде жұмыс істемек көрінеді. Алайда шетелдік жоғары оқу орны басшылығы PhD диплом сұратыпты. Ал елімізде PhD дәрежесі ғылым кандидаты атағымен теңестірілген еді. Екі құжат та бір деңгейде болса, неліктен жұмысқа орналасуға жарамайды?
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
Елімізде Иран-Қазақстан экономикалық зерттеулер орталығы ашылды. Орталық 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ирандағы Алламе Табатабаи мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында қолға алынған. Жаңа орталыққа 973-1048 жылдары өмір сүрген, Арал теңізінің жағасында астрономиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшеріне дәлме-дәл анықтама жасаған ортаазиялық энциклопедист-ғалым Абу-Райхан әл-Бирунидің есімі берілді.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Цифрландырудың білімге ықпалы талқыланды
Отандық және шетелдік жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен елордада білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуразиялық форум өтті. Шарада спикерлер мен қонақтар университетті цифрландырудың маңызы мен тиімді жолдары жөнінде ой бөлісті.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бала қауіпсіздігі және профилактикалық шаралар бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
Дипломмен ауылға аттанғандар қалаға неге қайтады?
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының үздіксіз жүзеге асырылып келе жатқанына биыл 10 жылға жуықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жариялаған Жолдауында бағдарламаға бөлінетін қаражатты 20 млрд теңгеге ұлғайтуды тапсырды. Оның бірден-бір себебін ауылдық мектептерде педагог кадрлардың жетіспеушілігімен байланыстырды. Ауылға аттанған жас мамандардың міндетті үш жылдық еңбек өтілін өтеп болған соң, қалаға қайтып кететіні жасырын емес. Оның себебі неде?