Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Қоғам • 04 Тамыз, 2023

Сұлулыққа ұмтылу

Алматының аптап ыстығында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ашылған «Болатты кескіндеме» атты көрмеден тау қойнауының бой мұздатар салқын лебі еседі. Өмір бойы теңіз бен толқынды жырлап өткен Айвазовский сынды суретші, архитектор, музыкант Болат Ахметов те шығармашылық ғұмырын жер шарындағы ең сұлу саналатын шыңдар мен мұздықтар тақырыбына арнады.

Өнер • 02 Тамыз, 2023

Аттан түспегін, Алаш циркі!

Ұлттық ойын-сауық пен тұрмыстық салт-жоралардың негізінде пайда болған Қазақстанның цирк өнерінің тарихында тұңғыш рет бес күн бойы 15 мемлекеттің 80-нен аса әртісі өнер көрсеткен Халықаралық цирк фестивалі дүбірлеп өтті. Қазақ мемлекеттік циркінің дөңгелек күмбезінің астында бес күнде 8 мың адам жүрек жұтқан таланттардың өнерін бір деммен тама­шалап, шартараптан келіп бас қосқан шеберлердің өнеріне таңдай қақты. Almaty Sirkus Festival атты ірі өнер бәйгесіне дейін цирктің сиқырлы манежінде мұншама мықтының басы бұрын-соңды дәл осылай қосылған емес. Қазақстан, Қытай, Ұлыбритания, Чехия, Германия, Болгария, Украина, Ресей, Беларусь, Литва, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Якутия, Вьетнам, Эфиопия сияқты елдердің ең мықтысын бағалау 24 қазыға да оңай соққан жоқ.

Өнер • 31 Шілде, 2023

Қайта жаңғырған «Азия дауысы»

Алатаудың баурайында жиырма жылға жуық жым-жырт жатқан Медеу шатқалдарын қуатты музыка үнімен жаңғыртқан «Азия дауысы» халықаралық фестивалі қайта оралды. Алма­тылықтардың өміріндегі ең аяу­лы сәттер, жарқын естеліктер­дің бір парасы дәл осы «Азия дауысымен» байланысты өрбіп, он бес жыл бойы үздіксіз өткен дәстүрлі ән байқауы белгілі себеппен үзіліп қалып, көрермен ұзақ жылдар бойы көз жазып қалғанда елегізіп іздегенін жоққа шығара алмас.

Кино • 27 Шілде, 2023

Көкпаршы қыз туралы фильм

Қазақстанда көкпаршы қыз Ева Жигалина жайында «Ева. Батыр қыз» атты деректі фильм түсірілді. Бұл – бала кезінен сайын дала төсінде желмен жарысып, табиғаттан ескен еркіндікке еркелеп өскен табанды қыздың жаны қалаған сүйікті ісімен айналысу хақы үшін күресі туралы оқиға.

Бизнес • 24 Шілде, 2023

Кәсіпкер және жеңілдетілген қаржыландыру

KMF компаниясы «Даму» қорымен бірлесе отырып бизнес үшін жеңіл­детілген микроқаржыландыру бағдарламасы шең­бе­рін­де кәсіп­керлерге несие ұсынады. Микро, шағын және орта кәсіп иелері 27% (ЖТСМ 30,5%-ға дейін) мөлшерлеме бойынша қар­жы­лан­ды­ру­­ға ие болып, қаражатты айналым капиталын толық­ты­руға немесе өн­дірісті жаңғыртуға бағыттай алады. Оны рәсімдеу үшін көп құ­жат талап етілмейді.

Қоғам • 23 Шілде, 2023

«Қабыл алмау әдебі» қалай қалыптасады?

Қонаев қаласында жоспарланған Григорий Лепстің концертіне байланысты туындаған қоғам қарсылығы қазақ елінде енді қылаң беріп келе жатқан «қабыл алмау әдебі» деп аталатын жаңа құбылысты қалыптастыра бастағанын байқатты. Адамзатты бейбітшілік пен бірлікке алдымен үндеуге тиіс өнер өкілдері десек, Ресей әншісінің Украинаға қатысты астамшылықпен айтқан бір ауыз сөзі басына таяқ болып тиіп, әлеуметтік желінің бетін жайпап өткен қоғамдық пікірдің жойқын күші ақыры оны қазақ сахнасында ән айту құқынан айырып, ел шетіне аяғын бастырмай, қуып тас­тады. Жүрген жері лаң Лепс ендігіде абайлап сөйлеп, аяқты аңдап басу керегін көкейіне түйіп кеткен болар.

Көрме • 17 Шілде, 2023

Азаттық мұратына адал коллекционерлер

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Астананың «Экзотика» арт-галереясы бірлесе отырып, Клара және Дана Исабаевалардың жеке коллекциясынан алынған «Тәуелсіздік бейнелері» атты көрмесін ұсынды. Көрмеге қойылған топтама ХХ ғасырдың 90-жылдары және 2000 жылдардың басында жаңа идеямен жазылған бірегей туындыларды қамтиды.

Кино • 16 Шілде, 2023

«Қыз Жібек» қайта түсіріле ме?

«Қыз Жібек» қайта түсірілетін болыпты. Қазақ кинематографиясының классикасы саналатын санаға сіңген тарихи туындыға жаңа уақыт талабына лайықтап жасау үрдісі қазақ қоғамын енді дүрліктіріп жатқаны болмаса, бұл бұрыннан бар әлемдік тәжірибе. Кинода мұның мың мысалы болмаса да, миллиондарды тәнті еткен танымал фильмдердің жүздеген нұсқасы қайта түсірілген. Халықтың жаппай махаббатына бөленген сүйікті фильмін жаңалап түсіру жобасын «ремейк» деп атап, режиссерлер бұл үрдісті көштен қалдырмай, жаңғыртып келеді.

Театр • 11 Шілде, 2023

Дара бишілеріміз – Үлкен театрда

Ресейдің Үлкен театрының тарихи сахнасында «Benois de la Danse» халықаралық балет фестивалі аяқталды. Халықаралық маңызы бар мәдени шарада Абай атындағы ұлттық опера және балет театрының жетекші балет солистері Малика Елшібаева мен Богдан Вербовой айтулы балет фестивалі сыйлығының дипломанттары атанды.

Театр • 03 Шілде, 2023

Жаңарған «Жизель»

Адольф Аданның «Жизель» балеті – әлем сахнасының жауһарына айналған ең көп орындалатын туындының бірі. Романтизм дәуіріндегі балет шығармашылығының шыңы. Екі жүз жылға жуық театрлардың репертуарын безендірген әлемдік хореографияның інжу-маржаны. «Жизель» балетінің сахналануына Генрих Гейне қағазға түсірген көне вилисалар туралы аңыз-әңгіме арқау болды.