Қоғам • 12 Ақпан, 2021
М.Мақатевтың туғанына 90 жыл: Миллион кімге бұйырды?
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Алматы қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Есіңе мені алғайсың» атты республикалық онлайн байқауда Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Еркежан Төлеубек жеңімпаз деп танылып, бас жүлдеге тігілген 1 миллион теңгені еншіледі.
Руханият • 12 Ақпан, 2021
Алматыда қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі Манарбек Ержановтың туғанына 120 жыл толуына арналған ән мен күй фестивалі өтті. Шығармалары ұлт мұрасына айналған талант иесінің рухын аспандатқан әсем кеште республикаға белгілі сахна саңлақтары өнер көрсетті.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2021
Алматы әуежайында санитарлық нормалар қалай бақыланады?
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполис аумағындағы қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы күн сайын бақыланып отыр. Олардың қатарында Алматы халықаралық әуежайы бар, онда келушілердің жағдайын және оларда COVID-19-ға теріс ПТР тестінің нәтижесі теріс болуын бақылайды.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
Жамбыл мерейтойына орай Алматыда қандай шаралар өтеді?
Биыл 28 ақпанда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың (1846–1945) туғанына 175 жыл. Атаулы күнге орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен бірқатар іс-шаралар өтеді.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
Көлік түтінімен күрес күшейеді
Алматы қаласының ауасын ластайтын негізгі екі фактордың бірі – автокөліктерден шығатын түтін. Көліктен бөлінетін көк түтінмен күрес талайдан қолға алынғанымен, нәтижесі көңіл көншітпейді. Осыны ескерген шаһар билігі қаланы сыртпен байланыстыратын барлық жолдың кіреберіс тұстарына алдағы көктемнен бастап экобекеттер қоймақ.
Медицина • 08 Ақпан, 2021
Алматыда рениматология орталығы қалай жұмыс істейді?
Алматыда пандемия жағдайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша COVID-19-бен ауыратын адамдар арасындағы өлімді азайту бойынша шаралар қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2021
«Спутник V» вакцинасының алғашқы 2050 дозасы Алматыға жеткізілді
Вакцина Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға жергілікті уақыт бойынша 20.30-да жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Алматыда қант бағасы қатаң қадағаланады
Алматы билігі экономикалық және әлеуметтік пайдалылықты ескере отырып, бағаны ұстап тұру жөніндегі қалалық Комиссия ұсынымының негізінде құмшекерге бір келісі үшін 254 теңге мөлшерінде белгіленген шекті қол жетімді бөлшек бағасының қолданылу мерзімін 30 күнтізбелік күннен 90 күнтізбелік күнге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Takeda биофармацевтикалық компаниясы Қазақстандағы үздік жұмыс беруші атанды
Takeda Pharmaceuticals (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілдігі болып табылатын «Такеда Қазақстан» компаниясы Top Employers Institute (Үздік Жұмыс Берушілер Институты) беделді халықаралық ұйымының «Үздік жұмыс беруші 2021» марапатын қайта иеленіп, Қазақстандағы жетекші жұмыс беруші атағын растады. Бұған қоса, Takeda компаниясына төртінші жыл қатарынан әлемдегі үздік жұмыс берушінің беделді жаһандық мәртебесі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 29 Қаңтар, 2021
Ұлттық жазу рухымызды жаңғыртады
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – қоғамдық санамызға мықтап қозғау салған тарихи шешім. Тоқталған әліпбиіміздің соңғы нұсқасы да мәдени жұртшылықтың назарында тұр. Қазақ тілі емле ережесін жасаудағы басты және қосалқы ұстанымдар қандай деген сауалға жауап алып, кейбір түйінді мәселелерді оқырманға нақты мысалдармен, ғылыми негізге сүйене отырып тарқатып беру үшін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанмен әңгімелескен едік.