Сұхбат • 29 Шілде, 2021
Қазақтың музыка өнері тірі тұрғанда, әкемнің аты өшпейді - Найля Рахмадиева
КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің қызы, А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрының режиссері Найля Рахмадиевамен сұхбат.
Қоғам • 24 Маусым, 2021
Алматыдағы Президент архивінде ТМД елдері жас архившілерінің IV Жазғы мектебінің ашылуы өткізіліп, жұмысын бастады. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп, тарихты сақтаушыларға халықаралық білім беру жобасын ұйымдастыруды бастаған болатын. Дәстүрге айналған жастар форумы биыл бірінші рет бейнеконференциялық байланыс түрінде өткізілуде.
Сұхбат • 11 Маусым, 2021
Еркебұлан Дайыров: Өнер деген – өмірді тану
– Еркебұлан, жауырыны жерге тимеген, Алашқа ән оздырған атақты Балуан Шолақтың рөлі үшін 10 килодан артық салмақ қосқаныңызды білетін едік, сымға тартқандай ендігі сымбатыңыз едәуір сылынып түскеніңізді байқатады.
Сұхбат • 06 Маусым, 2021
Мемлекет басшысының тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру тапсырмасына орай Қазақстан Республикасы Президенті Архиві ілгеріден жүргізіп келе жатқан іргелі зерттеулерін ірі жобалар төңірегіне жүйелеген еді. Өйткені осы тақырып төңірегіндегі ең маңызды тарихи деректер мен құжаттардың мол қоры нақ осы Архив сөресінде сақтаулы. Ашаршылық тақырыбымен ұзақ жылдардан бері айналысып келе жатқан Архивтің бас сарапшысы Айнаш СЕЙСЕНБАЕВАНЫҢ да бұл тарапта оқырманмен бөлісер жаңалығы жетерлік.
Руханият • 22 Мамыр, 2021
Алматыда «Телқожа Жанұзақ және онамастика мәселелері» атты жиын өтті
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Телқожа Жанұзақов және онамастика мәселелері» атты жиын өтіп, қазақ онамастикасының негізін қалаған белгілі ғалымның бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
Руханият • 17 Мамыр, 2021
Сыр мен жырға толы тұлғалар музейі
Музей – тарихи жады мен өткен дәуірдің мұрасын сенімді сақтайтын мемлекеттік маңызы зор мәдени мекеме. Білім көкжиегін кеңейтіп, танымды арттырып, әсемдікпен байланыстыратын музей атаулы адамның әлем мен уақытқа қатысы барын сезіндіретін айрықша қуатқа ие. Уақыт озған сайын маңызының арта түсетіні де сондықтан.
Өнер • 12 Мамыр, 2021
Ұлттық театр өнерінің негізін қалаған үркердей топтың ішіндегі үлкен өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Серке Қожамқұловтың 125 жылдық мерейтойы жарты ғасырдан астам өзі еңбек еткен М.Әуезов атындағы драма театрынан бастау алды.
Сұхбат • 07 Мамыр, 2021
Юрий Аравин: Қазақтың күйін тұлпар тұяғы тудырған
Қазақ даласын жаяу аралап, ұлттың музыкалық мұрасын жинақтап, қолына түскен жалқы ән, жалғыз күйді де тастамай, зерттеп-зерделеп, ғылыми негізін жасаған Александр Затаевичтің еңбегін білгенімізбен, кейінгі ұрпақ оны көрген жоқ. Біз білетін Затаевич – Юрий Аравин. Қазақтың дәстүрлі музыкасының тарихын зерттеген белгілі ғалым, музыкатанушы профессор, кәсіби қызметі ақындықпен, композиторлықпен, тележүргізушілікпен, дәріс оқумен жан-жақты дамыған көпқырлы әмбебап адам. «Музей звуков», «Малая антология казахской музыки», «Степное созвездие» сияқты авторлық бағдарламалары арқылы ұлттық музыкамызды орыс тілінде талмай насихаттап келе жатқан талантты зерттеуші өнерімізге ғана емес, қазақтың өзіне де жақын.
Кино • 30 Сәуір, 2021
Алматыда жаңа бағыттағы Медиа және кино мектебі ашылады
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Алматы Менеджмент Университетінің бірлескен құрылтайшылығымен Алматыда жаңа форматтағы Медиа және кино мектебі (Media & Film School) ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Кино • 29 Сәуір, 2021
Қазақ киносының тарихына үңілсек, орыс империализмінен пайда болған интернационализм кеңестік идеологияның алтын діңгегіне айналған уақытта әдебиет пен өнер дәріптеген ұлттар арасындағы достық тақырыбы ақ-қара түсті экранның ажырамас бір бөлігі болды. Қуатты идеологияның ең мықты қаруының бірі кино «өнердің ішіндегі ең маңыздысы» болғандықтан ынтымақ пен бірлік тақырыбы қоғам үшін маңызды әрі қажетті құбылыс саналып, басты құндылық осы идеяның қазығына байланды.