Қоғам • 19 Қазан, 2023
Продюсер деген кім? Қазақстанда продюсерлік қызмет дамыған ба? Продюсер немен айналысады? Постпродакшн деген не? Қазақстан кинотеатрларына дайын фильмді қалай көрсетуге болады? Ұлттық кинода не бар және не жетпейді?
Театр • 15 Қазан, 2023
Шығармашылық дәстүрде қалыпқа түскен ескі дағдыны бұзып, қаңқасынан жаңа дүние жасап шығаруға әрекеттену – еркін ойлы бүлікшілерге тән мінез. Адамның арман-аңсарын жаныштап, шірітіп, шектеу мен тұйықтыққа апарып тірейтін қоғамның тұлға дамуын үнемі тежеп отыратынына келісе алмайтын бүлікшіл өзінің де, өзгенің де жеке шекарасын кеңейту арқылы сол қысымнан құтқарғысы келеді. Тар қапасты, ескі ереженің бәрін талқандап, тың тақырып тапқысы келгендегі мақсаты сол.
Руханият • 15 Қазан, 2023
Әдебиеттанудың қаһарманына тағзым
Әдебиеттануда елеулі мектеп қалыптастырған біртуар ғалым, белгілі ұстаз Бейсембай Кенжебайұлы – ұлт руханиятының биік тұғырынан орын алатын тұлға. Ұлт мұратын өмірлік ұстанымы етіп, қазақтың әдебиеттану ғылымына қиын кезеңде қасқайып қызмет еткен профессордың ғылым кеңістігіндегі орны уақытпен бірге биіктеп, асқақ тартып келеді. Аяулы ғалым тәрбиелеген шәкірттерінің өнерге адалдығы, артында қалған байтақ мұрасының өміршеңдігі, өнегелі өмір жолын баяндаған естеліктер мен еңбектердің жарыққа шығып, оған деген құрметті оята түсуі күрескер ғалым есімінің ешқашан көмескі тартпайтынын көрсетсе керек. Күні кеше Алматы тұрғындары көрнекті ғалым атын ардақтаудың тағы бір жарқын көрінісіне куә болды. Ғалымның өзі 25 жыл тұрған М.Төлебаев көшесіндегі №154 үйдің қабырғасына тағзым-тақта орнатылды.
Мәдениет • 12 Қазан, 2023
Жақында Алматыда «Кеше, бүгін, ертең: түркі мәдениетінің сәулет және көркем ескерткіштері» атты жалпы атаумен бірнеше халықаралық жобаның тұсаукесер рәсімі өтіп, ол руханият өрісінің кеңеюінде маңызы бар игілікті бастама ретінде зиялылар ортасында қолдау тапты. Еліміздің ұлттық дәстүрін сақтау және ілгерілету ісіне өз үлесін қосу мақсатын көздеген ауқымды іс-шара белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменовтің қолдауымен ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығында өтті.
Руханият • 06 Қазан, 2023
«Өнеріміз саған – Қазақстан» республикалық фестивалі өтеді
Алда келе жатқан Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты республикалық фестиваль өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 05 Қазан, 2023
Өмірін ұлттық мүддеге арнаған көрнекті ғалым, күрескер жазушы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетханның 80 жылдығына орай өткен «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстанның жаңа тарихи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өнегелі өмір иесінің өз басынан ғана емес, жалпы тарих арнасының тағылымды тұстарын тарқатқан мазмұнымен ерекше сипатта өтті.
Қоғам • 04 Қазан, 2023
Шытырман хикаялы проза жанрында қалам тартқан жазушылардың арасында шоқтығы биік тұлғалардың бірі, журналист, қоғам қайраткері Кемел Тоқаев – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Екінші дүниежүзілік соғыстан орала сала, С.Киров атындағы университеттің тарих-филология факультетінің журналистика бөлімінде білім алды. Жазушылық кәсібінің әліппесін университетте жүріп үйренді. Ел руханиятының асыл қазынасын толықтыру жолында талмай қызмет еткен қаламы жүйрік жазушының 100 жылдық мерейтойы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кемел Тоқаев аудиториясы ашылды.
Көрме • 03 Қазан, 2023
Өзіне ғана аян қараңғы түнек ішінде тіршілік кешіп жүрген адамның ішкі дүниесі сыртқы дүниені қалай қабылдайтынын, жарық сәулені жүрекпен танудың ерекше жұмбағын «Мен жүрегіммен көремін» атты бірегей көрмені тамашалағандар шын түсінді. Қарапайым адам ақпараттың 80 пайызын көру арқылы қабылдайды. Ал ерекше дамыған сезімі мен түйсігіне ғана арқа сүйеген зағип жандардың да өз шуақты күндері, шұғылалы әлемі бар екеніне осы көрме куә. Қараңғылық оларды сыртқы әлемнен айырып, өздерінің ішкі әлемін түйсінуге мүмкіндік береді. Оларды алаңдататын артық еш нәрсе жоқ. Мұны өзіңнің жан дүниеңе саяхаттау деп атауға да болады.
Әдебиет • 03 Қазан, 2023
Туған әдебиетіміздің көркемдік көкжиегін кеңейткен, ұлт руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып, тақырыптық ауқымын жаңа өрістерге алып шыққан көркемсөз өнерінің айтулы тұлғасы Кемел Тоқаевтың ғасырлық мерейтойына орай Алматыдағы Достық үйінде өткен «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ел көлемінде ұйымдастырылған игілікті шаралардың шырқау тұсы болды.
Өнер • 01 Қазан, 2023
Суреткер Алатау биігінен көз салады...
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең ірі өкілдерінің бірі, сырлы суреткер, өр Алтайдың Кербұғысы, асқақ жыршысы атанған Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай өзі өмір сүріп, жастық шағы өткен, азамат болып қалыптасып, әдебиетке қалтқысыз қызмет еткен Алматы қаласында бірқатар айтулы іс-шаралар шеруі өтті.